Таным Математика еліне саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық

Бөлімі: Қарапайым математика білімдерін қалыптастыру, жапсыру

Тақырыбы: Математика еліне саяхат

Мақсаты: Математикалық білім мен ұғыдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру. Мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетиалық талғамын қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Таңғы шеңбер:

Қайырлы таң Туған Жер,

Қайырлы таң Көк Аспан,

Қайырлы таң Жер Ана,

Қайырлы таң балалар!

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы таңғы шеңбер жасайды

Ұйымдастырушылық ізденіс

Сюрприздік сәт:

  • Балалар айналамызға қарай- ықшы, не көріп тұрмыз?

  • Яғни, біз қайда келдік?

  • Қараңдаршы кейбір сандар, гүлдер жартылай. Біз осы жартылай сандардың, гүл- дердің жартысын екі топқа бөлініп тауып алуымыз ке- рек.

Тапсырма орындамас бұрын ережелерді еске түсірейік:

-тапсырманы мұқият тыңдаймыз

-бір-бірімізге кедергі болмаймыз

-

Математика сабағы.

1-санының тапсырмасы:

1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.

2-санының тапсырмасы:

«Сиқырлы нүктелер». Шарты: берілген нүктелерге тиісті сандарды қою.

3-санының тапсырмасы:

«Түрлі-түсті резеңкелер». Шарты: Түллі-түсті резеңкелермен сурет салу.

Сергіту сәті:

Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

4-санының тапсырмасы:

«Сиқырлы жіптер». Шарты: жіптерден әртүрлі жолақшалар жасау.

5-санының тапсырмасы:

Компьютермен жұмыс.

Жапсыру сабағы.

Дәстүрден тыс технология бойынша гүл жапсыру. Сабағын - шөптен, гүлді - қағаздан бүктеп қиып жап сырады

Балалар қызығушылық танытады.

  • Пішіндер, сандар, гүлдер.

  • Математика еліне келдік.



-Балалар ережені есте сақтап, белгі бойынша екіге бөлінеді





-1,2,3,4,5

-5,4,3,2,1

-екі нүктеге 2 санын қойдым

-бір нүктеге 1 санын қойдым

-үш нүктеге 3 санын қойдым, т.б.

-түрлі-түсті резеңкелер арқылы үлгі бойынша суреттер салдады

Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды

Үлгі бойынша жіппен жолақшалар жасайды

Компьютер арқылы тапсырмалар орындайды

Практикалық кезең

Рефлекстік түзету

Қортынды. Рефлексия.

Балалар алгаритм арқылы сабақты қортындылайды





Білім беру саласы: Таным Білім бөлімі: ҚМТҚ Тақырыбы: 1,2,3 цифрлары туралы өткенді пысықтау,салыстыру. Мақсаты:1.3санымен цифры туралы өткенді пысықтау;цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру.1,2,3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру.Бір - біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту. Әдіс т-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ -жауап,ойын. Қажетті құралдар:заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушы

Ізденістік











Рефлексиялық түзетушілік

Үстелде 1 ден-5ке дейін сандар жатыр.

Тәрбиеші таныс цифрды тауып,ол туралы өлең оқып беруді өтінеді.

Тәрбиеші балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді. Балалардан сұрайды: -қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар? -қанша кесе боядыңдар? Тәрбиеші балаларға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді. Балаларға сұрақ қояды: -сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар? -дөңгелектердің ше? -ал шаршының астыңдағы қандай цифрды бастырып сыздыңдар?

Сергіту сәті: «бәріміз,біргеміз» Оңға бір қадам, Солға бір қадам Шапалақ ұрамыз. Алға бір қадам, Артқа бір қадам Шапалақ ұрамыз. Тәрбиеші суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды.Балалар «биік-аласа» деген сөздерді қолданып үйренеді.

Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш,ал аласасының қасына биік ағаштың суретін тсалуды сұрайды. Өзін - өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар цифр туралы өлеңдер айтады...

Үш торсық

Үш кесе

1 цифрын, өйткені карточкада бір ғана сопақша бейнеленген.

Үшеу, өйткені карточкада үш дөңгелек бар.

2 цифрын,өйткені карточкада екі шаршы бар.

Қимыл қозғалыспен жасайды







Балалар өз жұмысын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1,2,3 цифраларын ,биік, аласа түсініктерін.

Игереді: екі суретті салыстырып,айырмашылығын таба білуді, сұрақтарға жауап беруді және 1,2,3цифраларын заттың санымен сәйкестендіруді.

Меңгереді: 1,2,3 цифраларын заттың санымен сәйкестендіруді..





Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: ҚМТҚ

Тақырыбы: 5 цифрмен танысу. Сол жақта, ортасында, оң жақта.

