Психологиялық ойынмектеп жасына дейiнгi балаларды оқуга дайындығын анықтау жолдары мен әдiс тәciлдерi

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқуға дайындығын анықтау жолдары мен әдіс- тәсілдер

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар:

«Мен жеңімпазбын» ойыны. Орындықтарды ортаға қойып музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан бір санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып мен жеңімпазбын деп айту керек.

«Құлақ - мұрын» ойыны. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «құлақ» дегенде, қолмен мұрынды ұстайды, ал «мұрын» - деп құлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын дегенде мұрындарын көрсету керек. Мұғалім балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатымен оларды шатыстырып айтады.

«Сөзді есіңде сақта» ойыны. Мұғалім балаларға бірнеше қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді мұғалім өз айтады, балалар келесі сөзді есіне сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

  1. Көктем - жаңбыр

  2. Жаз - күн шықты

  3. Қыс - қар жауды

  4. Аспан - бұлт

  5. Су - балық

«Лото» ойыны.

Мақсаты: Әр суретті орнына орналастыра отырып, ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Шарты:Суреттері бар лотоны үйлестіріп беру. Әр бала өздеріндегі бар сурет бойынша орын тауып басады.

«Не өзгерді?» ойыны.

Мақсаты: баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес үдерісін жетілдіру.

Ойынның шарты: үстелдің үстіне бірнеше зат немесе кішкентай ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау тапсырылады, содан кейін «көзінді жұм» деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да, қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

«Саңырауқұлақтарды жина» ойыны.

Мақсаты: Санау дағдыларын қалыптастыру.

Шарты: Екі себетке саңырауқұлақтарды тез жинау.

«Ойыншықты таны» ойыны.

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шарты: Баланың көзі байлаулы тұрады. Қаптың ішіндегі ойыншықты көзі байлаулы кезде алып ойыншықты атауы керек.

«Тында да айт»ойыны.
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
І - нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа. Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Жазылмай қалған сандарды ата» ойыны.
Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: 100 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау.

«Қандай ойыншық жетіспейді?» ойыны.

Мақсаты: көріп есте сақтауын дамыту.

Жүру барысы: Балалардың алдына 4 - 5 ойыншық қойып, оларды артқа бұрылуы сұралады. Жетекші бір ойыншық алып, балалардан қандай ойыншық жетіспейтінің сұрау керек.

Ойынды күрделендіруге болады: ойыншықтар санын көбейтіп, ойыншықтарды алмай, тек қана орындарын ауыстыруға болады.

«Сөздерді айт» ойыны.

Мақсаты: ойлаудың икемділігін дамыту.

Жүру барысы: Ағаштар, аңдар, үй жануарлары, көліктер, көкіністер, киімдер сияқты сөздерді сипаттайтын сөздердің түрлерін айту керек. Мысалы, ағаштар - қайың, шырша т.б.

«Керісінше айт» ойыны.

Мақсаты: сөздер арасындағы байланыстарды ұғыну қабілетін дамыту.

Жүру барысы: Балаларға сөздер оқытылады, ал балалар оқылған сөздердің антонимін айту керек. Мысалы, көңілді - көңілсіз, жылдам - жай.

«Ойлап тап» ойыны.

Мақсаты: ойлауы, қасиеттерді сипаттау арқылы затты атау қабілетін және тілін дамыту.

Жүру барысы: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ қандай затты сипаттайтыны туралы келіседі, екінші топ бірінші топ «ия» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар қояды. Ойластырылған затты тапқаннан кейін топтардың орындары ауысады.

«Не ұшады?» ойыны.

Мақсаты: баланың зейінін және оның интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру, заттардың басты және маңызды белгілерін атауға үйрету.

Жүру барысы: Зерттеуші балаларға «Торғай ұшады ма? Жылан ұшады ма?» сияқты сұрақтар қояды. Ал топ «Ұшады» деген жауап берсе, қалай ұшатынын көрсету қажет, егер «Жоқ» - тып - тыныш отырады.







© 2010-2022