Үй жануарлары мен үй құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық класының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

технологиялық картасы.

Тәрбиешісі: Измагамбетова Тарбия Улжановна

Бөлімі: Қатынас.

Ұ.О.І.Ә: Сауат ашу.

Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.

Мақсаты:

Дамытушылығы: Балаларға үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Ой-өрісін, тіл байлықтарын дамыту, жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі: Үй жануарларымен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту, жануарларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Әдісі-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.

Көрнекілігі:слайд-шау, суреттер, әліппе дәптері, ойыншықтар.

Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, сауат ашу.

Сөздік жұмыс: Әтеш-петух, Қаз-гусь, Тауық-курица, Үйрек-утка, Күркетауық-индук

Құстар-птицы

Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-қозғаушы.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.

-Балалар, сабақ бастамас бұрын мен сендердің көңіл- күйлерінді білгім келіп тұр. Ол үшін алдымыздағы смайлик арқылы көңіл

күйіміз қандай екенін көрсете қойыңдар.

Бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді.

Ізеністер ұйымдастыру.

Ой шақыру:

-Жылдың қай мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Айналада қандай өэгерістер бар?

-Ауыл сендерге ұнай ма?

Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)

Жұмбақтар:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

Құлды екен әр шаруа,
Қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
Сарқылмайды сүт - қаймақ.

-Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
-Олар қайда мекендейді?
-Оларға кім қарайды?
-Олар немен қоректенеді?


-Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр.

Ойын: «Айнытпай сал»

Олай - былай жүгіріп,
Ала мысық ойнайды.
Аша алмаса есікті,
Дыбыстайды ол қалай.

Күзетші күшік - саққұлақ,
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ,
Қалай, қалай үреді.

-Ал, балалар сиқырлы сандықтан тағы бір дауыстар шығатын сияқты. Балалар біздер үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып үй құстарын құтқаруымыз керек.

Н.Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа да

ауыл туралы әңгімені оқып беру.

-Әңгіменің мазмұнын ашатын сұрақтар:

-Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалысын қайда өткізді?

-Бейбарыс атасымен не істеді?

-Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?

Суретпен жұмыс:
Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
Өте жақсы балалар.
Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.
1. Сиыр - зеңгі баба тұқымы. Ол адамға үйір, әрі момын жануар. Біздің ішіп - жейтін тамағымыздың барлығы - осы сиыр малының өнімі.
Өте жақсы, Айжан отыра ғой.
Балалар сиыр сүтінен не жасаймыз.
Айран, құрт, ірімшік, май, қаймақ т. б.

2. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы өте көп. Түйенің сүті - шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті, ішсе сүт, жесе ет, майы мол, сапалы жүні бар.
3. Жылқы - жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Сүтінен қымыз, етінен қазы - қарта, жал - жая пісіреді.
4. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалған кезде де, осы қойдың құйрық майымен сылайды, ішкізеді.
Өте жақсы, балалар үй жануарларының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын азық - түлік ретінде пайдаланамыз. Мамығынан көрпе, жастық жасаймыз. Етін жейміз.

Тиым сөздер:

1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5. Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
жыңғылмен айдасаң,
мал бітер деп ойлама. - деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек.

Тыныштық сәті:

Балалар ыңғайланып отырып,үнтаспадан құстың сайрағанын,судың сылдырын,жапырақтың шуылын және т.б.дыбыстарлы тыңдайды. Кһздерін жұмып, табиғат аясын көз алдарына елестетеді.

-Аулымыздың табиғаты қандай тамаша!

Айналамыз жап-жасыл,сан алуан гүлдердің иісі аңқиды.Терең тыныс алып,көзімізді ашайық.

Сергіту сәті. Шип - шип шөжелерім. (Музыкамен).

(ТАҚПАҚТАР АЙТУ).
1. Шұбар тауық мүлдем,
жолатпайды барса.
Ұясында жүрген,
балапаны қанша.
Балапанын тауық,
қызғанады жаман.
Қанатымен жауып,
санатпайды маған.

2. Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Төбелеске келгенде,
Алдына жан салмайды.

3. Шығып ауыл шетіне,
жайылады бетімен.
Қызықтырар ол бізді,
Жұмыртқамен, етімен.

Ойын: «Кім алғыр»

Сөздікпен жұмыс.

Әтеш-петух

Қаз-гусь

Тауық-курица

Үйрек-утка

Күркетауық-индук

Құстар-птицы сөздерді балалармен бірнеше рет қайталау.

Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»

Ойын шарты: үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері берілген, суреттерге қарап үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу.

Дәптермен жұмыс:

8-9 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер: Күркетауық,тауық,үйрек,т.б.

-Үзік сызықтарды қосып,әтеш пен есектің суретін бастыру;

Тауық,үйректің балапанын штрихтау;

Сұрақтарға жауап береді.



Жұмбақтың шешуі:

Түйе.
Сиыр.
Үй жануарлары.
Үйде, қорада.
Адамдар.
Жем, шөп, су.



Мяу-мяу-мяу

Аф-аф-аф



Әңгімені қызыға тыңдайды.


Балалар ыңғайланып,көздерін

Жұмып отырып,дыбыстарды тыңдай отырып,табиғат аясын

көздеріне елестетеді.

Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Ойынға белсене араласады.

«Үй жануарлары мен үй құстары»

деген тақырыпқа әңгіме құрайды.

.


2-3 ретқайталайды



Көздерін жұмып табиғатты тамашалайды


Қимылмен көрсетеді

2-3 рет бірге қайталайды.




Бірге үй құстарын қайталап айтады.


Ойынға қызыға қатысады.

Рефлексифті түзету.

Қорытынды.

«ТӨЛДЕРІН ТАП» дидактикалық ойын.

-Балалар сендер ауылға қонаққа барасыңдар ма?

-Ауыл сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?

- үй жануарлары мен құстарға қандай

қамқорлық жасадыңдар?т.б.

Ойынға қызыға қатысады

Өз жұмыстарын өздері бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үй жануарлары мен құстарға қамқорлық жасау керектігін б/к.

Меңгерілді: Тірек сөздерді қолдана отырып, сурет бойынша әңгіме құрауды меңгерді.

Игерді: Үзік сызықтарды бастыруды, Суреттің ішін штрихтауды игерді.





© 2010-2022