Алтын күз отбасылық сайыс

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауданы

Үлкен Нарын ауылы

«Балбөбек» балалар бақшасы

Шегетаева А.Қ

«Балапан» тобының тәрбиешісі

Алтын күз

(отбасылық сайыс)

Мақсаты: Ата- аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Музыка ырғағымен қолдарына жапырақ ұстаған балалар залға кіріп, орындарына жайғасады.

1 Жүргізуші: Құрметті ата- аналар, бүлдіршіндеріміздің көргенді және тәрбиелі азамат болып өсуіне ықпал ету баршамыздың міндетіміз. Ата- ана мен балабақша арасында байланысты нығайта түсу мақсатында өздеріңізбен біріге отырып, ұйымдастырылған «Алтын күз» сайысын бастаймыз.

2 жүргізуші: Күз келсе сағынғаны қарашаны,

Ата- ана баласымен жарасады.

Қарсы алайық, келеді жанұялар,

Қызықтайық қыздырып тамашаны.

Ортаға сайысқа қатысушы ата- аналарды бүлдіршіндерімен бірге қол соғып құрметпен қарсы алайық.

1 Жүргізуші: Сайысқа қатысатын жанұяларды таныстырып алайық:

  1. Мейрханов Ислам- анасы Маржан

  2. Фархатқызы Айзере- анасы Эльмира

  3. Сабитова Зарина- анасы Айгуль

  4. Абаева Дана - анасы Дариға

2 Жүргізуші: Енді осы сайысты қадағалап, әділ бағасын беріп отыратын әділқазылармен таныстырайық:

Нургазиева Д.Н.

Кунанбаев С.Е.

Жоменкенова М.О.

1 Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын оның бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1 бөлім: «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (Өздерін таныстыру)

2 бөлім: «Шебердің қолы алтын» (Бұйымдарын қорғау)

3 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерін көрсету)

4 бөлім: «Күз сән үлгісі» (Бүлдіршіндермен бірге)

5 бөлім: «Менің әсем күзім» (Сурет салу, жапсыру)

2 Жүргізуші: Ендеше, сайыскерлеріміз дайындалғанша «Балапанның» өнерлерін тамашалаңыздар!

Вальс: Шапағат- Надия

Заңғар- Инкар

1 Жүргізуші: 1 бөлім. : «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл»

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жанұялар кезектесіп,

Таныстырып өтер дейміз.

2 Жүргізуші: Ән «Күз келгенде»

1 Жүргізуші: 2 бөлім «Шебердің қолы алтын» ( үй тапсырмасы бойынша әкелген бұйымдарын таныстыру)

2 Жүргізуші: Би «Латино»

1 Жүргізуші: 3 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерлерін көрсету)

2 Жүргізуші: Ән «Алтын күз»

1 Жүргізуші: 4 бөлім: «Күз сән үлгісі»

2 Жүргізуші: 5 бөлім: «Менің әсем күзім» (Берілген көрнекі құралдардан, табиғи материалдардан өз қиялдарындағы «күз көрінісін» құрастыру)

1 Жүргізуші: Балалар тақпақтары

Қуандырып біздерді, Қыстың жақын қалғанын,

Мерекелі күз келді. Жапырақтар білгендей.

Ай жапырақ сары алтын, Желмен ұшып барады,

Айналаның бәрі алтын. Жерге қонып үлгермей.

(Ясмина) (Ағын)

Мейірлі күз мырза күз, Қара бұлт қабағын түйеді,

Сыйлығыңа ырзамыз. Боталар боз қырау киеді.

Аппақ арай таңында, Осы ма, осы ма , күз деген,

Шомыламыз нұрға біз. Бақшаға баратын бізбенен.

(Жұлдыз) (Заңғар)

Көбейді құт береке, Алтын, сары, қызыл, көк,

Астық толы қоймамыз. Алуан- алуан жапырақ.

Құтты болсын мереке, Күзгі бақта күлімдеп,

Алтын күзді тойлаймыз. Көз тартады атырап.

(Инкар) (Надия)

Жетті желмен Алтын күз, Күзде дала жаурайды,

Жеміс жинау салтымыз. Көкте бұлттар аунайды.

Жиып теріп болған соң, Бұтағынан үзіліп,

Той жасайды халқымыз. Жапырақтар саулайды.

(Толғанай) (Р. Дильназ)

Көк аспаны мөлдіреп, Ой балалар , балалар,

Алтын күзім елжіреп. Қоңырқай күз болыпты.

Асыр салып жүре бер, Гүл жапырақ салыпты,

Сары көйлегің желбіреп. Ел егінін орыпты.

(Аяулым) (Т. Дильназ)

Құстар қайттты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

(Шапағат)



Жұмбақтар

  1. Алтын сары тоны бар

Қойыныңда дәні бар,

Не екенін тауып ал... (Бидай)

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пияз)

3.Үстіне тігіп дәу шатыр,

Астында қызғылт дән жатыр. (Қызылша)

4.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді апам бір күні. (Сәбіз)

  1. Аласы бар, жасылы бар көгі бар,

Ішің алсақ қара мөлдір дәні бар. (Қарбыз)

  1. Қос құлағы қалқайып,

Су ішкен сайын марқайып.

Күн ысыса тон жинайды,

Доп болғанда ел жинайды. (Қырыққабат)

Жеңімпаздарды анықтау:

1 орын-

2 орын-

3 орын-

2- жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» атты отбасылық сайысымыз, қызықты ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!

© 2010-2022