Жаңа үлгідегі танымал ертегілер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңа үлгідегі танымал ертегілер»



Құрастырушы автор: Абилова Орынгуль Асылбековна

Ертегіші. Асып теңіз-тауларды, жүрсең алыс жолдарда

Ғажайыптар көп екен жасыл-желек орманда

Күн төбелі үйшікте көрікті қыз тұрады,

Кішкентай ғана болса да, өзі батыл болғанда.

Орманда оны барлығы Қызыл Телпек атаған,

Мейірімді болған соң, оны бәрі мақтаған.

Ертегіші. Серуенге шықты қыз, басында қызыл телпегі,

Міне, осылай ғажайып басталады ертегі

Қызыл телпек. Армысың, алтын аспан! Армысың ашық аспан!

Армысың, орманым, ғажайып сырға толған!

Қоян. Ор қоянмын, емеспін бірақ тентек,

Сәлем, сәлем саған Қызыл Телпек!

Ән салады: Бірге билеп көңілді секірейік, секірейік, секірейік!

Ән салайық, көңілді көтерейік, көтерейік, көтерейік!

Қызыл телпек. Таңмен билеп тұратын,

Болмас ешкім, шырағым!

Жолға шығайын.

Әжемнің біліп жағдайын

Қарап келейін тұрағын.

Қоян. Жарайды, мен өз жолымды табайын.

Қызыл телпек әжесіне бару үшін жолға шықты, ал оған қарсы Түлкі кездеседі.

Түлкі: Мен айлакер түлкімін, атақты

Қолымда бар конфет, тоқаш, бар тәтті.

Бар тәттімді сатамын,

Мен сіздерді демеңіздер: «алдап тұр».

Қызыл телпек кіреді де түлкімен тілдеседі:

Түлкі. Қызыл телпек, сұлуым, құрбым!

Сені көргеніме қуанып тұрмын.

Қызыл телпек. Түлкіжан, қутыңдаудың қажеті жоқ маған

Сұлу Түлкі деп сүйсініп жүр қасқыр саған.

Түлкі. Ах, қасқырды айтпашы маған қайдағы,

Ол жаман, қылығы жоқ пайдалы!

Түлкі кетеді де, Қасқыр келеді.

Қасқыр. Орманды шарлап келемін,

Бірде-бір аңды көрмедім.

Бұл не мазақ! Бұл не жаза!

Қарыным аш, шөлдедім.

Түлкі шығады.

Түлкі. Не болды саған достым?

Ұлып неге бостың?

Қасқыр. Болса да жаным жаралы.

Ұлымай ән салады.

Аш болғандықтан

Өзегім талады.

Түлкі. Қасеке, ыңырсуды қойсаңшы,

Менен тәтті салып алсаңшы.

Қасқыр. Мен сенің тауарларыңды тегін берсең де алмас едім. Ет емес, тәтті же дейсің бе?! Сен, мені әлі білмейсің бе?

Түлкі. Ой, сұр қасқыр! Дат, тақсыр!

Егер сен шыдап, маған салсаң құлақ.

Иісі мұрын жарған бәліш жер едің?!

Қызыл Телпекті кездестірдім жолдан,

Сен де тездет, жолда ғой олжаң.

Қасқыр. Қарындасым, ақылдым, Түлкіжан, айналайын.

Мен тездетіп, Қызыл телпектің алдын алайын.

Түлкі. Қой мен әрі қарай саудамды жасап келейін.

Музыка ойналып, ортаға Қызыл Телпек шығады.

Алдынан сымбатты костюм, қалпақ киген, қолында әдемі таяқшасы бар Қасқыр кездеседі ("Серый Волк энд Красная Шапочка" м\ф фонограмма ойналады)

Қасқыр:

Сәлем! О, пардон, бон жур-р-р, сүйкімді балақай! Сен қайда бара жатырсың?

Қызыл телпек:

Сәлеметсіз бе? Қасқыр мырза! Анам қасқырмен тілдесуге қатаң тиым салған. Сондықтан мен саған өзімнің әжеме, қалін сұрап, дәмді бәліш алып бара жатқанымды айтпаймын…Ой! (Аузын қолымен жабады).

Қасқыр:

Ха-ха-ха! Жә, жә, алаңдаудың қажеті жоқ, балақай! Мені сенің әжең қызықтырмайды! Ал бәлішің неден жасалған?

Қызыл Телпек:

Ірімшікпен ….ой! (қысылып, үндемей қалады)

Қасқыр:

Ой, әжең қалай қуанады десеңші! Жарайды, бар, жолың болсын. Мынау ең қысқа жол, осы жолмен ешқайда бұрылмай жүре бер. Әжеңе сәлем айт! (байқатпай жол бағытының көрсеткішін алмастырып қояды да, өзі екінші жолымен жүгіріп кетеді).

