Тіл дамыту. Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта 1- ші кіші топ.

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: ҚР-ның рәміздері

Білім көздері: Тіл дамыту

Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы

алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Туды тани білуге,

әнұран сөзін жатқа айтуға үйрету. Сөздік қорларын

молайту. Зейінділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі. ҚР-ның рәміздерінің бірі-тудың суреті

Әдіс-тәсілі: қуыршақтың келуі, д.ойын,өлең оқу,

түсіндіру,ой қозғау, релаксация

Қостілдік компонент. Ту- знамя,елтаңба-герб,

әнұран-гимн

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де, кішіге

Сәлем беріп тұрамыз.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Өлең сөзіне қарай қимыл әрекет жасайды

Ізденістер, ұйымдастыру.


Жаңа сабақ


Қуыршақтың келуі



Дид. ойын

Сергіту сәті


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде күн қандай болады? Сендер күзде қандай киім киесіңдер?

-Күзде жаңбыр көп жауады, жеміс-жидектер піседі.(алма, алмұрт,қара өрік т.б)

Бүгінгі ауа райы қандай? Түсінік беру,бақылату.

Балалар назарын рәміздер суретіне аудару.

Әрқайсысын жеке-жеке таныстырып, қайталату.

Өлең оқу.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Осы кезде есік қағып, бөлмеге қуыршақ Әйгерім келеді. Балалармен амандасады.

-Балалар, бүгін қуыршақ Әйгерім келді.

Сендердің ойнағыларың келе ме?

Қуыршақ:

-Ой балалар, мынау қандай әдемі ту?! Бұл кімдікі?

Тәрбиеші:

-Бұл Қазақстанның туы

-Сендер де біледі екенсіңдер,қандай жақсы балаларсыңдар. Олай болса, мен сендермен «Тауып көр» деген ойын ойнап көрейін.

Дидактикалық ойын: «Тауып көр»

Мақсаты: Әр түрлі жалаушалардың ішінен Қазақстан жалауын таба білу.

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп аламыз

Қалтамызға саламыз

Қуыршақ:

-балалар, менің ойыным сендерге ұнады ма?

Ту туралы тақпақты бірге айтайықшы.

-Балалар, менің енді кетуім керек.Сендерге тағы да келіп тұрам ғой.

Келесі кездескенше сау болыңдар.

Күз

Күн салқын болады

Біз қалыңдау киіндік


Өлең жолын қайталайды

Қуыршақпен амандасады

Балалар жауабы


Балалар қайталайды

Жалаушалардың ішінен көк туды табады

Сергіту сөзіне қарай қимыл жасайды

Балалар жауабы

Балалар бірге қайталайды

Қуыршақпен қоштасады

Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Көздеріңді жұмып, терең дем алыңдар. Туған жеріміздің таза ауасының өн бойымызға қалай тарап жатқанын сезініңдер.

Балалар, бүгінгі сабақта не туралы өлең оқыдық?

Бізге қонаққа кім келді?

Қандай ойын ойнатты?

Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау

Терең дем алады

Балалар жауабы

Балалар жауабы

Балалар жауабы

Балалар жауабы

Күтілетін нәтиже:

Нені білді. Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі- көк байрақты

Түсінуі керек. Рәміздерді әрқашан құрметтеу керегін



© 2010-2022