Шағын орталықтарда Күннің сәулесі атты тақырыбына ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Айгөлек» шағын орталығы
















Күннің сәулесі



























Өткізген : Джапабаева А.А.

2016 жыл

Күннің сәулесі


Мақсаты: Табиғат пен денсаулықтың үйлесімдігін түсіндіру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • «табиғат», «күн сәулесі», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

  • Табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін дамыту;

  • Салауатты өмір сүру салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабаққа қатысушылар:

1.Ересек жастағы балалар

2.Педагогтар

Педагогтың атқаратын жұмысы:

1.Әңгімелесу

2.Сабақ өту, ойындар өткізу

3.Бақылау

Балалардың атқаратын жұмысы:

1.Ойындар «Мен күннен үйренемін»

2.Шығармашыл жұмыс атқару «Күннің сәлелері»

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

Шағын орталықтарда Күннің сәулесі атты тақырыбына ашық сабақ


Әңгімелеу

Тәрбиеші. Балалар, сендер күнді сүйесіңдер ме? Күн қай уақытта оянады: таңертең бе алде кешкісін бе?

Ия, күн өзінің жылы сәулесімен таң атқанда оянады. Күн өз сәулесімен жер бетіне өз жылуын шашып, кеш батқанда өз еліне демалуға кетеді.

Ал, балалар күн-дегеніміз не?

Балалар: Күн - ол үлкен дөңгелек шар.

Тәрбиеші:Күннің түсі қандай?

Балалар: Сары түсте.

Шағын орталықтарда Күннің сәулесі атты тақырыбына ашық сабақ

Тәрбиеші: Қане балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік.

Шағын орталықтарда Күннің сәулесі атты тақырыбына ашық сабақ

Мейірімді күн шуағы, көгілдір көлге шағылысып жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағандарыңды бастыңдар. Қандай рахат, көңіліміз жайланып көтеріліп қалды. Енді осы елестеткен ойлаған ойларың мен бөлісейік.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар мен жұмыс:

Тәрбиеші: Балалар, енді біз өз алақандарымызбен күн сәулелерінің суретін салайық...

Шағын орталықтарда Күннің сәулесі атты тақырыбына ашық сабақ

Ойын:«Мен күннен үйренемін» Балалар, күн сәулесі арқылы қандай жылы сөздерді білесіңдер?

Күннің сәулелері арқылы балалар, күннің жылы сөздерін айтып жапсыру.

  • Мен күннен мейрімділікті үйрендім.

  • Мен күннен жылулықты сезіндім.

  • Күннің сәулесі анамның жылуындай.

  • Күннің шуағынан нәр аламын

  • Күн бізге жарық пен жылу береді

  • Күннен күлуді үйрендім

  • Күн табиғатты жандандырады

Шағын орталықтарда Күннің сәулесі атты тақырыбына ашық сабақ


Тәрбиеші:Балалар, Күн - табиғаттың бөлшегі.

Күн мен табиғат үндестікте өмір сүреді.

Қорытынды:-Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік. Күннің шуағы адам денсаулығына пайдалы екенін білдік. Күн тіршілік көзі. Күнсіз жер бетінде тіршілік болмайтынын ұғындық.


© 2010-2022