Англииский и казахский язык

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исимова Гүлгүл Оралқызы - тәрбиеші

Жұмалина Альбина Ерғалиқызы - ағылшын тілі мұғалімі

Солтүстік Қазақстан Облысы, Петропавл қаласы

Жұмыс орны: «Ақбота» балабақшасы

Ересек топ балаларына арналған танымдық,

ойын-сауық сабақ

"Ұлыбританияға Саяхат"

Мақсаты: балаларды айналадағы дүниемен таныстыру; ағылшын мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылық пен құрмет сезімін, туған өлкеге деген махаббатын, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу,

Материал мен құрал-жабдықтар: доп, "Ұлыбританияға саяхат" презентациясы, мультимедиялық сүйемелдеу ("Ұлыбританияға саяхат " презентациясы", қолшатыр, қоңырау, шеңбер, Монтессори элементтері - пішіндер, пирамида, глобус, Қазақстан мен Ұлыбританияны тулары)

Сабақтың барысы:

(Балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын айтады)

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

(Шаттық щеңберін жасайды)

Бала деген бақытты еліменен,

Құдіретті қолында әлем деген.

Бүгінгі жиналған қонақтарға

Басталсын ойынымыз сәлемменен!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

(Балалар орындарына отырады.)

Тәрбиеші: Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан

Тәрбиеші: Астанамыз қай қала?

Балалар: Астана

Тәрбиеші: Қазақстан мемлекетіміздің рәміздерін атаңдаршы?

Балалар: Ту, Әнұран, Елтаңба

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өз мемлекетіміз туралы көп білесіңдер. Бүгінгі біздің сабағымыз да ерекше сабақ, өйткені біз сендермен сапар-саяхатқа шет елдерді тануға барамыз! Қандай елге аттанатымызды сендерге шет елден келген қонағымыз айтып береді!

(Топқа музыкамен Fairy-woman кіреді.)

Fairy-woman:- Hello, children! Do you know me?

Балалар: Yes, we know

Teacher: I am from fairy tale "Snow-white and 7 gnomes". I can make wonders with my magic stick. I'm from London. I come to see you, my dears! I would like to know your names. Make a circle, please.

(Балалар щеңберге тұрады)

(Teacher әр балаға доп лақтырып, олармен шет тілінде танысады)

Fairy- woman: What is your name?

1 бала: My name is ………..(Zhanel, Samir, Aziza,Dariya, etc.)

Teacher: Nice to meet you, children!

Балалар: Nice to meet you,teacher!

Тәрбиеші: Сонымен, балалар, біз сендермен Англияның астанасы Лондонға аттанамыз.. Саяхатшы болу үшін сендер шет мемлекеттері туралы көп білулерің керек, сонда ғана өте ақылды, кеңпейілді, төзімді, зейінді бала боласыңдар. Саяхатқа аттану үшін біздің қонағымыздың сұрақтарына жауап бере аламыз ба, балалар?

Балалар: Ok

Teacher: Children, answer my question

Where are you from?

Балалар: I'm from Kazakhstan.

Teacher: Excellent! Let's sing a song "Where are you from?"

Балалар: Where are you from?

Where are you from?

Now tell me, please

Where are you from?

I'm from Kazakhstan

I'm from Kazakhstan

I'm from Kazakhstan

That's where I'm from

Teacher: What's the capital of Kazakhstan?

Балалар: The Kazakhstan's capital is Astana

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Енді жолға шығуға болады. Айтыңдаршы, балалар, біз қай елге аттанамыз?

Балалар: England

Teacher: Let's go, let's go

Let's go, let's go to Britain

(Балалар қайталайды)

How do you think what type of transport we will go by?

Тәрбиеші: Балалар, Англия басқа аралда орналасқандықтан, біз онда автобуспен бара аламыз ба?

Балалар: No

Тәрбиеші: Машинамен бара аламыз ба?

Балалар: No

Тәрбиеші: Мынау суреттерге қарап, айтыңдаршы, осы көліктердің қайсысымен біз Англияға тез жетеміз?

Балалар: Самолетпен, By plane

Teacher: Ok, let's go to London by plane!

(Teacher дүниежүзілік глобусты көрсетеді, балалармен бірге глобустан Ұлыбританияны тауып астанасы Лондон қаласын көрсетеді, Қазақстан мен Великобританияның арақашықтығын көрсетеді. Балалар саяхатқа шығатын көліктерді қарастырады, ойланып, ұшақпен саяхатқа шыққан дұрыс екендігін шешеді.)

Тәрбиеші:

Біз Лондонға сиқырлы ұшақпен шығамыз. Ұшақпен ұшу үшін біз мынандай тапсырма орындау керекпіз!Берілген пирамиданың түстерін ағылшын тілінде атау керекпіз

Балалар: red, yellow, green, orange, blue

Teacher: Very good, children! What poem do you know about "Colors"?

(Пирамиданың түстерін атайды)

Балалар: Brown and green and blue and white

Blue and white

Blue and white

Brown and green and blue and white

Red and black and yellow

Тәрбиеші: Ал, балалар, енді ұшаққа отырып, Ұлыбританияға саяхатқа аттанайық! Кане, көздерімізді жұмайық!

(Белгісіз әуен ойнайды, балалар көздерін жұмады. Teacher Лондонның картасын қояды.)

Teacher: Open your eyes! Welcome to Great Britain! Welcome to London! This is Great Britain.

