Баяндама: Сәби тілін дамыту жолдары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 21 «Ақбота» балабақшасы



Баяндама: Сәби тілін дамыту жолдары




БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Сәби тілін дамыту жолдары»



Дайындаған:

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ж.Б. Сүлейменова














Тақырыбы: «Сәби тілін дамыту жолдары»

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден - бір жолы - өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру - балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.

Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Ең тиімді әдістерінің бірі «Ойлап табу теориясының шешімінің міндеттері» әдістемесі. Бұл әдістеме бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, ойын толық айтуы тиіс.

ОТТШМ - балалардың логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, оларды зейін қоюға үйретеді.

ОТТШМ - ұраны - «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.

ОТТШМ технологиясы бойынша «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.

Мысалы: "Ой шабуылы".

«Егерде ... , не болады?»

«... адамдар құстар сияқты ұшып үйренеді».

«... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды».

«... барлық ертегі кейіпкерлері тіріледі».

«... су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады». Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.

«Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне

байланысты болады.

Ойын:«Керісінше»(доппен ойнайды).
Мұғалім балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама - қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады (жақсы - жаман, құру - бұзу, кіру - шығу...,).
Мұғалім балалардан керісінше сөйлеуді сұрайды. Мен "кішкентай" деймін, балалар "жоқ, үлкен" - деп жауап қайтарады. (Жуан - жіңішке, қара - ақ, кәрі - жас, жеңіл - ауыр, жылы - ..., ұзын - ...).
Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол

сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазіргі заман талабы - жаңа ақпараттық және оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Қазақ тілі пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып,балалардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.

1.Қазақ тілі сабағында қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.

2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.

3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.

4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.

Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.

Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.Ойын дегеніміз не? Ойындар, жаттығулар баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, бақылауға, зейін қоюға, білуге құмарлығын арттырады.

Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Сенсорикалық, дидактикалық, дамыту ойындарын көп қолданамын.Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.Тіл үйренуде ең басты міндет -балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:Түсіндіру әдіс - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдіс - Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .

Орыс тілді балаларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету барысында біздің мекемеде «Болашақ» үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірмеге өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысады. Үйірменің мақсаты: халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілдерін дамыту, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.

"Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі",- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл үдерісті де тәуелсіздіктің жемісі деп білеміз.









© 2010-2022