Разработка на тему Әкем, шешем және мен

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Әкем, шешем және мен » атты жанұялық сайысы.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын және бір-бірімен қарым-қатынасын арттырып, достыққа баулу. Ата- аналардың балабақшаман тығыз байланысын дырыс жолға қою және ойындарға атаа-аналардың белсене қатысып жүргізілген жұмыстарының нәтижелі болатындығына көз жеткізу.

Іс-шараға қажетті құралдар: Кегілдер, кішкентай доптар, арқан, асық.

Жетекші тәрбиеші:

Армысыздар, қадірлі ата-аналар, балалар, жарысқа қатысушылар, көрермендер мен балабақша ұжымы. Ата-аналармен балабақша арасында өткелі тұрған « Әкем, шешем және мен» атты жанұялық эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер. Олай болса қатысушы топтарды ортаға шақырамыз

1 « Бүлдіршін» тобының-Базарбаевтар отбасы, « Шымыр» командасын.

2 « Тұлымшақ» тобының -Доғдырбаевтар отбасы, « Шамшырақ» командасын.

3 « Балдырған» тобының- Илесовтар отбасы, « Толағай» командасын.

Ойынды бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Наурызбаева Таңсылу апай- балабақша меңгерушісі.

2. Изтурғанова Әсел апай - балабақша мейірбикесі.

3 . Балжан апай - балабақша ән-саз жетекшісі.

Сайыс алты бөлімнен тұрады:

1-бөлім: Командалар сәлемдеседі және өз ұрандарын айтып, эмблемаларын қорғайды.

2-бөлім: Эстафеталық ойын.

3-бөлім: Мақал- мәтел сайысы.

4-бөлім: Арқан тартыс сайысы.

5-бөлім: Асықты қасыққа салып, ауызда алып жүру.

6-бөлім: Ата- аналар қолдарын айқастыра ұстап , баласын қолға отырғызып , белгіленген межеден алып өту.

Жетекші тәрбиеші:

Қане, бір-рірімізді қостаймыз,

Бүгін жарысымызды бастаймыз.

« Жеңіске жетеміз » деп,

Жалынды ұран бастаймыз.

Әр топ әділ қазы алқасына өздерін таныстырып, эмблемаларын қорғайды.

1-бөлім:

« Шымыр » тобы:

Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толарсың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың.

« Шамшырақ » тобы:

Ал қане босқа қарап тұрмайық,

Қажырланып намысты қолға бермейік.

Балалармен бірге осылай күш қосып,

Бүгін бізде күшімізді сынайық.

« Толағай » тобы:

Ұшқыштанда ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз,

Келіп тұрған мықтымыз.

2-бөлім: Эстафеталық сайыс:

« Мергендер »ойыны.

Ойынның шарты: Әр бір ойыншы кедергілер арасымен өтіп, жиналып тұрған кішкентай доптарды нысанаға дәл салу керек. Қай топ көп салса сол топ жеңіске жетеді.

3- бөлім: « Мақал - мәтел» сайысы:

Ойынның шарты:. Әр бір топ отбасы, жанұяға байланысты мақал- мәтел айтады. Қай топ көп айтса сол топ жеңімпаз атанады

Мысалы: Әкенің « батырым » , шешенің « құлыным » деген сөзін естіген балада жақсы сезім туады.

4-бөлім: «Арқан тартыс» сайысы:

Ойынның шарты:Сайысқа қатысушылар арқанның екі жағында тұрады, жетекші арқанның дәл ортасын ұстап тұрады. Жетекшінің белгісінен кейін, тартысты бастайды.

5- бөлім:»Асықты алып жүру »

Ойынның шарты: Сайысқа қатысушылар қасықтың үстіне асықты қойып, аузына салып түсірмей алып жүру керек.

6-бөлім: Эстафеталық сайыс.

Ойынның шарты: Ата- аналар қолдарын айқастыра ұстап , үстіне баласын отырғызып, кедергілер арасынан өтіп, белгіленген межеден айналып келу.

Бағалау:

« 5 »- өте жақсы.

« 4 »- жақсы.

« 3 »- орташа.

Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Қортындысы жеңімпаздарды құттықтау.

Ата-аналарды алғыс хатпен құттықтау.

-Жеңімпаз топтарға сыйлық беру.

Жетекшк тәрбиеші:

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық , жарысымыз.

Бүгінгі біздің « Әкем, шешем және мен »атты сайысымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар.



© 2010-2022