Берекелі алтын күз 0 класс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік.

Тақырыбы: «Берекелі - алтын күз»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері мен артықшылықтарын ұғындыру.

Міндеттері: Білімділік : Балаларға мерекені сезіндіріп, күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстыра отырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық : Балалардың ақыл-ойын, тілін, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайтып, дамыту;

Тәрбиелік : Балаларды бір-бірін сыйлауға, әдемілікке, әсемдікке, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Залға сары жапырақта жапсырылған,күз бейнеленген суреттер, шарлар,әр-бір баланың бастарында түрлі жеміс-жидектер мен көкөністердің суреттері.

Тәрбиешінің сөзі: Құрметті ұстаздар,ата-аналар, балалар! Бүгінгі №9 Т.Рысқұлов атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебіндегі мектеп алды даярлық тобының күз мезгіліне арналған «Берекелі- алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Кездескен соң күзге мен

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын!

Тәрбиеші: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі екен? Күз екенін қайдан білдік? Балалар, естуімше күз ханшайымы орманға келіпті. Қазір сендермен сол орманға саяхатқа барамыз. Сендер күз ханшайымын көргілерің келе ме? Күз туралы кім тақпақ біледі екен?

Жаннура: Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Спандияр: Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп.

Саян : Қамба толды астыққа Алғыс саған алтын күз Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз. Ал, күзде қандай жемістер мен көкеністер піседі екен? Карина: (пияз)

Асханадан шықпаймын,

Атым - пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Үмітәй : (қызанақ)

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен - қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Лиза : (сәбіз)

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпын,

Сәбізбін мен жазықсыз!

Бек : (картоп)

Картоп - біздің атамыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Жарайсыңдар балалар.Күз туралы біледі екенсіңдер.Енді күз айларын атап беріңдерші.

Хормен: Қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші: балалар, осы жерде отырып біраз дем алып алайық. Біз дем алып отырғында қыздарымыздың биін бірге тамашаласақ

Би: «Қуыршақ»

Осы кезде қонаққа Маша қыз кіріп келеді.Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер орманда не істеп жүрсіңдер? Балалар: күз ханшайымын көру үшін орманға келдік Маша: күз деген қандай болады? Балалар: сары Маша: а,а. Онда мен білемін, қазір күзді ертіп келемін. Балалар ду күледі. Маша күз екен деп Спанчбобты ертіп келеді. Маша сен жылама, одан да бізбен бірге жүр күз ханшайымын бірге көрейік. Спанчбоб: балалар, сендер ән білесіңдер ме, Маша қыздың көңіл-күйін көтерейік! Ән: «Не деу керек?» әнін хормен айтады. Спанчбоб: Балалар мен сендерге қарасым жемістер мен көкөністер бар екен. Мен көкөністердің өнерлерін көргім келіп тұр.

Айдана : (қызылша)

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім бар қанға - нәр.

Зияным жоқ біліп қой -

Қызылшамын, пайдам бар.

Бопыхан: (алма)

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме -

Ісіп кетер маңдайым.

Тәрбиеші: Балалар, қане шаршаған боларсыңдар енді тобымыздың жігіттерінің жорға биін тамашалайық.

Би: «Жорға биі»

Тәрбиеші: Ендеше біздің жемістер мен көкөністеріміздің өнерлерін әрі қарай тамашалайық!

Нұрым : (қырыққабат)

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

Мағжан : (қауын)

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған -

Балдай тәтті қауынмын.

Арыстан: (жүзім)

Іші толған шәрбәт,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты - ЖҮЗІМ.

Тәрбиеші: балалар, міне белгіленген жерге де жеттік. Кәне, бәріміз хормен күз ханшайымын шақырайықшы.

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір сендердің өнерлеріңді тамашалағым келеді.

Би «Жастар»

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар, барлықтарың өнерлі екенсіңдер! Мына мәуелі ағашта алмалар пісіпті.Менде екі себет бар. Сол себеттерді Спанчбоб пен Машаға берейін. Қайсысы көп алма жинар екен.
(Балалар ойынды ары қарай жалғастырады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Ханшаймға тағы бір өнерімізді көрсетейікші!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Ханшайым: Жарайсыңдар балалар, маған көрсеткен өнерлерің қатты ұнады. Мен сендерге арналған сыйлықтарыңды тәрбиеші апайларыңа қалдырамын.Сендер қысқа дайынсыңдарма?

Хормен: Қысқа біз де дайынбыз-

Қарсы аламыз уайымсыз!

Тәрбиеші : Ханшайым бізге қонақ болып келгеніңізге үлкен рахмет. Әрқашан күлімдеп жүріңіз! Сау-саламат болыңыз! Келер жылы кездескенше.(Ханшайым шығып кетеді)

Хормен: Сау болыңыз ханшайым!

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар осымен біздің «Берекелі алтын күз» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!


© 2010-2022