Валеология пәні бойынша Жеке бас тазалығы тақырыбындағы сабақ. Мектеп алды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. 1

Күні:02.09.14ж

Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімі: Валеология

Тақырыбы:Жеке бас тазалығы.

Мақсаты: Денсаулық туралы ғылым- Валеология жөнінде түсінік беру.Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөщдердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту.Дәрігер Салауатпен,Әліппе-дәптермен таныстыру.Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Жеке бас тазалығын сақтауға үйрету

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Әңгімелесу.

-Адамдар бір-бірімен кездескенде,қоштасқан кезде айтылатын сөздер-ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.

Балалар жұмыс орындарын дайындап,әңгімені мұқият дыңдайды.


Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, сендер осы ғажайып сөздерді қолданасындар ма?

«Амансың ба?»-бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді.

-Адам ауырғанды өзін қалай сезінеді?

-Денсаулық дегеніміз не?

-Ендеше «Денсаулық-зорбайлық» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды,адамдар бір-біріне ен алдымен денсаулық тілейтінінің себебі, міне осында.

Валеология -денсаулық туралы арнайы ғылым.

Валеология -денсаулық туралы ғылым, ол балалрды ақылды,көңілді,дені сау болып өсуге баулиды.

Әліппе-дәптердегі ашуды ұсынып,бірінші бетінде бейнеленген Дәрігер Салауатқа назарын аударады.

Салауат балаларды «Валеология» әлеміне қызықты саяхат жасауда басты көмекшілері болсын .

Денсаулық әліппесімен танысуға шақырады.

Оқу.Гигия туралы аңыз.

-Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті.

Сабын және су жөнінде әңгіме.

Дымқылдап күнде сен,

Қолынды сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың.

-Қолыңды күніне неше рет жуасың?

-Су мен сабын нағыз досың.

-Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі,тіс щеткасы,тарақ,қолорамал, т.б


Балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінді айтып береді.




Балалар әліппе-дәптеріне назар аударады.



Балалар денсаулық әліппесімен танысады.

Аңызды мұқият тыңдайды.



Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

-Валеология-денсаулық туралы ғылым.

-Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.

-«Сәлеметсіз бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!»-ғажайып сөздер.

Үйге тапсырма:ата-аналармен бірге денсаулық туралы мақал -мәтел жаттау.



Күтілетін нәтиже: 1.Балалар денсаулық туралы түсінік алады.

2.Дәрігер Салауатпен,Әліппе-дәптермен танысады.

3.Қолды жуу дағдылары қалыптасады.



© 2010-2022