Конкурс воспитателей Ал, қанекей, тәрбиешілер!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конкурс воспитателей Ал, қанекей, тәрбиешілер!Конкурс воспитателей Ал, қанекей, тәрбиешілер!Тақырыбы «Ал, қанекей, тәрбиешілер!»

Сайыстың мақсаты: тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.

Қатысушылар: тәрбиешілер.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы сайыскерлержәне де әріптестер. Бүгінгі «Ал, қанекей, тәрбиешілер!»атты сайысымызға қош келдіңіздер!

«Тәрбиеші» сөзі күн нұрына бара-бар,

Ізгілікпен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге таралар.

Тәрбиеші! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол тәрбиеші, ұстаздар. Тәрбиеші болу үшін адамның жандүниелік қасиеттері-пәктік, ізгілік, әдептілік сияқты сөздермен байланысты сипатталуы қажет. «Тәрбиеші» ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол-әр бүлдіршіннің сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

Бәйгенің аттарындай шабыстары,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары.

Қол соғып, қошеметтеп отырайық,

Тәрбиешілер бүгін, міне сайысады.

Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.

І топ - «Жұлдыз»

ІІ-топ - «Тұмар»

Жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?-дегендей сайыскерлеріміздің әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

1. Попченко Светлана Борисовна - «Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК директорының м.а.

2. Медетбекова Шолпан Амановна- «Еркетай» шағын орталығының меңгерушісі.

3. Абдишева Клара Керуенбековна -«Еркетай» шағын орталығының шаруашылық меңгерушісі..

Сайысымызды бастамас бұрын, сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1 кезең «Ал, қанекей танысайық».

2 кезең «Өнерлі өрге жүзер».

3 кезең «Ой қозғау». Сұрақ-жауап

4 кезең «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» мақал-мәтел.

5. кезең «Таңғажайып әлем».

6 кезең «Үй тапсырмасы» Қол өнер

Жүргізуші: Бәйге десе жарысудан қашпайық,

Ойланайық, асықпайық, саспайық.

Ал бірінші сайыс шарты бойынша,

Топтарыңызды таныстыра бастайық-деп, сайыстың бірінші шарты бойынша топтарды таныстырып өтуге кезек беріледі.

Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, енді бәрі ән салыпты.

Бүгінгі байқаудан бәйге алуға,

Тәрбиешілер аянбай-ақ жан салыпты.

Тәрбиешілер өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші: Ал, тәрбиешілер сайысқа қалайсыздар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жаңылмай жауап берсең жарайсыңдар,- дегендей бұл шартта ілінген шарларды көздеп атып, ішіндегі сұрақтарына жауап береміз. Бұл тапсырмада өз мамандықтарына сәйкес 1 сұрақ, 1 ситуациялық сұрақ, 1 жалпы сұрақ бар. Ситуациялық сұрақты рөлге еніп қойып береді және шешу жолдарына жауап береді.

Жүргізуші: Уа тәрбиеші, көсіліп шабар жерің бар,

Ту көтерген елің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Тіл қадірін білер болсаңдар- дей отыра, «Мақал- сөздің мәйегі» демекші, келесі шартымыз «Туған тілім-тірлігімнің -айғағы», яғни, екі топқа ортақ мақал-мәтел айтылады.

«Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы» мақалының ішінен бір сөзді пайдалану арқылы, келесі мақал-мәтелді құрастыруларыңыз қажет. Екі топ жарыса алма-кезек 5 мақал-мәтел ойластырады.

Жүргізуші: Тәрбиешінің сан түрлі әдісі бар,

Оның сырын біледі ме, ару қыздар?

Өздері таңдап алған ертегімен

Ал, қане тәрбиешілер жарысыңдар- дегендей ендігі шартымыз «Таңғажайып әлем», яғни топтардың дайындап келген жаңа үлгідегі ертегілеріне көңіл бөлу.

Жүргізуші: Келесі кезекті соңғы сайысымыз «Үй тапсырмасына»береміз. Мұнда әр топ өздерінің ұлттық нақышта жасалған қол өнерлерін ортаға салады.

Би: «Флэшмоб»

Жүргізуші: Тәрбиеші деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса кім береді парасатты?

Асылын беріп тәрбиеленуші бойларына,

Бар жаннан адал еңбегін аямапты.

Құрметті қонақтар және көрермендер! Болашақтың базары да келешектің кемеңгері де балалар емес пе, олай болса баланың ой өрісін дамытуға олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің еңбегі зор. Бүгінгі іс-шарамыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

«Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер орталығы» КМҚК жанындағы «Еркетай» шағын орталығы

















Әдіскер: Еримбетова Малика Маханбетқызы



Приозерск

2015 жыл








  1. Балабақшадағы жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс - бұл барлығы қалай аталады?.

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-5 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті ... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің топтағы балалар да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

  3. 2015 жыл елімізде қандай жыл болып жарияланды? Сонымен қатар қандай шаралар өткізілуде?



  1. Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады?

  2. «Сіз кеш уақытында қалған 3 баламен сөйлеп отырсыз. Бір бала өзінің отбасы жайлы айтып отыр, әкесінің ішімдік ішкенін, үйде ұрыс шығарғанын айтты. Осы кезде сол баланың анасы келіп қалды, және баласы айтып отырған сөздерін, және Сіз тыңдап отырғаныңызды көрді. Сіздің әрекетіңіз».

  3. Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументінің биіктігі қанша метр?



























© 2010-2022