Технологическая карта организованной учебной деятельности Оригами. Қайық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім саласы: Таным

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы: Оригами. Қайық.

Мақсаты: Кеме, қайық түрлерімен таныстыру. Бір-бірімен салыстыруға үйрету. Балаларды конструктор бөлшектерімен таныстыруды жалғастырып, оларды пайдалану мүмкіндіктерінде бір бөлікті екінші бөліктің орнына пайдалана білуге үйрету, құрастыратын бұйымын қасындағы жолдасымен талдап, жоспарлай алуға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қағаз, көлік түрлерінің суреттері, үлгі сызбанұсқа, қағаздан жасалған қайық, кең ыдысқа құйылған су.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар алдымен біз келген қонақтармен амандасып алуымыз керек.

Шаттық шеңбері.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сәлем беру үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме?!

Жарайсыңдар, балалар! Тыңдаңыздаршы балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты. Кім екен келген?

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бірақ қонжығымыз өте көңілсіз екен. Неге мұңайып келгенін сұрап көрейік.

Балалар, қонжықтың айтуынша , оның ата-анасы теңіздің арғы бетінде тұрады, мында достарыммен келіп, адасып кетіпті, енді үйіне қалай жетерін білмей тұр екен?! Қонжыққа көмектесеміз бе?

Ендеше балалар, қонжыққа көлік керек екен,көлік жасап береміз бе?

Алдымен балалар айтыңыздаршы, сіздер қандай көлік түрлерін білесіздер?

Барлығы да көңілді шеңберге тұрып барлығымен амандасады.

Қонжық.

Иә.

Иә.

Жерде жүретін - автокөлік, жүк көлігі, поезд.

Әуеде ұшатын - әуе шары, ұшақ, тікұшақ. Суда жүзетін - қайық, кеме.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Дидактикалық ойын: «Көліктер».

Ойынның шарты: Балалар әртүрлі көлік түрлерін суреттерге қарай отырып, ажыратып, қай көлік түріне жататындығы туралы айтып өту қажет.

Жарайсыңдар, балалар! Енді мына жерге назар аударыңыздаршы, не көріп тұрсыңдар?

Ендеше біз қағаздан қайық жасап, қонжыққа берейік. Ол өзінің ата-анасына тезірек жетсін. Алдымен мына сызбанұсқа бойынша қағаздан қайық жасайық.

Үлгі сызбанұсқа бойынша қағаздан қайық жасаудың әдіс-тәсілдерін тәрбиеші түсіндіріп, жұмысты бастайды.

Жарайсыңдар, балалар. Енді бәріміз орнымыздан тұрып саусақ бұлшық еттеріне арналған сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:



Жарайсыздар,балалар,отыра қойыңдар. Енді жұмысымызды аяқтайық.

Дидактикалық ойын: «Тез құрастыр»

Ойынның шарты: Қайық пен кеменің бөліктерін құрастырады. Ортаға екі баланы шығарып, жарыса отырып, тез құрастырып алу қажет.

Жарайсыңдар, балалар! Жасаған жұмыстарымызды мына үстел үстіндегі тұрған ыдыстағы суға жіберейік.

Балалар, сіздерге қонжық рахмет айтып жатыр, сіздер жасаған қайықпен өз ата-анасына қауышатын болды.

Қонжық балаларға алғысы ретінде әсем әуен орындап, би билеп берді.

.

Балалар берілген тапсырманы орындайды.

Су, қайық түрлері(қағаздан және ағаштан жасалған қайықтар) .

Барлығы да келіседі.



Сергіту сәтін жасайды.

Мынау менің жүрегім-

Осыдан бәрі басталады.

Мынау менің басым-

Осы бәрін басқарады.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш!

Қуана-қуана ойынды ойнайды.

Жасаған қайықтарын ыдыстағы суға жібереді.

Әдемі әен мен биді тамашалайды.

Рефлексифтік түзетушілік

Балалар, бүгін бізге көмек сұрап, кім келді?

Бізге қандай өтінішпен келді?

Біз оған қалай көмектестік?

Сіздерге ұнады ма?

Қонжық келді

Көмек сұрап келді.

Қағаздан қайық жасадық.

Иә, өте ұнады.

Ұғынады:көлік түрлері жайлы түсініктерін ;

Түсінеді:көмек сұрап келген жаңға көмектесу қажет екенін;

Қолданады:қағаздан қайықтарды жасайды.



© 2010-2022