Тәрбиеші: Англияға да ұшып келдік. Ұлыбритания аралда орналасқан. Онда кімдер тұрады?

Балалар: Ағылшындар

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ағылшындар тұрады. Олар қай тілде сөйлейді екен?

Балалар: English

Teacher: This is the flag of Great Britain. What color are this?

Балалар: It's blue, red and white colors.

Teacher: All right!

Тәрбиеші: Ұлыбританияның астанасы Лондонға қош келдіңдер. Лондон- ертедегі ертегілер әлеміне ұқсайтын қала.

(Лондонның суреттерін презентациядан көрсетеді)

Бұл - Патшайымның резиденциясы - Букингем сарайы. Онда Ұлыбритания патшайымы отырады.

Балалар: Buckingham Palace

(Букингем сарайы суреттерін презентациядан көрсетеді)

Тәрбиеші: Мынау - Тауэр көпірі. Ол да Англияда орналасқан.

(Тауэр көпірі суреттерін презентациядан көрсетеді)

Балалар: London Bridge

Тәрбиеші: Бұл - әйгілі сағат орналасқан мұнара. Бұл мұнараның қызықты аты бар: «Биг Бен» -деп аталады. Кәне, бәріміз бірге айтайықшы: «Биг Бен».

Балалар: Big Ben

Тәрбиеші:Міне бұл мұнарада бес бірдей қоңырау бар екен, ең қатты дауыс шығаратынын және үлкенін «Биг Бен»- деп атайды. Міне, мына мұнараға қараңдаршы, өзі қандай тіп-тік және әдемі.

(суреттер презентациядан көрсетіледі)

Teacher: Children, do you like to play game? The game name is "Big Ben". Repeat after me!

Big Ben Tick-tock,

Tick-tock, Big Ben.

Big Ben is a clock.

Day and night

With all its might

Big Ben, the clock,

Says: Tick-tock.

(Балалар щеңберге тұрады да, айналып teacher қимылдарын қайталайды)

(Тәрбиеші қоңырауды сыңғырлатады, балалар орындарына отырады)

Тәрбиеші: -Егер сендер Англияда бола қалсаңдар, міндетті түрде әйгілі - «Лондонның көзі» деп аталатын доңғалақ шолуға барған дұрыс.

Teacher: Repeat London eye.

(Балалар қайталайды)

Тәрбиеші: Ұлыбритания ертедегі патшалық. Онда ертедегі қамалдар өте көп. Ол қамалдарда ертеде әйгілі батырлар өмір сүрген, өйткені олар өздерінің хандары мен ханымдары үшін шайқасқан.Қазіргі кезде онда Ханшайым Елизавета II тұрады

Балалар: Gueen Elizabeth

Тәрбиеші: Ол қазір мемлекетті басқарады. Онда да көп ұлтты адамдар тұрады - ағылшындар, шотландтар, валлийцтер, ирландықтар және тағы басқа ұлттар. Бірақ,олардың барлығын бір тіл біріктіреді - ол ағылшын тілі.

Teacher: My dear friends, children in Great Britain like to play different moving games. Let's play the game "Shapes"

Балалар: Circle, square, rectangle, triangle, oval

(Teacher пішін-фигураларды көрсетіп, балалар оларды ағылшын тілінде атап, дұрыс ретке қояды)

Teacher: And now answer my questions, please.

What's the capital city in England??

Балалар: London

Teacher: Who is the Head of State?

Балалар: Queen Elizabeth

Teacher: What color flag of Great Britain?

Балалар: White, red, blue

Teacher: Very good, children. Let's sing a song « Rain,rain,go away!»

Rain, rain go away

Come again another day

Little Johnny once to play

Rain, rain, go away

(щеңберге тұрып,өлеңді қайталайды, қолшатырды пайдаланады)

Teacher: Балалар сендерге қарап, мен қазақша сөйлеуге үйрендім, ал сендер ағылшын тіліне үйрендіңдер! Қаншалықты қонақта тамаша болсада, біз әрқашан өз үйімізді, Отанымызды сағынамыз. Біз ағылшындар өз үйлеріміз туралы былай айтамыз: «East or West home is the best» (Қонақта қандай жақсы болса да, өз үйің жақсырақ).

(балалар қайталайды)

Сиқырлы ұшақтың ішінен өз орындарыңа отыра қойыңдар, туған жерлеріңіз Қазақстанға ұшып кетуіміз керек. Кәне, бізге жолда көңілді болу үшін бір ән шырқап жіберейік

(«If you are happy» - «Егер сен бақытты болсаң»… )

Балалар:1) If you are happy and you know it

Clap your hands (Clap Clap)

If you are happy and you know it

And you real want to show it

If you are happy and you know it

Clap your hands (Clap Clap…

2) Stаmp your feet…

Teacher: Өкінішке орай, менің ұшып кетуім керек.

Good-bye, dear friends! See you soon!

Балалар: Goodbye, goodbye see you again

Goodbye, goodbye see you my friends

Goodbye, goodbye see you again

Goodbye, goodbye see you my friends

Тәрбиеші: Ал енді балалар, сабағымызды қорытындылай келсек,сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар: Йә

Тәрбиеші: Қай елге саяхат жасадық?

Балалар: Great Britain

Тәрбиеші: Олай болса қонақтармен қоштасайық!

Тәрбиеші мен балалар: Сапарымыз аяқталып,

Қоштасатын кез келді

Сау - сәлемет болыңыздар

Бізге тағы келіңіздер!

© 2010-2022