Конспект занятия: : «Жаңғақтан жасалған тасбақа»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

Технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Мүсіндеу

Тақырыбы: « Жаңғақтан жасалған тасбақа»

Мақсаты: Табиғи материал жаңғақ қабығының басқа да келтірер пайдасымен, оның бөлшектерін біріктіру тәсілдерімен қалыптастыру, көз мөлшерін пайдалана отырып жұмыс жасау шығармашылықтарын арттыру.Табиғи материал мен ермексаз арқылы тасбақаның пішінін жасатып үйрету.Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

К/құралдар: Жаңғақтың қабықтары, үлгі, тасбақа(ойыншығы), тақтайша, тасбақа туралы бейнетаспа, ермексаз, қол сүрткіш.

Алдын-ала жұмыс: Сурет құрау, әңгіме өткізу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.

Әрекет кезеңде

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу

Тәрбиеші топқа сиқыршыны қонаққа шақырады. Топқа сиқыршы келеді де ғажайып сәт ұйымдастырады.Сиқыршы тірі тасбақаны әкеледі.

Балалар сиқыршымен танысуға тілек білдіреді. Тасбақаны көріп қызығушылық танытады.

Ұйымдастыру,

іздену

Тәрбиеші балаларға«Дауысымнан таны» деген ойын ойнатады.Ойынның кезінде бір әдемі әуен естіледі. Тәрбиеші топқа бір қонақ келіп тұрғанын ескертеді.Топқа сиқыршы келеді.Сиқыршы амандасып,өзін таныстырады..Балалар мен сендерді күнде үлкен айнадан көріп отырамын, ал бүгін мен сендерге балабақшаға барып келейінші деп, қонаққа келдім.

Тәрбиеші: Бізге қонаққа келгеніне қуанамыз, енді балаларға сиқырыңды көрсетші.Сиқыршы қарды көрсетеді де, қардан жасалған тасбақаны шығарады, матаны көрсетіп матадан жасалған тасбақаны шығарады, тасты көрсетіп, тірі тасбаны шығарып балаларға көрсетеді. Осы әрекеттің бәрін сөзбен айтып, шапалақтап, сиқырлы таяғымен орындатады.. Тәрбиеші:Қандай керемет сиқыршы. Қыста ұйықтап жатқан тасбақаны оятып әкеліпті. Балалар қыстағы қандай жан-жануар ұйықтайды.

(Аю, кірпі, борсық)

Тәрбиеші тасбақа туралы әңгіме өткізеді.Сұрақ қояды.

  • Тасбақаның үсті қандай?

  • Тасбақаның қандай мүшелері бар?

  • Ол жауыннан қалай қорғанады?

Балалар ойын ойнайды. Әуенді тыңдап сиқыршы келгеніне қуанады.Балалар сиқыршымен танысады. Сиқыршыны жасаған сиқырын көреді, қызығады.Тірі тасбақаны көріп қызығушылық танытады.

Балалар сұраққа жауап береді. Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.Теледидардан тасбақа туралы көреді.

Тасбақа туралы әңгімелеп береді.Тасбақа бауырымен жорғалайды, ол суда да құмда да өмір сүреді.Тасбақа шөппен, судағы балықтармен, шаянмен қоректенеді. Қыста мұздың астында терең жерде қыстайды, ұйықтайды.Көктемде мұз ерігенде судың бетіне шығып рахаттана ауа жұтады және құмға барып жүреді.Шілденің ыссы күндерінде жазда,, аналық тасбақа судан алыстау жердегі құмға барып жұмыртқалайды.Уақыты келгенде жұмыртқалар жарылып, кішкентай тасбақалар шығып, өздері суға барып түседі.

Тәрбиеші бейнетаспадан балаларға тасбақаның түрлерін көрсетеді. «Сергіту сәті»

«Бақа,бақа,балпақ» (қимылмен көрсетеді)

Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Түнімен,түнімен

Көшіп жүр үйімен.(Тасбақа)

Тәрбиеші үлгі бойынша көрсетеді. Тәрбиеші балалармен жұмыс жасайды қадағалайды.Дидактикалық ойын ойнатады. «Пішіндерді ата». Психолог психожаттығу жасатады.

Балалар теледидардан әртүрлі тасбақаны тамашалайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Жұмбақтардың шешуін табады.

Тәрбиешінің жасаған жұмысын қадағалап тыңдайды. Үлгі бойынша орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды

Психожаттығу жасайды.

Рефлексивті түзету

Тәрбиеші сиқыршыға балалардың жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.

Балалар алған әсерімен бөлісіп қуанады.Сиқыршымен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: жаңғақ туралы білу керек.

Болу керек: Тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашыл болу керек

Істей білу керек: Түстерді ажырата отырып, соынмен қаар жаңғақ пен басқа нәрселерден зат жасай білу керек




Күні.

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: дене шынықтыру

Тақырыбы: «Екі колымен допты тәрбиешіге бастан асыра лақтыру.)»

Мақсаты:Допты лақтыру әдістерін игеру жағдайларын қамтамассыз ету,түзу және ирек жолдармен жүгіруді үйрету.

Жылдамдыққа,ептілікке тәрбиелеу.

Қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру..Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

1.Бір тізбекпен тұру.

2Сәлемдесу.

Біздер тату баламыз,

Ұландардай баламыз.

1,2,3-жоғары қолды соғамыз,

Бір жолмен журе аламыз

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Күндей нұрды шашамыз.

Бір тізбекпен кіріп,бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі.

Орман аңдарының іс-қимылын келтіріп жүреді

Ұйымдастыру-іздестіру

.жан жақты дамыту жаттығулар

Текшелер

1.Қол мен бұлшық еттерге арналған жаттығулар

б.қнегізгі тұрыс,текшелерді төмен түсіреміз

1.Текшелерді жоғары көтеріп бір-біріне соғу

2бағытқа келу.

Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

Аяқ арасы сәл ашақ,текшелерді кеуделерде ұстау.

1қолдағы текшелерді жоғары көтеру.

2қос қолдағы текшелермен оңға иілу.

3 бағытқа келу.

4.қос қолдағы текшелермен солға иілу.

5. б.к. келу.

Б.к негізгі тұрыс,қол төменде.

1.Қолдағы текшелерді алға созып отыру.

2.Тұру.

3.Б.к келу.

3.аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

1алға қос аяқпен секіру.

2.Артқа қос аяқпен секіру.

3.Б.к

Тыныс алу.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1.Допты бір-бірлеріне лақтыру,ұстап алу.

2.Түзу және ирек жолдармен жүгіру.

Кім баяу?»ойыны

1.Ойын шартымен түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

.

Жаттығуларды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

1.Қауыпсыздық ережесін сақтау.

2.Балалардың көңіл күйін бақылау.

3.Жаттығулар ережелерің толық орындалуын қадағалау.

Қолданылған заттарды жинастыруға көмектеседі.



Күтілетін нәтіже:

Орындайды.допты лақтыруды,өзіне келген допты екі қолмен қағып ұстап алуы. Түсінеді:Допты бір біріне қалай дұрыс лақтырып,қалай ұстап алу керектігін.

Қолданады.Доптар және жалаушалармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.



© 2010-2022