Сабактын жоспары Воспитательница Хамзина К. Р

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған

оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін сахналау.

Мақсаты:а)Сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

б)Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді,сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін(дауыс ырғағы,ымдау,қимыл -қозғалыс,дауыс құдіреттілігі,интонация) қолдануды дамыту.

в)Шыншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Билингвалды компоненттер:түлкі-лиса,айлакер-хитрая.

Қолданатын көрнекі құралдар: сахналауға арналған түлкі,әтеш,тауық,тауыс,үйрек,қоян бетперделері.

Әрекет

кезең-

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс- әрекеттері.

Мотива-циялық

қозғаушы -лық

Жұмбақ шешкізу.

Сайқымазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар.

Бұл қандай аң?

(Суретке қарап,түлкі туралы әңгімелеу).

-Түлкі орысша қалай болады?

-Түлкінің жүрісін салайық-

шы?

Жұмбақтың жауабы:

түлкі.

-Түлкі-айлакер,қу аң.Орысша-хитрая.

Түлкінің түсі қызғылт болып келеді.

-Түлкі орысша-лиса.

Түлкінің жүрісін салып көрсетеді.

Ұйымдас-тырушы-лық -ізденістік.

«Айлакер түлкі»ертегісі оқылады.

Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады.Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып,жуан бұтақтарды сындырып,жапырақтарды ұшырып әкетеді.Аңдар қорыққанынан өз індеріне ты-

ғылыпты.Осылайша дауыл бірнеше күн соғып,артынша тынышталыпты.

Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті.Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті.Жел тыныш- талғанда Тауық Әтешке:

-Мен мұнда енді қала алмаспын.Бізге басқа жерге қоныс аудару керек,-депті.

Сұрақ:

-Балалар,құстардың балапандарын мына дауыл алып кете беретін болса,бұлар-

ға не істеу керек?

Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп,

қоныс іздеуге бірге аттанып-

ты.Сөйтіп,олар жолда келе жатса,алдарынан екі үйрек кездесіпті.Сонда үйрек Тауық-

тан:

-Сіңлім!Қайда жол жүрмексің-

дер?-деп сұрайды.

-Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз,сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз,-

деді.

-Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші,бізде мұнда тұрғымыз келмейді,-дейді Үйректер.

Әтеш пен Тауық келісіп,төртеуі бірге жолға шығыпты.Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті.

Тауыс:Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар?-депті.

Сонда барлығы:Бұл орманда тұру қауіпті,сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті.

Тауыс:Ендеше бізді де ала кетіңдерші,бізге де қауіп төніп тұр,-депті.

Енді олар алтау болып,жаңа қоныс іздепті.

Сұрақ:

-Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті?

-Тауық,Әтеш,Тауыс,Үйрек аңдар ма әлде құстар ма?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті.Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты.Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып,былай дейді:

-Шырақтарым,қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

Барлығы:Біз мына орманда қалуға қорқамыз,сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз,-депті.

-Біздің орманнан кетпеңдер!

Мен бір жақсы жер білемін.Сол жерді көрсетейін бе?Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер!-дейді.

Сұрақ:

-Балалар,олар Түлкіге сенді ме?

Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ.Бірақ Түлкі айтқан жерді мақтап,алдағаны сонша,ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:

-Жарайды,ең әуелі мақтаған жерге барып,көрейік.Ұнамаса әрі қарай кете береміз,-деді.

Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып:

-Бұдан әрі жол тар,мен алдына шығайын,ал сендер бір-бірден

менің артымнан жүріңдер,-деді.Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп,жасырынып қалды.Ал оның артынан бірінші Тауыс кірді,сосын Әтеш,тағы қалғандары.

Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп,апаннан шығып кетті.Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады.

Бірақ аңқау құстарды жеп қойды.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Сендер ертегінің осылай аяқталғанын қалайсыңдар ма?

Ал қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

-Ертегі мазмұнын түсіндіңдер ме,рөлдерге бөлініп ойнағыларың келе ме?

Драмалық ойын:

Ертегіні драматизациялау (сахналау)

Мақсаты:балалардың рөлге ене білуі,дұрыс ырғақ,түрлі интонация,қимыл-қозғалыспен,кейбір ым-ишарамен бейнені келтіре білу

қабілетін дамыту.

Сергіту жаттығу:

Қанатымды жазамын,

Жоғары төмен қағамын.

Биік көкте айналып,

Жұлдыздай жылдам ағамын.

Балалар ертегіні мұқият

тыңдайды.







-Оларға басқа жерге кету

керек.















-Алдымен екі Үйрек,одан кейін екі Тауыс кезікті.

-Құстар.

-Құстардан жұмыртқа аламыз,жұмыртқадан балапан шығады.







-Жоқ,олар сенбейді.











-Әрине,ұнады.

-Жоқ.

-Барлығы Түлкінің алдағанын біліп,одан қашып құтылыпты.

Балалар қуана келіседі.

Балалар рөлдерге бөлініп,

Ертегі желісімен ойнайды.



Сергіту жаттығуын орындарынан тұрып орындайды.

Рефлексия-

лық түзетуші-

лік

Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын қалай меңгергенін тексереді.

Сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді.

Игереді: ертегіні сахналауды.

Меңгереді:аңдардың,құстардың дауыс ырғағын дұрыс келтіруді

біледі.



© 2010-2022