Түлкі мен қоян. Тіл дамыту. Мектепалды даярлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің технологиялық картасы № 5

«Балдырған» ересек тобы «30» қазан 2014 ж

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Тіл дамыту

Тақырыбы: Түлкі мен қоян (ертегі).

Мақсаты: ертегінің мазмұнын айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету; ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ертегіні балаларға әңгімелеп беру.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалар қызметі

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жұмбақ жасырамын:

  1. Қырда жүрер ол жортып,

Ініде жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлаңдап,

Қандай аң ол алдайтын?


  1. Көзі тостақ, өзі қорқақ.

  • Дұрыс айтасыңдар,

түлкі - айлакер аң, ал қоян - қорқақ аң.


Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.


  • Түлкі.


  • Қоян.

Ұйымдастырушылық -

Ізденушілік

  • Балалар, түлкіні жыртқыш аң

десек, ал қоян жыртқыш аң емес.

  • Қоян - өте қорқақ аң, қоянды

үйде де асырауға болады.

Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз.

Түлкі мен қоян

Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді. Түлкі орманда келе жатып ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», - деп жалыныпты. Міне, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.


  • Ертегі сендерге ұнады ма?

  • Ертегіде нелер туралы

айтылған?

  • Ерте заманда түлкінің

құйрығы қандай болыпты?

  • Түлкі қасқырмен тату

тұрмаған соң не істеген?

  • Түлкі қалай құтылып кетіпті?

  • Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?

  • Сол жерде қоян өзін ұстап

алған түлкіге не депті?

  • Иә, балалар, содан бері

түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқы болып қалыпты.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы - қырлы жерлермен

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Енді түлкі сөзіне талдау жасайық.

«Түлкі» сөзі неше буынан тұрады?

Дидактикалық ойын: «Буынды жалғастыр»

Ойын шарты: аң аттарының бірінші буынын айтып, балалар соңғы буынын тауып, толық атын айтады.

Мысалы: түл - ..., қо - ....., қас - ...., жол - ... - ....

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі № 5 тапсырма орындалады.

Түлкі мен қоян туралы түсіндірмені тыңдайды.



Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды.





  • Иә, ұнады.

  • Түлкі, қоян, қасқыр

туралы.

  • Құйрығы кішкентай

болыпты.

  • Қасқырдан қашып

жүреді екен.

  • Інінің екінші тесігінен

шығып кетіпті.

  • Қоянды көреді.

  • «Мені өлтірме,

құйрығымды сыйға берейін», - деп жалыныпты.


Өлең мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар жасайды.


«Түл - кі» сөзі екі буыннан тұрады.


Түл - кі, қо - ян, қас - қыр, жол - бар - ыс.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексифті - түзетушілік

  • Балалар, біз бүгін қандай

ертегімен таныстық?

  • Қандай сөзге дыбыстық

талдау жасадық?



  • «Қоян мен түлкі» ертегісімен.

  • Түлкі сөзіне.

Қостілдік құрамы: түлкі - лиса, қоян - заяц, қасқыр - волк.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сөзге дыбыстық талдау жасауға, буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды.

Түсінеді: ертегі мазмұнын.

Қолданады: түлкінің құйрығын тауып, үзік сызықтарды қоса білу дағдыларын.

Әдіскер : ______________ Тәрбиеші: Амангарина А.Е.



© 2010-2022