Адамның жасына байланысты атаулар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАРҒА ТАМЫРЛЫ ҚАЗАҚ

Адамның жасына байланысты атаулар

1 жасқа дейін - шақалақ, нәресте

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала - бөпе, ұл бала - бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін - бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін - балдырған

6 жастан 7 жасқа дейін - сәби

8 жастан 12 жасқа дейін - ойын баласы

13 жастан 15 жасқа дейін - ересек бала

16 жастан 19 жасқа дейін - бозбала

20 мен 30 жас аралығы - жас жігіт

30 бен 40 жас аралығы - дүр жігіт

40 пен 50 жас аралығы - ер түлегі

50 мен 60 жас аралығы - жігіт ағасы

70 пен 80 жас аралығы - ақсақал

80 жастан жоғары - шал, қарт, қария

Мүшел жас

1-мүшел - 13 жас (ер жете бастау)

2-мүшел - 25 жас (жігіттік жас)

3-мүшел - 37 жас (ақыл тоқтау)

4-мүшел - 49 жас (орта жас)

5-мүшел - 61 жас (орта жас)

6-мүшел - 73 жас (қарттық)

7-мүшел - 85 жас (кәрілік)

8-мүшел - 97 жас (қалжырау)

9-мүшел - 109 жас (шөпшек сүю)

10-мүшел - 121 жас (немене сүю)

Ер адамның өз жұртының атаулары

Ата - әкенің әкесі, бергі ата

Арғы ата - атаның әкесі

Әже - әкенің шешесі, үлкен әже

Әке - өзінің туған әкесі

Апа - өзінің туған шешесі (анасы)

Әпке - өзінен жасы үлкен қыз (әйел)

Қарындас - өзінен жолы кіші қыз (әйел)

Аға - өзінен үлкен ұл бала

Іні - өзінен кейінгі ұл бала

Ағайын - бауырлас, аталас адамдар

Баба - арғы ата, үлкен ата

Жеңге - ағаның әйелі

Келін - інінің әйелі

Жиен - күйеуге шыққан әпкеден не қарындастан туған бала

Жиеншар - жиеннен туған бала

Жезде - әпкесінің күйеуі

Күйеу - қарындасының күйеуі

Немере - ата-ананың ұлынан туған баласы

Шөбере - немереден туған бала

Шөпшек - шөбереден туған бала

Немене - шөпшектен туған бала

Туажат - неменеден туған бала

Жүрежат - туажаттан туған бала

Жегжат - жүрежаттан туған бала

Ер адамның нағашы жұртының атаулары

Нағашы ата - шешенің әкесі

Нағашы әже - шешенің шешесі

Нағашы аға - шешенің аға-інілері

Нағашы апа - шешенің апа-сіңлілері

Нағашы іні - шешенің бауырларынан туған жасы кіші бала

Нағашы қарындас - шешенің бауырларынан туған жасы кіші қыз

Нағашы жеңге - шешенің апа-сіңлілері күйеуі

Бөле - шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Ер адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата - әйелінің әкесі

Қайын ене - әйелінің шешесі

Қайын аға - әйелінің ағасы

Қайын бике - әйелінің әпкесі

Қайын іні - әйелінің інісі

Балдыз - әйелінің сіңлісі

Бажа - әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Әйел адамның қайын жұртының атаулары

Қайын ата - күйеуінің атасы

Қайын ене - күйеуінің шешесі

Қайын аға - күйеуінің ағасы (жақын ағалары)

Қайын бике - күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері)

Қайын іні - күйеуінің інісі (жақын інілері)

Қайын сіңлі - күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары)

Абысын - қайын ағасының әйелі

Ажын - қайын інісінің әйелі

Жезде - қайын бикесінің күйеуі

Күйеу - күйеуінің қарындасының жұбайы

© 2010-2022