Сценарий Армысың, әз Наурыз!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Армысың, әз Наурыз!


Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық тілейміз!

Жер әлемді жайнатып, өмірді қызу қайнатып, ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі келді, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Береке, бірлік болсын! Дей отырып, бүгінгі «Армысың, әз Наурыз» атты ертеңгілігімізді бастайық!

(ортаға балалар тақпақтарымен шығады)

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз кепті

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз!

Наурыз келді мінекей,

Балалар жүр әнекей.

Қуаныштан ән салып,

Би билейік кәнекей!

Наурызбен құттықтап,

Алыс, жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Мерекені байырғы,

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастархан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Ата бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған

Дала дархан, қарлы шың.

Ән «Киіз үй»

Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Бақыт жылы болғайсың.

Бізге беріп жаңа жыр

Бізден алғыс алғайсың.

Бусанып жерім бай

Төсінде қалқыр ән.

Наурыз көңілді ай

Шаттығы шалқыған.

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді

Наурыз тойы салтымыз.

«Көгерсін» деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ білем.

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!» деп.

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже.

Дәм әзірлеу басталды.

Би «Қамажай».

Ертеңгілігіміздің келесі бөлігі сайыстармен жалғасады. Бұл сайыста ата аналар мен оқушылар қатысады. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтелік: ______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Бәйге» ойыны.

  1. Наурыз мейрамы қандай ұғымды білдіреді? (Нау - жаңа, рыз - күн)

  2. Наурыз көже неше тағамнан жасалады? (7 тағам)

  3. Қазақта 16-19 жас аралығынқалай атайды?( Бозбала, бойжеткен)

  4. Сәби дүниеге келген күні арнаулы мал сойылады. Оны не дейміз? (Қалжа)

  5. 61 жас неше мүшел? (5 мүшел)

  6. Үш байлықты ата? (денсаулық, ақ жаулық, бес саулық)

  7. Бас табаққа қандай еттер салынады? (бас, жамбас, қоспалар)

  8. Жеті атаны атаңыз? (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. туажат)

  9. Ұлыс күні жауған қарды қандай қар дейді? (Амалдың ақша қары)

  10. Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)

  11. Наурыз эмблемасын ата? (бәйшешек)



  1. Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)

  2. Тұяқты малдың қыста жайылатын өрісі не деп аталады?(Тебін)

  3. Зергерлік бұйымдарының бір түрі қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағатын зат атауы. (шолпы, шашбау, шаш теңге)

  4. Құран сөзі не деп аталады? (Аят)

«Арқан тарту» ойыны (балалармен)

Би сайысы.

  1. Тиктоник

  2. Қазақ биі

  3. Лезгинка

  4. Рэп

«Қыз қуу» ойыны

Мадақтау бөлімі.


© 2010-2022