Методическую разработку музыка Ақтайлақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 1 9. 20

Өткізілген мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ақтайлақ» әні

Мақсаты: . балалардың тембрлік қабылдауын қалыптастыру;

. эстетикалық тәрбие беру;

. музыканы эмоциялық қабылдау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: қуыршақ, үлкен, кіші барабандар; тайлақты мініп келе жатқан

бала, шапқылап, үркіп жүрген тайлақ, тайлаққа қарап таңғалып тұр-

ған адамдардың суреті.

Билингвалды компонент: тайлақ- верблюжонок, қуыршақ- кукла, адамдар- люди.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Жетекші музыка ырғағы бойынша балалармен амандасады.

Марш ырғағы ойналады.

Басында пилоткасы, қолында барбандары бар бала кіреді, амандасады, балаларға қызықты ойын алып келгенін айту.

- Ендеше, Арманға біз ән айтып, би билеп берейік.

Музыка жетекшісімен амандасады .

Марш ырғағымен шеңбер бойында жүріп, қимылдар жасайды.

Орындарына барып отырады

Балалар қуана келіседі.

Ұйымдастырушы- лық ізденістік





Ұйымдастырушы- лық ізденістік

Музыка тыңдау

Ә. Еспаевтің «Ортеке» әнін тыңдату.

Дауыс жаттықтыру.

«Масалар» жаттығуын айтып, дауыстарын жаттықтыру.

Тайлақты мініп келе жатқан бала, шапқылып, үркіп жүрген тайлақ, тайлаққа қарап таңғалып тұрған адамдардың суретіне назарларын аудару.

Ән айту

«Ақтайлақ» әнін үйрету.

(Әні: Ә. Еспаев, сөзі: Ә. Дүйсенбиев)

Ырғақты қимыл

«Қос дабыл» ойыны

Балалар екі шеңбер жасап тұрады: сыртқы (үлкен) және ішкі (кіші). Жетекші өзінің қалауы бойынша үлкен немесе кіші дабылда ойнайды. Үлкен дабылда ойнағанда, сыртқы шеңбердегі балалар айналып жүріп, ән айтады.

Әнді тыңдайды.

Дауыстарын жаттықтырады.

Суретбойынша әңгімелейді.


Әнді жаттайды.


Барабандардың дыбыстарын тембрі бойынша ажыратады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Арман балалармен қоштасады.

Марш ырғағы ойналады.Қарлығаш балаларға рақмет айтып, қоштасып кетеді

Арманмен және тетекшілерімен қоштасып, музыка залынан марш ырғағымен шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

музыканы эмоциялық қабылдай білуді.

Нені игереді

үлкен, кіші шеңберге тұруды.

Нені біледі

аспаптарды тембрі бойынша ажырата білуді.

Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.

Тексерген: Оразбекова.М.Т.







© 2010-2022