Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы



«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты
жетілген, бойында ұлттық санамен ұлттық
психология қалыптасқан, имандылық
әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,
өсіру, білім беру бүгінгі отбасының,
балабақшаның, барша елдің, халықтың
міндеті»
Н.Ә. Назарбаев.

Бала - үйдің базары, өмірдің ажары. Дүниеге ұрпақ әкелу, оны ұлттық салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеп, өсіру әр ата-ананың, балабақша қызметкерлерінің, ұстаздардың, жалпы қоғамның ең басты міндеті. Себебі, бүгінгі бала - ертеңгі ел қорғаны, елдің тұтқасын ұстар азамат. Яғни, бала - ел болашағы. Жас ұрпақты өз халқының тегін білу, ата-бабамыздың салт-дәстүрін бойына ендіру, оны жалғастырушы болып өсуіне балабақша мен ата-ананың арасындағы байланыстың маңызы зор. «Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім - тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып, мектепте берілетін тәрбиемен қалай қабысады. Енді соған келейік.
Осындай игілікті істердің бірінің көрінісі ретінде Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы «« Күзгі бояулар» тақырыбына балалардың шығармашылық жұмыстары мен қолөнер бұйымдарын жасаудан сайыс жариялады. Сайыс ережесі балалар күз мезгілінің сұлу да көркем табиғатын әр түрлі бояулармен, табиғи материалдармен суреттеу болды. Басқа балабақшалармен қатар Оңтүстік-Батыс ауданында орналасқан №32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымы да осы сайысқа қатысып, бақтарын сынады. Ұйым қызметкерлері ата-аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайту мақсатында бірлесіп жұмыс жасады. Бірлескен еңбектің арқасында бүлдіршіндеріміз жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды.Атап айтар болсақ, «Түймедақ» тобының бүлдіршіндері Қуат Азиза жүлделі 3-орынға ие болып, грамотамен марапатталды. Ал Назарбай Нұрасқан, Жұмахан жанғазы, Мақсұт Сұлтан сертификаттар алды.Топ тәрбиешілері ата-аналарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтады және алдағы уақытта да осылай бірлесіп жұмыс жасауға шақырады. Халқымызда «Бір жылдығын ойлаған күріш өсіреді, он жылдығын ойлаған ағаш өсіреді, жүз жылдығын ойлаған ұрпақ өсіреді» деген ұлағатты сөз бар. Олай болса, болашағымызды ойлайтын жас ұрпақты нағыз ұлттық құндылықтарға тәрбиелеп, олардың құқығын,әлеуметтік жағдайы мен жеке басын қорғау- әрбір ата-ананың, әрбір азаматтың және қоғамның өзіндік міндеті. Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы.Ендеше, біз де осындай тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуге барымызша өз үлесімізді қоса отырып,ұжым болып аянбай еңбек етеміз.

Жанаргүл Сүйінбаева №32 «Қуаныш» МДҰ-ның тәрбиешісі, Ақтөбе қаласы





Бүгінгі бала- ертеңгі ел болашағыБүгінгі бала- ертеңгі ел болашағы

Бүгінгі бала- ертеңгі ел болашағыБүгінгі бала- ертеңгі ел болашағы



© 2010-2022