Экология негіздері Тірі табиғат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:Таным Бөлімі:Экология негіздері Тақырыбы:Тірі табиғат Мақсаты: Табиғаттың адам игілігі, денсаулығы үшін пайдалы екенін түсіндіру.Тірі табиғатпен таныстыра отырып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне оң көзбен қарау.Табиғат байлығы туралы тереңірек мағлұмат беру. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Табиғат бұрышы, суреттер. Сөздік жұмыс: Табиғат бұрышы. Билингвальді компонент: табиғат-природа,гүл-цветы

Оқу іс-әрекеттінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық қозғаушы

лық

Әдепті елдің баласы. Иіліп сәлем береді, Айдай арайлап, Күндей жайнап. Жұлдыздай жарқырап, Бүгінгі күнді қарсы алайық. Сәлем саған, Жер ана! Сәлем саған, Көк аспан! Сәлем саған, Күн ана!

Балалардың қызығушылығын ояту

Жұмбақ шешу

сұрақ-жауап

Ұйымдасты

рушылық-ізденістік

1) Кіріспе: Ой шақыру
Балалар терезеден далаға қараңдаршы?
- Қай мезгіл?

- Қазір қай ай?
- Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?

- Ағаш, дала, су, аспан, гүл
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.

2) Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат.
Су ерекшелігін бақылау. Судың дәмі жоқ, иісі жоқ. Қатты от жағып, су тұрған ыдысты қыздырсаң қайнайды, көбеймейді. Аяз, суық жерге қойсаң да көбеймейді қатып қалады. (Балалардың тәжірибе жасауы)

3) Ойын - ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)

- көктем мезгілі

- Мамыр айы

- Табиғат

Рефлексиялық түзетушілік

Мадақтау, қорытындылау

Күтілетін нәтиже: Орындайды:тәжірибелер Түсінеді: табиғатты аялауды Қолданады:көрнекіліктерді



© 2010-2022