Ашық сабақ Қар ханшайымы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қар ханшайымы еліне саяхат»

Білім беру бөлімдері: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Мақсаттары: Балаалрды өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, олардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын дамыту. Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуге, басталған нәрсені аяқтауға, еңбекті бағалай білуге үйрету. Ұжыммен жұмыс жасай білуге, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, «Сиқырлы шаһар» бейнесі, алтын сандық, атрибуттар (өзен көрінісі, түрлі пішіндегі балықтар), үнтаспа.

Өнер орталығына:түрлі - түсті гуаштар, ватман, триз-ге арналған валиктер, маркерлер, қар түйіршіктері, су, сүрткіш.

Әдіс - тәсілдер: Әңгімелесу, әңгімелету, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Сабақта «Ертегілер» әні, «Қыс» туралы әндер ойналады.


Сабақтың барысы

Ертегілер әнінің әуенімен балалар мен тәрбиеші ортаға билей басып кіреді.

Тәрбиеші: Міне, балалар! Біз тағы бір ғажайып әлемге тап болдық. Бұл әлемде бізді қандай қызықтар күтіп тұр екен?!

Балалар дөңгелене тұрып, экранға назар аударады. Қар ханшайымы ортада билеп, қатты желдің әуенімен, сиқырлы таяқшасымен барлығын қатырып жүреді (1-2 мин.). Қар ханшайымы экранға қарап былай дейді:

  • Саламатсыздар ма, кішкентай балалар! Міне сіздердің ғажайып, шаһарларыңыздың барлығын қатырып тастадым. Мінекей, барлығын, барлығын (қолымен нұсқап көрсетеді)! Мұны менен басқа ешкім де ерте алмайды!

Тәрбиеші: Мүмкін Сіз бізге бір мүмкіндік берерсіз?!

Қар ханшайымы: Мүмкін...: олай болса, сіздерге менің тапсырмаларым бар. Соны іздеп, тауып орындасандар. Мүмкін жібітермін. Ал, балалар, іске сәт!

Тәрбиеші: Балалар бізге қар шаһарына жету үшін қалың киінуіміз және дайындалуымыз керек.

Релаксация: Осы жерде балалар тәрбиешімен бірге киіне бастайды.

Тәрбиеші: Қанеки балалар, бірінші неден бастап киінеміз?

Балалар: шалбардан, сосын күрте.

Тәрбиеші: сосын не киеміз?

Балалар: пимамызды немесе етігімізді

Тәрбиеші: Тағы не киеміз?

Балалар: бас киім, шарф және қолғап.

Тәрбиеші: ал енді жолға аттану үшін бізге шаңғы керек. Қанеки шаңғы киеміз.

Осылайша іс-әрекет көрсету арқылы киінеді.

Тәрбиеші: Ой, балалар! Қараңдар! Мына шыршаның жанында бір нәрсе жылтырап жатқан сияқты ол не екен? (Қасына барып көреді.) Үлкен ұлпа қар екен!!! Балалар, бұл қар ханшайымының тапсырмасы екен! Орындаймыз ба?

Балалар: Ия!

І-ші тапсырма: Бірінші жұмбақтарды шешу.

Мына түрлі ертегі кейіпкерлерінен өз ойларынан ертегі құрастырыңдар.

Экранға ертегі кейіпкерлерінің бейнелері шығады.

Тәрбиеші: Қар ханшайымының берген тапсырмаларын түсіндіңдер ма?

Балалар: Иә!

Тәрбиеші: Ендеше мына ертегі кейіпкерлеріне назар аударайық. Кімдерді көріп тұрмыз? (Тапсырмаларды орындайды)

  1. «Ертегі құрастыру» ойыны.

  2. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. (А, Ш, Т, Н, Р, П)

Қар ханшайымы бізді сандарды танымас деп сынап кетіпті. Ендеше мына жұмбағын шешіп көрейік (жасырынған жұмбақтар шешіледі)

  1. Жасырынған сандарды табу ойыны.

  2. Сергіту сәті (музыкамен жаттығу.)

  3. ойын.

Тәрбиеші: Балалар, айналамызға назар аударайықшы?! Нені көріп тұрсыңдар?!

Балалар: Өзен-көлшікті, түрлі пішіндерді.

Тәрбиеші:Қараңдаршы, жаңағы қатыгез Қар ханшайымы мына өзенді қатырып, балықтары сиқырлап, бөліктерге бөліп тастапты. Көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз!

Тәрбиеші: Олай болса, мына есептерді шығарып, балыққа айналдырайықшы.

  1. «Өзендегі балықтар»

Жағымды әуенмен залға Қар ханшайымы кіреді.

  • Жарайсыңдар, жарайсыңдар, кішкентай балалар, сіздер тіпті менің балықтарыма да жан бітірдіңдер, сендерге риза болып алдарыңызға келіп тұрмын.

Тәрбиеші: Балалар, бізге Қар ханшайымының тапсырмалары қиын болды ма?

Балалар: Жоқ, тіптен қиын емес!

Тәрбиеші: Менің балаларымың қолынан бәрі де келеді. Керек болса Сізге қазір сыйлық та жасап береді. Сіз отырып демалыңыз, ал біз өнер орталығына демалысқа барайық! (Қар ханшайымы отырады.)

  1. Триз әдісімен сурет салу. (Өнер орталығындағы ұжымдық жұмыс).

Тәрбиеші: Біз мына суретті кімге арнап салдық?

Балалар: Қар ханшайымына

Тәрбиеші: Ендеше, осы сыйымызды қабыл алыңыз! Сіздің әрқашан жүрегіңіз жұмсақ болсын деген ниетпен менің балаларым ауыл бейнесін бейнеледі.

Қар ханшайымы: Рахмет, рахмет балаларым, сізднр шынында да менің жүрегімді еріттіңдер. Мен мына шаһарға жасаған барлық сиқырымды қайтып алдым. Және де алтын сандығымда сендерге арналған сыйлықтарым бар. Қабыл алыңыздар!

Қар ханшайымы сиқырлы таяғын сілтеп, сиқырлы сөздер айтқаннан кейін сандық ішінен конфеттер шығады. Балаларға таратып, қош айтысып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге бұл ғажайып әлем ұнады ма? Несімен ұнады? Олай болса тағы да бір ғажайып жолға аттанайық. (балалар топтан музыка әуенімен шығады.)

© 2010-2022