Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование



№4 «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ


Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»

Тобы: «Мектепалды даярлық топтары»

Өткізген: Жакатаева М.Ч.

Нуркенова Б.М.

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование



Семей - 2015

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері, жол белгілеріне байланысты плакаттар

Барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші:

Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
- Ал, балалар жол белгілері жайлы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Мансур : Жол тәртібі кімге керек - бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.
Азамат: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Кәусар: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Әділжан: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Әдемай: Жолды кесіп өтуге мен қамдансам

Қиылыста қарсы алды бағдаршам

Менікіндей екеу емес үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек аңғарсаң.

Ажар: Орын берем үлкенге

Қатты шулап тұрмаймын,

Құрбылармн күлсем де,

Аялдама аттарын

Жаңылмастан жаттаймын.

Жолда жүру тәртібін

Мен осылай сақтаймын.

Жүргізуші: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)


«Бағдаршам» ойыны

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Көрнекіліктермен жұмыс.
- Балалар, мен қазір сендерге жол белгілерін көрсетіп тұрамын сендер ол қандай жол белгісі екенін айтып тұрыңдар.

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образованиеЖол тәртібін сақтайық! Дошкольное образованиеЖол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

Бағдаршаммен жұмыс

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

-Бағдаршам не үшін қажет? (Балалардың жауаптары)

-Бағдаршамның қандай көздері бар?

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

«МАИ қызметкері» ойыны

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование


Қорытынды

Топтарды мақтау қағаздарымен марапаттауЖол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

Жол тәртібін сақтайық! Дошкольное образование

© 2010-2022