Разработка утренника Тауелсиздик күні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбиеші:

Салеметсиздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларымызға қуаныш, табыс тілейміз.

БАЛАЛАР ӘУЕНІМЕН ЗАЛҒА КІРЕДІ

Тәрбиеші: ҚР әнұраны орындалсын.

Жүргізуші: «Тәуелсіздік алдық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Тәрбиеші: Жарайсындар, кезекті мерекелік жыр шумақтарға берейік

Марал: 16- желтоқсан

Ел мерекесі тасыған,

Қазақ деген халық жұрт

Бәрін кешті басынан.

Әлихан: Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді,

Ата бабам армандаған бұл күнді.

Тәуелсіздік өркендесін өрісің,

Бақытпенен қауыштырған жұртымды.

Ақмарал: Енді міне, біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.

Ілияс: Тәуелсіздік таң нұрысың арайлы,

Бабалардың арманысың талайғы

Ғасырлардың құшағында ер жеттің

Халқым сені өз бақыты санайды.

Ән: «Туған өлкем»

Би: «Жігіттер биі»

Музыка ырғағымен Алтын адам кіреді

Алтын адам: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Алтын адам! Мерекемізге қош келдіңіз! Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа Алтын адам келді. Бұл «Алтын адам» деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш. Оның салтанатты бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200 -ден астам аң құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару жарағы мен мен басқа да бұйымдары алтынмен көмкерілген. Оны «Алтын адам» деп атуы да содан.

Алтын адам: Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату тәтті тірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Тәрбиеші: Алтын адам, сізге рахмет. Балалар, Алтын адам мерекемен құттықтауға ғана келмепті сонымен қатар, сендердің Отанымыз жайлы не білетіндіктеріңді және өнерлеріңді тамашалауға келіпті.

Тәрбиеші: Төрлетіңіз, балаларымыздың өнері мен білімін тамашалаңыз.

  • Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Елбасымыз кім?

  • Елордамыз қай қала?

  • Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдер?

  • Мемлекеттік тудың түсі қандай?

Мунира: Елі сүйген еңселім де, еркінім

Аппақ таңнан дауысыңды , елтідім.

Тәуелсіздік Назарбаев Нқрсұлтан

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын.

Ерхан: Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда да бар ерлігім,

Халқымыздың бірлігі.

Ернар: Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Эмир: Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Бейбарыс: Асқақтай бер астанам.

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Олжас: Жаса, жаңа Астанам,

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

Ән: «Желбірейді туымыз»

Би: «Сұңқар»

Ойын: «Достық»

Тәрбиеші: Ендігі кезекті мерекелік жыр шумақтарға берейік.

Мансур: Желтоқсанның ызғары- ай

Кірпікке қатқан мұздары -ай

«Елім ай» деп егілген

Қаһарман ұлдар, қыздар- ай

Мерей: Тәуелсіздік достығымыз

Ынтымағы жарасқан.

Тәуелсіздік ел бірлігі

Асқақ арман таласқан.

Даулет: Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқырап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.

Би: «Саржайлау»

Қырғыз ойыны: «Гө-лә-лә!»

Алтын адам: Жарайсындар, балалар!

Жыр арнадым еліме тебірене

Үміт арттым елімнің ертеңіне.

Тәелсіздік алғалы

Отанымным жылдан жылға көркеюде.

Тілеймін, әр адамға бақыт қонсын,

Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.

Жүргізуші:

Ән: «Елім менің»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен біздің мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, балалардың ұйқысы тыныш болсын!


© 2010-2022