План на тему Екі дос на первую младшую группу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Екі дос» (өлең) Қ.Мырза Әлі

Мақсаты: Құрдастарымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін сақтауға үйрету, ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: хрестоматия,суреттер.

Сөздік жұмыс: дос, достық,шекісу,бекем.

Ұйымдастыру:Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

Шаттық шеңбері.

Шеңберге тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.

Достық.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізде барлығы.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

(Е.Елубаев)

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Ал, балалар, бәріміз өз орнымызға жайғасып отырамыз. Бүгін біз Қадыр Мырза Әли ағамыздың «Екі дос» өлеңін оқып, мазмұнын ашамыз.Өлеңді мәнерлеп оқып беру:

...Шекіссек те екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекембіз,

Анамызға айтпаймыз.

Естімесе өздері,

Айтып қанша қажеті?

Біліп қойса

Біздерді

Ойнатпацды бір жеті.

Өлең шумағында не жайлы айтылғаны туралы түсіндіру.

-Балалар, біз бір-бірімізбен қандай болуымыз керекпіз?

-Өз достарың туралы айтып беріңдерші?

3.Рефлекциялық-түзетушілік

Мақал-мәтел айту арқылы қорытындылау, сөз қорларын молайту:

1.Досы бардың жау алмайды.

2.Досын сатпайды,

Аққуды атпайды.

3.Жүз теңген болғанша,

Жүз досың болсың.

Күтілетін нәтиже: достық қарым-қатынас туралы біледі, өлең мазмұны арқылы құрдастарымен сыпайылық қатынаста болуды игереді, достың қандай болуы керегін түсінеді.



© 2010-2022