• Преподавателю
  • Дошкольное образование
  • Тақырыбы: «Толағай» - Жанұялық сайыс Тақырыбы: «Толағай» - Жанұялық сайыс Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Ата-аналардың балабақшамен

Тақырыбы: «Толағай» - Жанұялық сайыс Тақырыбы: «Толағай» - Жанұялық сайыс Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Ата-аналардың балабақшамен

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Толағай» - Жанұялық сайыс

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып,ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу,дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.

Іс-шараға қажетті құралдар: жеміс салынған себет, доп, асық, қапшық, скакалка, парақ, кеглилар:

Құрметті ұстаздар, балалар бүгінгі «толағай» жанұялар сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа ата - аналар және балалары қатысады.

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Жылдам да шапшаң,

Спортшыларымызды ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Алғашқы сайысқа 1.

2.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Ойынды бастамас бұрын әрбір топқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Грунева Светлана Александровна - директордың міндетін атқарушы

2.Токаева Салтанат Имангалиқызы - әдіскер

3. Магзумова Гульбахыт Жаугаштықызы - медбике.

1. бөлім: Командалар сәлемдеседі және ұрандарын айтып, эмблемаларын қорғау.

2. бөдім: «Кім жылдам» эстафетасы

Ойынның шарты : Екі топтын алдында, екі себет тұрады оның ішінде көкөніс пен жемістер салынған. Бірінші сайыскер көкөністерді отырғызады, ал екінші жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол топ жеңген болып

3. бөдім: Допты торға түсіру (балалар себетке)

Команда кезектесіп барып баскетбол шығыршығына допты түсіреді,қай команда коп түсіреді сол ойыншылар жеңіске жетеді.

4. бөлім: «Асық ату» эстафетасы

Ойынның шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскерлері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп шығады.

5. бөлім: Қап киіп жарысу

Екі команда Мұғалімнің белгісімен саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп,екіқолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп,жолаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді.Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

6. бөлім: Қырқаяқ ойыны

Әр топ өз ойыншыларының белдеріне ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.

7. бөлім: «Қосаяқ» Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі скакалкамен қосаяқпен кедергілерден өтіп секіру.

Нәтижесі ойын шартын бұзбау және уақыт.

8. бөлім: Допты түсірме

Жарысқа қатысушылар Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келуі қажет.Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

9. бөлім: «Кім епті» эстафетасы

Ойынның шарты: Парақты алақанға қойып жылдам жүру керек.

10. бөлім: Қол күрес ( капитандар).

Екі топтын капитандары ортаға шығып үстелге отырып екі-екіден қол күрестіреді кезектесіп.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай жағы жеңгенін айтады.

Жарыстың соңына қарай барлық ойында жеңіске жеткен топ марапатталады.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт денген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.

Құрметті қонақтар бүгінгі сайыска алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар





© 2010-2022