Тәрбие сағаты Наурыз -Ұлыстың ұлы күні2013 - 2014ж

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

19.03.2015ж.Тәрбие сағаты Наурыз -Ұлыстың ұлы күні2013 - 2014ж

Тақырыбы: «Әз Наурыз» тәрбие сағаты

Мақсаты: Балалардың Наурыз мейрамы туралы түсініктерін, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

«Наурыз думан» әні ойнайды

Күй ойнайды

Жүргізуші: Аманбысың, армысың, халқым менің,

Ақтарған кең даламның алтын кенін,

Мереке басы болсын берекенің,

Ардақты Наурыз тойы, салтың елім.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Айткүл Едресқызына беріледі.

Жүргізуші:

Бала: Сүйінші, сүйінші!

Әже: Айта ғой балам, не хабарың бар?

Бала: Ауылдан Жанар апай балаларымен қонаққа келе жатыр.

Әже: Ой жарқыным,балаларым келе жатыр екен ғой, сүйіншіңе қалағаныңды ала ғой. (сүйінші беру. Бала сүйіншіні алып шығып кетеді)

Бала: Ата сүйінші деген не?

Ата: «Сүйінші» деген балам, қуанышты хабар. Жаңа Әділ апасының келгеніне қуанып, сүйінші сұрап келді. Ондайда шын қуанған адам «қалағаныңды» ал дейді.

Әже: О жасаған Қуаныштан айырмасын. Бүгін ұлыстың ұлы күнінде үйге көп қонақтар келе жатыр, ұлан асыр той болады, шашу шашамыз.

Қыз: «Шашу» дегеніміз не?

Әже: Үлкен бір тойларда, қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен табақты толтырып, жиналған көпшіліктің ортасына уыстап шашады. Ол нағыз берекенің, ырыстың, ақжарқын көңілдің белгісі.

(Үйге дабырласып Жанар балаларымен кіреді)

Ұлдар: Ассалаумағалейку ата! Армысыз әже!

Ата: Ағалейкумассалам!

Әже: Бар болыңдар балалар!

Әже: Балаларым аман сау жеттіңдер ме? Жүрген жерлеріңде ел жұрт аман ба? Келіңдер, төрге шығып, жайғасып отырыңдар. Жолдан шаршаған шығарсыңдар мен сендерге шай әкелейін.

Қыздар: әже шайыңыз дайын (ақыман, кесе ұстаған қыздар қонақтарға шай береді).

Жүргізуші: Көктем жетті көл көсір шуақ құрап,

Қыс барады қиылып жылап тұрып,

Шатырында үйлердің Наурыз жүр.

Мұз көрпесін лақтырып ақпанның,

Наурыз қайта оралды аты да аңыз.

Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй дастархан, даламыз - сахынамыз.

Ұлы мейрам - наурызға шақырамыз.

Би «Батырлар»

Жүргізуші: Ата, әже балалардың Наурызға арнаған ән-жырларын тамашалайық. Тақпақтар:

Ән «Көктем келді» (хор)

«Домбыра» биі

Ата: Өркендерің өссін, шырақтарым.

Жүргізуші: Ата, әже бізге тағы да қонақтар келе жатыр. Қонақтарымызды қарсы алайық.

«Бесікке салу», «Тұсау кесу» (Мағжанның мамасы, Жансаяның әжесі салт-дәстүрден көрініс көрсетеді).

Жанар: Ата, әже мен балаларға арнап бірнеше ойын алып келдім. Ойнаймыз ба, балалар

Балалар: Иә

Ойындар: «Қыз қуу», «Бәйге»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді атамыздан бата сұрайық.

Ата: Сұрасаң бата берейін

Үстем болсынмерейің

Болсын дәйім амандық

Жоламасын жамандық

Уайым қайғы жоқ болсын

Денсаулығың зор болсын.

Ән: «Хош келдің, төрлет Наурызым!»

Ата бабам тойлаған Сабит Әнімде саған, биімде Жаннұр

Наурызым армысың, Құт қонақ өзім үйімде.

Қызыққа еш тоймаған. Қуаныш сыйлап еліме

Дарқан дала, қарлы шың. Күлімде наурыз күлімде!

Бата беріп атамыз, Мадияр

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Көктем келді бүгін, Дана

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

«Хош келдің төрлет, Наурызым» әні

Наурызды халқымыз, Смайыл

Жыл басы деп санайды,

Көнермеген салтымыз,

Көп елдерге тарайды.

Ақ түйенің қарны жарылды, Аида

Наурызды елім сағынды.

Үлкен-кіші асығып,

Бұл тойға бәрі ағылды.

Күттіріп келген жыл басы Ақнұр

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің

Береке-ырыс сыйлашы.

Сәнді көктем нұрымен, Ақерке

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Амирсултан

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Иесіне ән-бидің тамсанайық.

Аңыз бен ертегіні ала келген,

Қонақтарды қарсы алайық.

Кіргізіп көркін даланың, Мағжан

Бәйшешек қырда қаптады.

Қызығып ылғи барамын,

Үзуге бірақ батпадым.

Түрлі-түсті әйбат, Айғаным

Гүлдер шықты жайнап.

Қызығып ылғи барамын,

Қырға шығып ойнап.

Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы

гүлдері жауқазын, қызғалдақ, бәйшешек (ұлдар қолдарын қосып оңға, солға бұрады) бір, екі, үш, төрт.

қызғалдақ (қыздар қолдарын жоғары көтереді) біз қызғалдақ жайқалған.

Күн мен түн теңеледі, Тамирис

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы - салтымыз, Олжас

«Көгерсін» - деп халқымыз,

Сансыз көкек сұңқылдап, Аяжан

Көктем келді еркелеп.

Келіп көктем құстары, Сағыныш

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.

Қарды ерітіп жылғасы, Тоғжан

Наурыз келді - жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Көкке бояп өңірді, Асаубай

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

(құстардың суретін көрсету)

Балалар-ау, балалар! Нұрислам

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Тәрбиеші:

Көшеге тал егеміз.





«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

Мектепалды даярлық тобы



Ашық тәрбие сағаты



«Наурыз -Ұлытың ұлы күні»








Тәрбиеші: Ибраева А.М.



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022