Тіл дамыту Үй жануарлары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Семей қаласы.Талица ауылы. Талицы жалпы негізгі білім беретін мектебі. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Галиева Эльвира Мухаметжарқызы. Тақырыбы:Үй жануарлары

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы:Үй жануарлары
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру
Дамытушылық:Тақпақ,сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік:Үй жануарларын күтіп-баптауға,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістемелік әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,психологиялық ойын жаттығулар.
Көрнекіліктер:төрт түлік малжәне олардың төлдерінің суреттері,жұмбақтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті.
Жылулық шеңбері.
Амансың ба,Көк аспан!
Амансыңба,Алтын күн!
Амансың ба,Жер Ана!
Амансың ба,достарым!
--Балалар,біз бүгінгі сабағымызда үй жануарларымен және олардың төлдерімен танысамыз.
-Балалар,қараңдаршы мына суретте нелер бейнеленген?Кәне,кім айтады?
-Сиыр,жылқы,түйе,қой,ешкі.
-Бір сөзбен бұларды қандай жануарлар деп атаймыз?Неге?
-Үй жануарлары деп атаймыз.Себебі,оларды үйде бағамыз.
-Ал,балалар мен сендерге ең алдымен сұрақ қояйын,жауап беріңдерші.
-Біз шәйіміз дәмді болу үшін не қосамыз?
-Қант,сүт,қосамыз.
-Сендер сүт,қаймақ,айранды жақсы көресіңдер ме?
-Оларды қайдан аламыз? (Балалардыңжауабы тыңдалады).
-Міне, балалар үй жануарларының бірі сиыр екен,ол бізге сүт береді,қаймақ жасалады,айран ұйытамыз,ірімшік,құрт,ал еті тамақ болады екен.
-Сиырдың төлін не деп атаймыз?
-Бұзау.
-Бұзау туралы кім тақпақ біледі?
Айгерім: Әукім-әукім әукешім!
Қасиыншы әукесін
Енең әне келеді
Ақ мамасын береді.
-Ал сиырды қалай шақырамыз?
-Аухау-аухау деп шақырамыз.
-Сиыр қалай мөңірейді,мө-ө-ө!
-Сиыр туралы тағы не білесіңдер?
-Сиыр өрісте жайылады.Құнарлы шөп жейді,су ішеді.Оны бақташы бағады.
-Балалар,сендер сиыр туралы біледі екенсіңдер.Енді жылқы туралы не білесіңдер?
-Жылқыны халқымыз мінсе көлік ретінде,жұмыс істеу үшін пайдаланған. Жылқы
малымен әр түрлі ұлттық ойындар мысалы:қыз қуу,көкпар,бәйге ұйымдастырыл -ған.Оның сүті-қымыз,еті тамақ.Қымызы денсаулыққа пайдалы.
-Жылқының төлін не дейміз?
-Құлын.
-Құлын туралы кім тақпақ айтады?
Әкежан: Құлыншағым,құндызым,
Құлдырайды,шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
-Жылқыны қалай шақырамыз?
-Құрау-құрау.
-Енді балалар,сиыр,жылқы малына қарағанда түйенің дене құрлысы ерекше.Оның жотасында не бар?
-Екі өркеші бар.
-Өркештері неге ұқсайды?
-Тауға.
Түйенің сүтін шұбат дейміз.Оның жүні өте пайдалы.Одан көрпе жасайды.Көрпесі жылы болады.
-Түйенің төлін недейді?
-Бота.
-Түйе туралы кім тақпақ айтады?
Еңілік: Ең зор түлік-түйемін.
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң,сүтім шұбат.
Дертке дауа,жанға қуат.
-Түйені қалай шақырамыз?
-Көс-көс.
Ойын: «Не жоқ?»(Жоқ жануарлардың атын атау)
-Ал,ендігі әңгімемізді қой туралы айтпақпыз.
-Қойдың пайдасы көп.Етін жейміз,сүтін ішеміз,жүнінен носки тоқимыз,көрпе жасаймыз.Қойды бағатын адамды «қойшы»дейді.
-Ал,қойдың төлін не дейді?
-Қозы.
-Қой туралы кім тақпақ айтады?

Сабина: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам көз тоймайды.
-Қойды қалай шақырады?
-Пұшайт-пұшайт.

Сергіту сәті: Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
-Енді балалар,біз ешкі туралы айтамыз.
-Ешкінің де қой сияқты пайдасы көп.Оның сүтін ішеміз,жүнін пайдаланамыз. Ешкінің түбітінен шәлі тоқимыз.
-Ал,ешкінің төлін не дейді?
-Лақ.
-Лақ туралы кім тақпақ айтады?

Арайлым: Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым!
Секектеме,деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
-Ешкіні қалай шақырады?
-Шөре-шөре.
-Сиыр,жылқы,түйе,қой,ешкі алғашқы кезде төлдерін қалай қоректендіреді?
-Сүтімен.
-Төрт баланы тақтаға шақырып,төрт түліктің ролін таңдап алуын айтамын.
-Құлын,бүгін сен қайда ойнадың? (Кең далада).
-Бұзау,сен қайда бардың? (Енеме).
-Лақ сен қайда бардың? (Тау-тасқа).
-Бота,сен қайда бардың? (Енеме).

Сабақты қорытындылау:
Ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап».
Ойын: «Үй жануарлары мен жабай аңдар».
-Үй жануарлары бізге не береді?
-Неге үй жануарлары деп атаймыз?
Сабақ соңында жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

© 2010-2022