Тәрбие сағаты Алтын күз

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге қош келдіңіздер.

Арайлап таң атып,

Алтын сәуле таратып,

Тобымыз бір тойласын,

Мерекемен жайнасын,

Ән мен бүгін бастайық,

Қол соғып бір қоштайық,

Балаларымызды қарсы алайық.

Орындарыңа жайғаса қойыңдар балалар!

Жүргізуші:

- Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды ортаға шақырам.


Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қаймезгілде ойлайсың?

Дұрыс балалар, күз мезгілі.

-Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

-Сонымен күз мезгілінде неше ай бар екен? Кім айтады?

-Дұрыс ендеше күз мезгілінің үш айының айтатын таптақтары бар екен, қане соларды ортаға шақырайық.

Арыстан: Қыркүйек.

Бір-біріне жераспан,

Мейіріммен қарасқан.

Ұстаз шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз дескен.

Нұрлыбек: Қазан.

Қазан айы болыпты

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп,

Думандатып әндетіп.

Айдар: Қараша.

Күздіңқарашаайында,

Жиынтерінбітеді.

Жапырақтарсарғайған,

Сыбдыр сыбдыр түседі.


Өте жақсы. Күз айларымен таныстық. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күзкеліпкіреді).

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!


Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз! Өзіңмен бірге береке байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Алтын күз, төрлетіңіз, отырыңыз. Балалардың сізге арнаған өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Жау-жау жаңбыр!».

Тақпақ:

Ерәділ: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға.

Шақырады біздерді.

Мереке: Бұлт ауады аулаққа.

Күз келіпті бау-баққа,

Жаздай піскен жаңғақта

Шашылады жан-жаққа.

Нұрдәулет: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Арайлым: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!

Әліби: Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала!

Алтын астық-айнала!

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.


Жүргізуші: Жарайсыңдар!

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. Ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Екі бала анасын алып шығады. Балалар себетті ұстап тұрады аналарымыздың бірі жасыл жапырақты, енді бірі сары жапырақты жинауы тиіс. Кім тез әрі шатаспай өз жапырақтарын жинайды сол топ жеңімпаз.
(Асылбек, Қуаныш) Ойыннан соң:

Алтын күз: Жарайсыздар, Өте керемет ойын болды!
Тағы қандай өнер бар?
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы біздерге , көкөністер сан түрлі!
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).

Алия: Қауын қарбыз жемістер,

Толтырамыз себетті.

Алтын күз деп аталады

Күз айыда сол себепті.

Қуаныш: Қасбатырдай түйілген,

Тоғыз сауыт киінген.

Аршимын деп пиязды,

Жылап шықтым үйімнен.

Қарақат: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!


Сайын: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!


Айгерім: Картоп-біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!

Санжар: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне

Ғазиза: Қарбыз, қарбыз, қарбыздар,

Қарбыз желік ал қыздар,

Қарбыз желік ал ұлдар,

Балдай тәтті қарбыз бар!

Хадиша:Білесіңдер ауылды,

Ауылда өскен қауынды.

Қауын деген сары алтын,

Асыраған қауымды.

.

Алтын күз: Бәрекелді, керемет!

Жүгізуші: Осы жерде көкеністер ойынын ойнасақ қайтеді?

Ойын шарты: Картоп, сәбіз, жуа болып үш топқа бөлінеміз. Әр топта үш баладан, эстафеталық сайыс ретінде өтеді. Әр топ өзіне белгіленген көкеністерді кезекпен барып жинауы тиіс. Қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

1-топ: Айдар, Сайын, Нұрдәулет.

2-топ: Нұрлыбек, Санжар, Ерәділ.

3-топ: Арыстан, Жандос, Әліби.
Жүргізуші: Өте керемет ойын болды! Жарайсыңдар орындарына отырыңдар.

Көкеністер бәріде,

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Жүргізуші:Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық.
Би: «Қуаныш» (Қыздар билейді)
Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар!
Жүргізуші: Келесі кезекті тағыда тақпақтарға береміз.

Мерей: Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз бастап өсірсе,

Күз жинап береді.

Асылбек: Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Ақниет: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз.

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз.

Жандос: Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқылданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып

Жапырақтар жүр ойнап.

Назимахан: Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап қауын алдық біз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Қане, енді, санды қаншалықты жақсы меңгергендеріңді байқау үшін ойын ойнайық. «Құшақтасу» ойыны. Ойынның шарты баллардың барлығы билеп тұрады. Бір сан айтылғанда сонша бала құшақтасып тұруы жетісуі тиіс. Жетіспей қалған балалар отырады.

Күз ханшайымы: Мен қайтайын балалар,

Аман есен болыңдар!

Еңбек етіп ойнап күліп,

Шырқап әнге салыңдар.

Жүргізуші:Күзгі бақтағы қонақтар,

Айналайын балғындар.

Күз мерекеміз бүгінгі

Естен кетпес күн болды.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз».

Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық!Күз байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге, жеміс жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Міне, балалар, ата-аналар, ұстаздар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі.


© 2010-2022