Мусіндеу Кірпілер (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Тәрбиеші: Карсахова Жанна Танжарыковна

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:мүсіндеу

Тақырыбы: Кірпілер

Мақсаты:Балалардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру.Мүсіндеу жолдарын түсіндіру.

Жыл мезгіліндегі өзгерістер туралы түсінігін кеңейту. Орман жануарлары мен жәндіктер өмірімен таныстыру.

Қостілді құрам:күз-осень, жапырақ-листья, кірпі-ежик.

Көрнекіліктері:шынайы жапырақ, суреттер, ақ қағаз, әліппе дәптер.

Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивация-лық кезеңі.



Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

-Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?

-Жылылық, қуаныш т.б.

Өлеңді қайталап айтып, не сезінгендерін айтады.



Ұйымдастыру, іздену







Күз туралы әңгімелесу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде табиғатта қандай өзгірістер болады?



Күзде табиғат ерекше күйге енеді екен.

Ал ендеше күз туралы тақпақ орындап жіберейікші

Ендеше алдарыңдағы суретке қарап, ермексаздан кірпі жасаймыз.

Кірпінің тікендері қандай болады?

Балалар қолымызға жаттығу жасап жіберейік.

«Кірпі» имитациялық және дем алу жаттығу

Балалар кірпінің қалай тамақ тауып жейтінін және мұрының қалай пыскыратынын көрсетейік.

«ф-ф-ф»

Кірпінің қалай ренжитінің көрсетіңдер.

«пых-пых-пых»

Кірпі бетіні қалай торситады.

«пу-у-у»

Кірпі қалай шаршайды.

«ха-а-а»

Дидактикалық ойын «не артық?»ойын шарты : суреттегі заттардың арасынан артық затты табу, бір сөзбен аталатын атауын табу.

Мектеп, балалар суреті

Жапырақ, кірпінің бейнесі






Жапырақтар -сары, қызыл, жасыл боладыКүн біртіндеп қысқара ды. Жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жапырақ

тақпақ орындайды.

Іске кіріседі.

Үшкір болады.

Бала,бала,балақан

Қане қайсы алақан.

Саусақтарым әйбат

Былай-былай ойнат.

Дыбысты орындайды.



Ойынды ойнайды.

Рефлексивті түзету

Балалар сендер ненің бейнесін мүсіндедік?

Кірпі қайда мекендейді?

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасау


Кірпіні мүсіндедік.

Орманда

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: кірпінің қайда мекендейтінін білді.

Қолданады: ермексаздан жұмыс жасап, қолдана алады.

Түсінеді: жыл мезгілі туралы түсінеді


© 2010-2022