Мақсаты:1. 5 саны және цифрымен таныстыру;

2. Нүктелерді қосу арқылы 5 цифрмен салып үйрену;

3. Заттың орналасқан орнын сөзбен айтып үйрену;

Қажетті құрал: балалардың әрқайсысына 12-18 см ұзындыққа дейін жететін жолақ.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, көрсету, ойын.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1-тапсырма. Суретпен жұмыс.
Ағашта төрт қарға отыр, оған тағы біреуі ұшып келіп қосылды. Нешеу болды?

Бесеу.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші тапсырма бойынша сұрақтар қояды.
-Шатырда неше қарға бар?
-Олар қалайша бесеу болып кетті? -Қайсысы артық: 4 пе, 5 пе?
-Суретте неше құс болса, жолаққа сонша дөңгелектің суретін сал. «Аллғыр Джек». Сергіту минуты.

Ағылшынның «Джек, алғыр бол» деген өлеңі 5-ке дейін санауға көмектеседі. Джектің рөлін балалар кезек-кезек орындайды.

Джектің алғыр екенін, Білесің бе, досым сен? Секіреді ол қазір, Алға қарай бес рет, Ал біз қарап тұрмайық, Санайық сонша рет.

2тапсырма. 5цифрының сандық қатардағы орнын анықтап, 5 саны қаншаны білдірсе, сонша моншақ бояу. Өзге сандардың арасындағы бестіктерді тауып, оларды қоршап сызу. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тәрбиеші балаларға карточкадағы фигураларды саусақпен сызып шығуды ұсынады. Содан кейін дәл сол фигуралар салынған кестені көрсетеді.

3тапсырма: -текшелер қайда жатыр? -керует қайда тұр? -доп қай жерде жатыр? Оң жақтағы заттарды сары қарындашпен, ортадағыны қоңырмен, сол жақтағыларды көгілдір түспен, ал керуеттің астында жатқан затты қызылмен бояу.

Алғашында 4 қарға болатын, сосын оған тағы біреуі келіп қосылды. Сонымен бесеу болды.

Олар шеңбер құрып тұрады, ортасында жетекші /Джек/ тұрады. Ол өлеңнің мәтіні бойынша қимылдайды.



Балалар 5 моншақты бояйды.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар сендердің сол жақтарыңда не бар?
-Ал оң жақтарында ше?
Тәрбиеші сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балалар сұраққа жауап береді. Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5 цифрын, қыс мезгілінің ерекшеліктерін;

Игереді: математикалық жұмбақтарды шешуді 5 цифрын нүкте бойымен бастырып салуды, заттың орналасқан орнын сөзбен баяндауды;

Меңгереді: 5 саны мен цифры туралы түсінікті;





Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау,солға,оңға.

Мақсаты:4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау,1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру,үшбұрыш,тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау,айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету,өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын солға,оңға анықтау және сөзбен баяндау.

Әдіс т-тәсілдер: сұрақ -жауап,түсіндіру.

Қажетті құралдар:цифрлар карточкасы,заттық суреттер,ойынға қажетті суреттер.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Ұйымдастырушы

Ізденістік











Рефлексиялық түзетушілік



«цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Тәрбиеші үстелге 1 ден- 10-ға дейінгі сандарды орналастырады.

Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып , ол туралы тақпақ беруін өтінеді.

Тәрбиеші балалардан шаршыларда қандай сан жазылғанын сұрайды.Сол жақтағы шаршының ішіндегі цифр нешені білдірсе, сонша доп пен шарды салып шығуға ұсыну.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.

-шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар.

Санамақ сергіту сәті.

Бір,екі,үш,төрт Жиналамыз бәріміз Бір ,екі,үш,төрт Секіреміз бәріміз Бір,екі,үш,төрт Отырамыз бәріміз

Сурет бойынша барлық балаларды санауды тапсырады,жасырынып тұрған балаларға да назарларын аудару керек.содан соң сонша дөңгелекті бояйды

4 тапсырма

4 жолақтың ішінде қандай фигуралар бар екенін айтады.Жолақтын ішіндегі фигураларды орналасуына қарай салыстырады.Екі бірдей жолақты бір-бірімен сызық арқылы қосады.

Өзін -өзі бақылау және атқарған жұмысқа баға беру.

Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.



Балалар цифрды табады.

Бұл-1 цифры....

Бұл -2 цифр.....

Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды

Үшбұрыш және бір тіктөртбұрыш

Өлең қимылмен жасайды.

Балалар барлығы 4бала бар екенін айтып,4 дөңгелекті бояйды.

Екі бірдей жолақты қосып оның бірдей екендігін дәлелдейді.

Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.1,2,3,4 цифралары туралы. Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштан.




Күтілетін нәтиже:

біледі:4 саны мен цифры туралы.

игереді: 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен салыстыруды.

меңгереді:заттың орналасқан орнын анықтауды оңға,солға геометриялық фигураларды тани білуді.



© 2010-2022