Шарларға арналған жіптер. сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Б. Ахмет «Гүлдер»шағын орталығының педагог-тәрбиешісі Ә.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп

Шарларға арналған жіптер

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: Сурет (фломастерлермен)

Тақырып: «Шарларға арналған жіптер»

Мақсаты: «Фломастер» туралы түсінікті бекіту. Фломастердің қасиетімен таныстыру: парақ қағазда із қалдырады. Балаларды фломастерді дұрыс ұстауға, оны қағазда жылжыта отырып тігінен немесе ирек із қалдыруға үйрету. Жұмыста нәрселерді бояуды аяқтау әдісін пайдалану. Таныс түстермен білімдерін бекіту: қызыл, жасыл, көк, сары. Тосын сый жасау арқылы балалардың көңіл - күйлерін көтеру.

Сөздік жұмыс: фломастер, сурет салу, ауа шарлары, жіптер

Қолданылатын құралдар: фламастерлер,сурет дәптер,жіптер, ауа шарлары.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Қызығушылық-

түрткі болу

Балалар, «жылулық шеңбер» жасайық. (қимылмен көрсетеді)

Бақта өскен бақ-бақ,

Басы неге аппақ?

Өзі шарға ұқсайды

Шар боп неге ұшпайды.

Жіпке тізілген әр түрлі шарларды әкеледі.

Ауа шарларын көрсетіп, олардың формасы мен түстерін анықтайды.

Балалар тәрбиешінің іс - әрекетін бақылайды

Жылулық шеңберін қимылмен қайталайды.

Шарларды көріп, тәрбиешіден кейін жаңа сөздерді қайталайды

Ұйымдастырылған - ізденушілік

Балаларға сурет салуға арналған үлгіні көрсетеді, суретте шарлардың жібі жоқ, олар ұшып кетуі мүмкін екендігін айтады.

Әрбір шарға жіптің суретін салуды ұсынады

Фломастер-түрлі түсті сиялар,бояулар.

Фломастерді көрсетеді, фломастер - сурет салатынын айтады.

Шардың төменгі жағынан ирек, тік із жасап, шарларға қалай жіп жасауды көрсетеді.

Әрқайсысының фломастерді қолына алуын ұсынады. Фломастерді дұрыс ұстауды үйретеді, көрсетеді.

Балаларға қағазда «сурет салуды» ұсынады. Қиындық туған балаларға көмектеседі.

Балалар тыңдап, тәрбиешінің іс - әрекетін бақылайды

Балалар тыңдап, орындайды.

Тәрбиешімен бірге фломастер - сурет салады деп қайталау.

Балалар тәрбиешінің іс - әрекетін бақылайды, ауада «жоғарыдан - төмен» қимыл жасайды.

Тәрбиешінің көмегімен фломастерді алады. өз бетімен немесе тәрбиешінің көмегімен сурет салады.

Рефлексивті - түзету

Балаларға сұрақ қояды:

Бұл не?- ауа шарлары

Шарлардың формасы қандай? - дөңгелек

Ауа шарларының түстері қандай? - жасыл, көк, қызыл, сары. .

Балалардың жұмыстары үшін мадақтайды

Сұрақтардың жауаптарын тәрбиешіден кейін қайталайды.

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Ауа шарларының формасы мен түсін

Меңгереді: Фломастер қағазда із қалдыратыны - сурет салатындығы

туралы түсінік

Жасай алады: Фломастерді қағаз бетінде шардан төмен тік және ирек

сызық сала отырып жылжыту .



© 2010-2022