Проект по экологии на тему Қыстайтың құстар (ДО)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскемен қаласының әкімдігінің «№4 Сәулетай» балабақша бөбекжайы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны







ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА «ҚЫСТАЙТЫН ҚҰСТАР» (Ортаңғы топ)





Дайындаған:

Жансейтова Клара Апеновна.











Өскемен қаласы 2016 жыл.

Проект по экологии на тему Қыстайтың құстар (ДО)Проект по экологии на тему Қыстайтың құстар (ДО)Проект по экологии на тему Қыстайтың құстар (ДО)

Жоба құжаты

Жоба түрі: Ақпараттық - шығармашылық ойын, ата аналармен жұмыс. Түрі: топтық. Өткізілуі түрі: іс-әрекеттер, әңгімелер, бақылаулар, серуендер, дидактиқалық және театралдық ойындар, ойын-сауықтар, тәжірибе және еңбек қызметі, видеофильм және бағдарламалар қарау. Жобаның орындалу уақыты: (қысқа мерзімді) Өткізілетін орны: балабақша, музыка залы, топ бөлмесі, топ аланы.

Баланың жасы: 4-5 жас. Өзектілігі: Қазіргі жағдайда мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологилық тәрбие беру өзекті болып саналады. Дәл осы балалық шақта экологиялық мәдинет қалыптаса бастайды. Сондықтан балалардың тірі табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, қоршаған әлемді қорғауға үйрету өте маңызды. Қысқы уақыт тек қана көңілді мерекелер, қармен ойнау, сырғанақ тебу емес. Сонымен қатар жылдың суық мезгілінде қыстайтын құстардың алдында үлкен және маңызды мәселе ол тамақ тауып жеу. Сондықтан да көптеген құстар қыстан шыға алмай өледі. Біздің басты міндетіміз - балалардың өз өлкеміздің қыстайтын құстармен таныстырып олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы атап өтіп, оларға қамқор бола алуға көмектесу, үйрету. Жобаның қатысушылары: балалар, тәрбиеші, ата - аналар. I - Кезең: Дайындық

  1. Алға қойған мақсаттары мен міндеттерін ата аналармен, балалармен талқылау.

  2. Жобаны іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

II- Негізгі бөлім (практикалық)

  1. Білім беру процесіне қыстайтын құстар туралы балаларға берілетін білімдердің әдіс тәсілдерін енгізу.

  2. Балалардың іс әрекеті.

III- Кезең Қорытынды.

  1. Жобаны қорғау.

  2. «Құстарға көмектес» атты акция нәтижесі.

IV- Кезең Слайд

V -Кезең Қортындылау

Жобаны іске асыру.

Жобаның мақсаты: Балалардың қыстайтын құстартуралы білімін кеңейту, толықтыру.

Жобаның міндеттері:

  1. Балалардың құстайтын құстар туралы, адамның құстар өміріндегі дерін бекіту;

  2. Шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

  3. Ата аналар мен балаларды құстардың қиын жағдайларында көмекке келуге тарту.

Күтілетін нәтиже:

  • Қыстайтын құстар жайлы балалардың ой өрісін кеңейту.

  • Пәндік дамытушылық ортаны жақсарту.

  • Үздік ата аналар мен баларды «Құстарға арналған жемсалғыш» атты көрмеге қатыстыру.

ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Білім саласы Жұмыстың түрлері мен әдістері Таным

Іс әрекеттер: «Қысқы қонақтар», «Құстар біздің досымыз» «Қыстайтын құстар». Серуендер. Дидактикалық ойындар: «Құстардың мәзірі», «Қандай құстарды қыста жемсалғыштың жанында көрмейсін?», «Төртіншісі артық». Тамақтану уақытында құстарды бақылау. Қысқы және жазғы уақытта құстардың тамақтануының ұқсастығы мен айырмашылығы. Әлеуметтік: Сюжетті-ролді ойындар: «Балабақша». Қатынас «Салыстырмалы бақылау: суық торғай және қарға». Дидактикалық ойындар: «Не қандай дыбыс береді?», «Керісінше ойлап тап» «Бір-көп», «Сипаттап бер», Көркем әдебиет Оқу: «Торғай ағаш қорғайды» Ж. Смақов, «Торғай неліктен шоқақатап жүретін болған», жұмбақтар мен тақпақтар, нақыл сөздер. Дене шынықтыруҚимылды ойындар: «Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық», «Қараторғай ұялары» «Торғайлар мен автомобильдар» ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР «Не қандай дыбыс береді?» Мақсаты: Қыстайтың құстарды танып, атауға үйрету. Балалардың сөздік қорын дамыту. Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге құстар болып, қалай дыбыстайтындарыңды айтуға ұсынамын. Балалар: Мен қарға: қар-қар-қар. Мен қарқылдаймын. Мен сауысқан: саңқ-саңқ-саңқ. Мен саңқылдаймын. Мен торғаймын: шық-шық-шық. Мен шыңқылдаймын. «Бір-көп» Мақсаты: Зат есімін көпше тұрде айтуға үйрету.. Бір қарға - көп қарға, Бір торғай - көп торғай т.б. «Сипаттап бер» Мақсаты: Сипаттама беруге үйрету. «Керісінше ойлап тап» Мақсаты: Қарма-қарсы сөздерді айтуға үйрету. Жалпақ түмсығы - жіңішке түмсығы, Ұзын құйрық - қысқа құйрық т.б. Саусақты жаттығулар Торғай Саусақтар - басы Алақан - қанаты (Алақандар өзіңе қарайды, үлкен бармақтар өрілген. Саусақтарды қозғалту)