Ертегіші:

Айлакер қасқыр ең қысқа жолмен жүгіре жөнелді, ал Қызыл телпек ең ұзақ жолға түсті. Ол жол бойында гүл теріп, көңілді ән салып келеді.

Қызыл телпектің қарсы алдынан сиқырлы ханшайым шығады.

Қызыл телпек:

Қайырлы күн, сіз кімсіз?

Ханшайым: Мен мейірімді, нәзік тіршілік әлеміне көмекке келетін сиқырлы ханшайыммын.

Қызыл телпек:

Мен Қызыл Телпекпін, әжеме қонаққа бара жатырмын. Менімен бірге жүріңіз, әжем қуанып қалар еді.

Ханшайым:

Жарайды, мынау ең қысқа жол.

Қызыл Телпек:

Бірақ... Сұр Қасқыр, бұл қысқа жол емес деп, мені мына жолмен жіберген еді.

Ханшайым:

Қасқырға сенуге болмайды, ол қатігез, әрі қу, бірақ біз оның алдын алайық.

Ертегіші:

Қызыл телпек Ханшайыммен бірге әрі қарай жолға шықты. Кенеттен біреудің жылаған дауысын естиді. Бұл кішкентай лақ еді.

Лақ:

Мен анамнан адасып қалдым…

Қызыл телпек:

Сен жылама! Біз қазір бірігіп ән саламыз, сенің анаң бізді дауысымызды естіп, сені тауып алады.

Ортаға Ешкі шығады: Айналайын лағым,

Қайдасың шырағым?

Ешкі:

Сенің табылғаның қандай бақыт! Рахмет сендерге, достарым!

Қызыл телпек:

Біз менің әжеме қонаққа бара жатырмыз. Бізбен бірге жүріңіз.

Ертегіші:

Барлығы көтеріңкі көңіл күймен жолға шықты. Алдарынан үйшік көрінді. Үйшіктің алдына шығып әжей қонақтарды қарсы алды.

Қызыл телпек:

Сәлеметсіз бе, әжетай! Анам сізге дәмді бәліш беріп жіберді. Ал мынау менің достарым. Олар маған жол көрсетіп көмек берді.

Әже: Қош келдіңдер, қымбатты қонақтар! Үйге кіріңдер!

Ертегіші:

Ал қасқыр қайда? Ах, міне өзі де келе жатыр. Ол ұзын жол бойымен ұзақ жүгірді.

Қасқыр (үйшіктің есігін соғып, дөрекі даусымен сөйлейді):

Әжетай, есікті аш, бұл менмін, сенің немерең- Қызыл Телпекпін!

Қызыл телпек: Мен осындамын, Қасқыр мырза!

Қасқыр: Бұл не деген қырсық! (Әрі-бері жүріп, ойланады). Тук-тук!

Әже: Бұл кім?

Қасқыр (әрі-бері жүріп, ойланады):

Таптым! Ән салады "Дин-дон, мен сендердің аналарыңмын! Мен сендердің аналарыңмын, міне менің үйім!

Ешкі: "Мама" к\ф-нен ешкінің әнін орындайды.

Қасқыр:

Ах, солай ма! Демек, бәрің осы жердесіңдер. Мен қазір бәріңді де жеймін! Бәлем! Ән де, би де осымен бітті!

Ешкі: Жо-жоқ, Қасқырдың дегені бола қоймас!

Бірігіп достар, Көңілді ән сал! Музыка!

Барлығы "Бременские музыканты" к\ф-нен ән орындайды.

Қасқыр жабырқап ұлып, жылайды:

У-у-у! Мен жалғызбын! Мені ешкім жақсы көрмейді. Мені ешкім түсінбейді…. У-у-у … ешкім де менімен дос болғысы келмейді.

Әже:

Ұятың бар ма, қасқыр? Сен менің достарымды ренжіттің. Олардан кешірім сұра!

Қасқыр:

Кешіріңдерші мені, мен енді ешкімді де ренжітпеймін! Ал өзімнен кішілерді қорғап жүретін боламын!

Барлығы: Жарайды, біз сені кешіреміз.

Қасқыр қызыл телпекке қарап:

Мадам, сізді биге шақыруға рұқсат етіңіз!

Қасқыр мен қызыл телпек танго биін билейді. Би аяқталысымен барлық әртістер қол ұстасып, ортаға шығады.

Ертегіші: Осылайша ертегі көңілді аяқталды. Әртістер бас иеді.

© 2010-2022