Қыз қызығы балабақшада кіші топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, касса, үлестірмелі материалдар.Ойынға қажетті заттар.

Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік,практикалық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: «Жылулық шеңбері»

-Армысыз, шұғылалы алтын күн!

- Армысыздар қонақтар!

- Армысыздар апайлар!

-Сәлем,сәлем достар!!!

Психологиялық сәт. Балалар бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер айтумен бастайық.Аспанымыз ашық болсын. Заманымыз тыныш ,денсаулығымыз мықты болсын!

Енді барлығымыз орнымызға отырайық.

Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 4

Ал қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/

Қыста ауа райы қандай болады? /суық, аяз, боран, /

Қыста не жауады? /қар/

Қардың түсі қандай? /ақ/

Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер? /қалың киініп/

Қысқы ойындарды атайықшы. «Қар атпақ», Шанамен, шаңғымен сырғанау, аққала жасап ойнау.

Енді, Қыс қызығына байланысты өлеңдерді айтайық.

Ауыл сырты-биік жар-

Бізді күтіп тұр қарап.

Төбесіне шығып-ап,

Жөнелеміз сырғанап.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бау-бақшаны, тауды да,

Бояған ақ түспенен.

Сергіту сәті.

Балаларды топқа бөлу.

І топ: «Ертегіні жандандырушылар»

ІІ топ: «Тапқырлар»

ІІІ топ: «Тілшілер»

Тапсырмалар: І топ: «Алдар мен бай» кейіпкерлендіру.

ІІ топ: Жұмбақ айту /қыс мезгіліне сай/

ІІІ топ: Сурет бойынша сөйлеу.

Дидактикалық ойын: «Қар қиыршықтарын кім тез жинайды?»

Қимылды ойын: « Өзім киіп аламын»

 Шалбар киеміз

 Етік киеміз

 Пальто киеміз

 Орауыш тағамыз

 Қолғап киеміз

Енді, балалар «Қыс» суретіне қарайық. Ағаштарды не басқан? /қар басқан/ Ағашты қар басып тұрғандықтан, аппақ күмістей жалтырап тұр. Қазір мен сендерге ағаштың үстіне қылқаламмен қар суретін салып көрсетейін (қылқаламды ақ бояуға батырып сүйкей жағу арқылы қар салу)

«Қыс қызығы» сабағымыз өздеріңе ұнаса «Қыс қызығы» өлеңін бәріміз қосылып айтайық.

Қорытынды : Балалар бүгінгі сабақта біз қай мезгілді әңгіме еттік. Сабақ ұнады ма? Осымен сабағымыз аяқталды.

Балаларды мақтау- мадақтау.



© 2010-2022