По обучению грамоте: «Жабайы жануарлар»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Білім бөлімі:сауат ашу

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар».

Мақсаты:

  • Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту;

  • Жазуға қолдарын жаттықтыру;

  • Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Сөздік жұмысы: жабайы аң

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:жабайы жануарлар суреттері

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

II.Мотивациялық қозғаушы кезең


  • Жабайы аңдарға нелер жатады?

  • Неліктен жабайы аңдар дейміз?

  • Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

Жұмбақтар шешу:

Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.

Өзіне болған қорған - орман, ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң.

Жабайы аңдар қорегі туралы балалардан білетіндерін сұраймын, өзім толықтырып түсіндірем.

Жабайы жануарлардың қорегі

Піл- ең үлкен жануар. Ол шөп, бұта сияқты өсімдіктермен қоректенеді.

Керік- ең биік жануар. Ол да өсімдіктермен қоректенеді.

Тиін саңырауқұлақ, қарағайдың бүрінің дәнін қорек етеді. Ол жазда қысқы азығын жинап қояды.

Жыртқыш аңдар өздерінен кіші, әлсіз жануарларды аулап жейді. Мысалы, түлкі - өте иісшіл аң. Қар астында тығылып жатқан тышқанды жылдам тауып, ұстап алады.

Аю ормандағы жидектерді теріп, өзеннен балық ұстап жейді. Аю, қабылан, қасқыр- жыртқыш аңдар.

Ә.Дүйсековтың « Піл» өлеңін оқу, бірнеше бала өлеңнің мазмұнын қалай түсінгендерін баяндайды.

Піл әдісті біледі,

Тұмсығымен іледі.

Піл көтергіш кран!-деп,

Бала біткен күледі.

Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру, тапсырмаларды орындау.

Үзік сызықтарды қосып, түлкінің бейнесін салу және оны бояу.

Тізбекті жалғастырып сызу.(10-бет).


  • қасқыр,қоян,түлкі,аю

- өйткені орманда мекен етеді.


  • саябақтан


Шешуі: түлкі

Шешуі: аю


Жабайы аңдар қорегі туралы айтады.




Балалар мұқият тыңдайды








Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырады

Суретте ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

Үзік сызықтарды қосып, түлкінің бейнесін салып және оны бояйды.

Тізбекті жалғастырып сызады

Сергіту сәті




Бекіту

Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды.

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.

Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.

Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.

«Хайуанаттар бағына орналастыр» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелген аңдарды торларға орналастыру керек. Суретте торлардың пішіні әртүрлі берілген. Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастыру керек.


Қимылмен көрсетеді.




Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастырады

III.Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

  • Жабайы аңдарға қандай қамқорлық көрсету керек?

  • Жабайы аңдар немен қоректенеді?

  • Сен қандай жабайы аңдарды көрдің?


  • өсімдікпен, аю балықпен қоректенеді және бал жейді.

  • Аю,түлкі,қасқыр

Күтілетін нәтиже:

Нені білу қажет: жабайы жануарларды

Не істей алады: әңгімені тыңдай біледі



© 2010-2022