1 маусым –балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 маусым -балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз»

Барысы:


-Қайырлы күн құрметті де сүйікті балалар мен ардақты ата-аналар! Бүгінгі балабақшамыздағы 1 маусым -балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні, біліп қой.

Алақай-ау, алақай

Той тойлайық, балақай

Қызарғанша алақан

Қол соғайық, балақай

Балалар мерекесі құтты болсын дей отырып ортаға бұлдіршіндерімізді шақырайық.

«Еркетай » тобы тәрбиешілері: Жұлдыз Ілбекбайқызы және Ақмарал Ермаханқызы

«Айгөлек» тобы тәрбиешілері Ботагөз Аманжолқызы және Жазира Мақсатқызымен бірге

«Балапан» тобы тәрбиешілері Әсемкул Қабылқызы және Кенжегүл Құралқызымен бірге

Және балабақшамыздың түлектері «Балдырған» тобы ортада тәрбиешілері Гүлбахыт Нұрғалиқызы, Айгүл Абылайқызы

Келіңіздер халайық

Көңілді көтерейік

Бақшамыздың меңгерушісі

Әсел Жангелдіқызына сөз кезегін берейік,- деп алғашқы құттықтау сөз кезегін ұсынамыз.

Балабақшаның бұлдіршіндерінің

«Балдырғандар» жырын қабыл алыңыздар

Ендігі кезекте «Балапан» тобының балапандарыныңдаярлаған әдеби монтажына кезек берелік

Халқымның әні қандай, жыры қандай

Шешеннің нәрі тамған тілі балдай

Шымырлапон бойыңа тарайтұғын

Әсем биі нәзік жанды балқытқандай,-дей келе ортаға «Достық» биімен биші қыздарды шақырамыз!

Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кең даламда шарықтасын әуені

Азат ұрпақ,жас өнерпаздананың.

деп «Еркетай » тобының бүлдіршіндерінің әдеби монтажына кезек берсек дейміз.

(Сергіту сәттері қоса) «Апам үшін» әні

Мерекемізге Жеткерген Алина «Көбелектер» әнімен келіп отыр, қабыл алыңыздар.

Кіп-кішкентай қыздарымыз

Би билейді бұралып,

Әсем билейтін «Қуыршақ» биіне

Қолды қатты ұралық, -

деп УтемисоваӘсемді «Қуыршақ» биімен қарсы алыңыздар!

«Ертегілер» әнін алдарыңызда Жанерке орындап береді

«Біз өмірдің гүліміз!» Наздананың орындауында би

Көрініс: «Ақыл мен байлық»

«Айгөлек» тобыныңң бүлдіршіндері өздерінің ыстық ықыластарын әдеби-монтаж арқылы жеткізсек дейді


© 2010-2022