Қимылды ойындар

Қараторғай ұялары.
Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл - торғай ұялары.Барлық балалар - қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп - ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.
Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.
Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл - үй төбесінде немесе ұяларда отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», - дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді. Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу» деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді. Торғайлар мен автомобильдер Алаңда үлкен шеңбер сызылған, шеңбердің сыртында торғайлардың үйлері үшбұрыш, төртбұрыштар орналасқан. Торғайлар алаңға шығып секіріп, ұшып жүреді. «Автомобильдер» деген кезде ұшып үйлеріне ұшады. Ойын ережесі бойынша автомобильдің астына түсуге, уақытында белгі бойынша қайту керек. Автомобильдер белгі берілген уақытында шығу керек.

Қыстап қалған құстарды бақылау

Мақсаты: Қыста қалған құстарды тани білу. Оларды атау.

Тақпақ: Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Балалар жүр мақтанып.

Сұрақтар:

  • Қыста үйдің жанында қандай құстарды көресіңдер?

  • Адамдардың үйлеріне құстар неге келеді?

- Адамдар неге қыста құстарға жемсалғыштар жасайды?

  • Сендердің үйлеріңде жемсалғыштар бар ма?

  • Қандай тамақты құстар жақсы көреді? Қыстайтын құстар жылы жаққа кетпейді, олар қыста да тамақтарын табады. Құстар ағаштардың бүршіктері және тұқымдармен, тығылып қалған жәндіктермен, адамдардың үйлерінің жанындағы тамақтармен қоректенеді. Құстардың жартысы суықтан өліп қалады. Адамдар қыстайтын құстарға көмек бере алады - торғайлар, суықторғайлар және шымшықтар сөкті, нанның қиқымын, шемішкені жақсы көреді, Торғайларды бақылау

  • Мақсаты: Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру; Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру; - құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Тәрбиеші балармен әңгіме өткізеді.

  • Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)

  • Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты болады.)

  • Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, көгершін, шымшық, суықторғай)

  • Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.)

  • Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.)

  • Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар?(өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады)

  • Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады)

Қара қарғаны бақылау

  • Қарғалардың қысқы тіршілігін бақылау;

  • Басқа құстардан айырмашылығын табу. (сыртқы түрі, дауысы, жүрісі).

Балаларға сұрақтар:

* Балалар, сендер қарғаның қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? (қар...қар).

* Қарғаның түсі қандай?

* Оның басқа құстардан қандай айырмашылығы бар?

* Иә, қарға қыстап қалатын құс. Ол көбіне ағаштың басына шығып, айналаны бақылап отырады. Қарғаның мамығы қалың, тұмсығы мықты болады. Қарғалар ешқандай тамақ талғамайды, көзіне түскендердің бәрін: дәндерді, тұқымдарды, жәндіктер мен құрттарды, тіпті ұсақ жәндіктер мен құстарды да жейді.

Ырымдар

Қарға тұмсығын қанатынын астына тықса - аяз болады.

Суықторғайды бақылау

Мақсаты:

  • Балалардың құстар туралы білімдерін толықтыру;

  • Салыстыру, талдау, қортынды жасай білу туралы білімдерін

  • Жұмбақ

Айналаны қар басса да,

Суықтан еш тоңбайды.

Құс екенін бұл қандай,

Қане, кім болжайды?

Кеудесі қызыл әсем-ақ,

  • Суықторғайдың кеудесінің түсі қандай? (ашық қызыл)

  • Суықторғайлар жазда, көктемде, күзде қайда өмір сүреді? (қалың орман көлеңкесінде)

  • Суықторғайлар бізге қай уақытта ұшып келеді? (алғашқы аяз түскенде)

  • Суықторғайлардың балапандары қай уақытта көрінеді? (мамыр айында)

  • Суықторғайдың ысқырығы (дыбысы) ненің дыбысына ұқсайды? (флейта аспабының дыбысына-ұяң, мұңды)

  • Қандай құстар қыстан қорықпайды? (суықторғай, сарышымшық, торғай)

  • Суықторғайлар немен қоректенеді? (өсімдіктердің дәндерімен)

Зерттеу жұмысы

Құстар ізін қарау. Оларды қарға мен жануарлар (мысық, ит) іздерімен салыстыру. Қандай айырмашылығы бар?

Көгершіндерді бақылау

Мақсаты:

- Балалардың құстар туралы түсініктерін бекіту (немен қоректенеді, қайда өмір сұреді, адамдар қандай көмек береді). Сұрақтар: - Қандай құстар біздің топ аланына ұшып келді?

- Олар қайдан келді?

- Қай жерде өмір сүреді?





© 2010-2022