Ертеңгілік Көктем аруыатты сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Көктем аруы» сайысы

Тәрбиеші: Армысыздар аяулы аналар!
Нурасыл :Армысыздар мейірімді әжелер!
Бекжан: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Тәрбиеші :Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Құрметті Әжелер,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Нурасыл: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Бекжан: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы -ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Нурасыл:Бекжан, білесің бе?Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.
Бекжан:Неге, сиқыршы келе ме?
Нурасыл : -Жоқ, таппадың.
Бекжан:Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар?

Нурасыл: -Жоқ Бекжан, бүгін біз сыныбымыздың ең сұлу,ашық жүзді аруын таңдамақпыз.Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар,Құрметті қонақтар бүгін сіздер сыныбымыздағы бүлдіршін қыздардың, асыға күткен «Көктем аруы» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар!Көңіл сарайларыңыз ашылсын,күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын!
Әкежан: Арулар асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар-деп отырып,ақ маңдай,ашық жүзді,бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз»
Бекжан:-Қарсы алыңыздар!

1. Аяладай қыз білімді, меңгерген бар ілімді

2. Әлияның алдында талай іс тұр ,

Болашақта жандырар үміт отты

3. Жаниямыз үлбіреп ,қос жанары мөлдіреп

4.Наргизымыз Т елегезек. Алады тез тіліңді

5. Айжандай қыз өнерлі. Бойға өнер жиған қыз

6. Ақша бетті Айсұлу Ұқсайды хор қызына

7. Динараның алдында талай іс тұр,болашақта жандырар үміт отты

8.Мадинадай қыз білімді,меңгерген бар ілімді

9.Адия қыз өнерлі. Бойға өнер жиған қыз

10.Ақша бетті Наргиз Кұқсайды хор қызына

Құттықтау : 8наурыз мерекесі құтты болсын.( барлықтары хормен айтады)

Тәрбиеші : Ашықхаттарын беруге рұқсат

Ұлдарымыз өз орындарына жайғаса береді

Тәрбиеші: Қыздарымызды жеребе таратуға шақырамын

Қыздарға дайындалуға рұқсат

Тәрбиеші:

-Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға- деп,бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлаық.

1

2

3


Тәрбиеші: Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз мына бөлім бойынша сынға түседі:
1-бөлім: «Өзін таныстыру»-деп аталады.
Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін-өзі таныстырады.Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты,жүріс тұрысы сынға түседі.
2-бөлім: «Өз өнері»деп аталады.Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(Ән айту,би билеу,ертегіден үзінді т.б өнерлерін көрсетуге болады)
3-бөлім: «Шебер қол» бұл бөлімде берілген оюды сызылған сызық бойынша қиып, ақ қағаздың бетіне дұрыс орналастырып жабыстыру қажет.
4-бөлім: «Сұрақ - жауап» қазақ үйдің ішінен нөмірлеенген асық алып, асықтағы санның сұрағына жауап береді.
5-бөлім «Сән үлгісі» бұл бөлімде әртүрлі заттардан тігілген дәстүрден тыс киім үлгісін көрсетеді.

1-бөлім Өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты болып саналады.


Көңілге түй сен мұны

Әр бүлдіршін - ел гүлі

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі, - деп алғашқы аруымызды шақырамыз.

1. 7.

2. 8.

3. 9.

4. 10

5.

6

Тәрбиеші:

-Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже

Бекжан:О,балалар,алақай! Әжелеріміз келе жатыр

Тәрбиеші: Бабушки-старушки атты көріністі қабылалыңыздар

Тәрбиеші. Жарайсыңдар балалар!
2 Бөлім

Тәрбиеші:

Өнерсізден қашып жүр

Өнермен үлгі шашып жүр

Өнерді көп білетін дана болар

Өнерсіздің ісі де шала болар-, деп сайыстың келесі шарты қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.(кезекпен шығады)
Тәрбиеші: Ана дегеніміз-өмірдің бастауымен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршілік көзі,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі балалар.

Нурасыл:Ендеше,біздің балалар,ана туралы тақпақтарын айтып берсін.
Арсен:

Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде
Азамат:

Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
Азат:

Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Тәрбиеші:Келесі бөлім 3.бөлім:Шебер қол бұл бөлімде қыздарымыз қазақтың оюын қалай қиып оны әдемі етіп жабыстыратынына куә боламыз.
Арсен:

Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші мартыңмен
Мирас: Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің
Сен дархансың сен жомартсың данасың

Тәрбиеші:4.бөлім:Сұрақ - жауап бөлімінде қыздарымыздың білімділігін байқаймыз нөмірленген асықты алып асықтағы санның сұрағына жауап береді.(Жюридың алдындына барып алады)

Тәрбиеші: «Арнау» тобының орындауында «Жаяу» әнің қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша конверттегі тапсырманы пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар ( Анасы понтомимомен конвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек

Тәрбиеші:

5 бөлім сән үлгісі (кезекпен шығады)

«Ақ мамам» әні (хормен) қазылар қорытындысын шығарады.
Тәрбиеші:

Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға береміз(Әділқазылар қыздарға номинация бойынша марапаттайды.(Көркем ару,әдемі ару, білімді ару.)
нурасыл : Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Бекжан:Қош болып тұрыңыз көріскенше
Осымен сайысымыз аяқталды.

Тәрбиеші. Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік,көріскенше күн жақсы болсын ағайын!

© 2010-2022