Қоршаған ортамен таныстыру 0 класс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: таным

Білім көздері: қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Саңырауқұлақ»

Мақсаты: Саңырауқұлақ туралы білімдерін бекіту

Білімділік: саңырақұлақтың түрлерімен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету

Дамытушылық: саңырауқұлақ туралы білімдерін кеңейте отырып, ойлау қабілттерін дамыту

Тәрбиелік: орман сыйларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: қозықұйрық, шыбынжұт, ақ саңырауқұлақ, қатпарлы саңырауқұлақ, арышқұлақ

Күтілетін нәтиже: жаңа сабақты игеру, саңырауқұлақтарды түріне қарай ажырата білу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Балаларды қолдарынан ұстатып үлкен жылулық шеңберін жасату. Ортаға сиқырлы қорапша келеді. Өз қалпағын жасынан, Тастамайды басынан. - Балалар, бұл жұмбақтың шешімін кім табар екен? Ішінен саңырауқұлақ шығады. Бірақ балалар бұл саңырауқұлақтың атауын білмейді. Балалардың қызығушылығын оятып жаңа тақырыпты бастаймыз

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Сиқырлы қорапша келген соң, жасырылған жұмбақтың шешімін тауып көреді

Негізгі бөлім

-Балалар, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Бүгін саңырауқұлақтар жайлы айтады екенбіз.

-Саңырауқұлақтардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Оларды қайдан кездестіруге болады?

-Саңырауқұлақтардың қалай өсетінін білесіңдер ме?

-Жер астында саңырауқұлақтың жіп тәрізді жіңішке тармақшалары болады. Сол тармақшалардан саңырауқұлақтар өсіп шығады. Сендер қандай саңырауқұлақ түрлерін білесіңдер? Ендеше саңырауқұлақтармен танысайық!

Наурыз, сәуір айында өсетін мына саңырауқұлақ ақ саңырауқұлақ деп аталады. Оған ұқсас бірақ сопақша келген қозықұйрық. Ал денесін қатпар басқан қатпарлы саңырауқұлақ. Шырша мен қарағайдың түбінде, қараңғы орманда өсетін арышқұлақ.

-Балалар, саңырауқұлақтардың барлығын жеуге бола ма? Жоқ әрине. Ең қауіпті улы саңырауқұлақ ол-сасық саңырауқұлақ. Оның қалпағы шар тәріздес, денесі бозғылт (суретін көрсету). Ал шыбынжұтты басқа саңырауқұлақпен шатастыру мүмкін емес. Оның қалпағы ақ, бетінде қызыл ұсақ дөңгелектері бар, ортасында қысқа етікше киіп алғандай сақинасы бар. Бұл балалар жеуге болмайтын саңырауқұлақтар.

-Кәне, балалар, саңырауқұлақтарды теру ережесін еске түсірейік.

  • Өзіңе таныс саңырауқұлақтарды ғана жинау керек

  • Саңырауқұлақтың тармақшасына зиян келтірмейтіндей етіп пышақпен кесіп ал

  • Улы саңырауқұлақтарға жолама.

Балалар қойылған сұрақарға жауап беріп отырады

Сергіту сәті

Жайқалады ақбидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын

Қолдарын көтеріп тербеліп тұрады, бастарын иеді, қолдарын алға созып трактор мен комбайн жүргізген сияқты бейнелейді

Дидактикалық ойын

«Сен білесің бе?» Мақсаты: балалардың саңырауқұақтар туралы білімдерін бекіту, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Шарты: орманда себетін ұстап тиын келе жатыр. Ол байқаусызда улы саңырауқұлақтарды да теріп алған секілді. Балалар саңырауқұлақтарды ажыратып, тиінге көмектесулері тиіс

Балалар тиынның қолындағы себетті алып, ондағы саңырауқұлақтарды екіге бөледі

Қорытынды

-Балалар, сонымен біз бүгін қандай орман сыйы жайлы айттық? -Орманға бара қалсақ саңырауқұлақтардың қайсысы улы, қайсысы жеуге жарамды екенін ажырата аламыз ба?

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді

Білуі тиіс: саңырауқұлақ, оның түрлері, олар қайда және қай уақытта өседі

Көрсете біледі:саңырауқұлақтарды ажырата біледі, қайсысы жеуге жарамды жарамсыз екенін таниды

© 2010-2022