Ашық сабақ: Менің тұңғыш Президентім!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өркен» мемлекеттік емес мекемесінің І-кіші «Күншуақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: 30.11.2015

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!

Мақсаты: 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні екенін ұғындыру. Президентіміздің ұлы қасиеттерімен таныстырып, оны өз бойларына қалыптастыру. Отан сүйгіштік қасиетіне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреттері, әнұран,видео т.б.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, әңгіме.

Сөздік жұмыс: елбасы, тұңғыш

Билингвистикалық компоненттер: президент-президент

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық


Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгінгі темантикалық сабағымыз Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің тұңғыш Президентім!» темантикалық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан - мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет - Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Елбасымыз жайлы шағын бейне роликті тамашалайық.

Рефлексиялық - түзетушілік

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Ән: «Елбасы - Елдің тұтқасы»

Балалар көк туымызды көкке көтеріп ұстап тұрады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні екенін;

игерді: Отан сүйгіштік қасиетін

меңгерді: Елбасымыздың ұлы қасиеттерін.



Тәрбиеші: ________________ Абитова Ж.А

Тексерген: ________________



© 2010-2022