Төрт түлігім ырысым сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

«Төрт -түлігім ырысым».

Мақсаты:

1.Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке-жеке таныстыру.

2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.

3.Балаларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.


Барысы:


1. Кіріспе сөз.

-Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Мал олардың киімі,тамағы,көлігі.Бір сөзбен айтқанда бар-

лық тіршілігі,күнелтісі малға байланысты болған.Сондықтан да қазақтар малды жақсы көрген,төлдетуді,күтіп-бағуды

көбейтіп,өсіруді ойдағыдай игеріп,отбасына қажетіне қарай

іріктеп сойып жеп отырған.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиғатын ,қадір-қасиетін әбден зерттеп білген.Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған.Малдың етін,сүтін,терісін,тіпті

мүйізіне,сүйегіне дейін ұқсата білген.Сондықтан қасиетті

төрт-түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай

тәжірбиесін ұмытпауға тиіспіз.

Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.»

-Бұл қандай жануар?

-Түйе.

1-бала: «Төрт түліктің төресі-түйе» туралы мазмұнын айтып береді.

-Түйе төлі-ботақан,

Мөлдіреп көзі ойнаған.

«Бота» туралы тақпақ.

Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,

Шауып келеді жүйрігім»

-Бұл қандай жануар екен?

2-бала: «Жылқы-ер қанаты» туралы айтады.

-Жылқы төлі-құлыншақ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.

Ән «Құлыншақ» орындайтын хор.

Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар.

-Бұл қандай жануар?

3-бала: «Қой-төрт түліктің момыны» туралы айтады.

-Қой төлі-қошақан,

Өріске қашқан қорадан.

Ән «Қошақан» орындайтын хор.

Жұмбақ: Асты пышақ,үсті істік

Өзіне лайықтап киім пішкен,

Секіріп-секіріп түскен.

-Бұл қандай жануар?

4-бала: «Ешкі-өсімтал мал» туралы айтады.

-Ешкі төлі-лақ,

Тыныш тұрмайды ол бірақ.

«Лақ» туралы тақпақ.

-Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүеді екен?

Казір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.

-Мал бағу,оны мәпелеп өсіру-аса ардақты өнер.

Өлең « Малды құрметтеу»

Тыйым сөздер

1.Малды теппе,ақты төкпе.

2.Малды басынан ұрма.

3.Малға теріс мінбе.

Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт-түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.


© 2010-2022