Сценарии утренника к 8 марта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Құрметті аналар,әріптестер, қонақтар 8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана-өмір шуағы» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділеті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыңдар, қасиетті аналар!

-Ардақты асыл аналар,ақ жаулықты әжелер,біздің кішкентай бүлдіршіндер сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтап,зор денсаулық,ұзақ өмір тілей отырып өздерінің тақпақтары мен әндерін,билерін сыйға тартады. Біздің балалардың тілектерін қабыл алыңыздар!

ӘН: « Апатайым!»

Тақпақтар:

Алина. Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен!

Амирхан: Мен анамның қызымын

Соныңдағы ізімін.

Анашымды сыйлаймын

Ренжітуге қимаймын!

Жансая: Ақ жүректе сақтаған

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетінен сүйемін

Келші,келші ақ мамам!

Ерасыл: Бәрімізге анасың,

Бізге күн боп жанасын

ҚҰтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым!

Еркежан: Тау қопарып,тасты үгіп

Тұрғыздын сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен,ана!

Балалардың орындауында би.

( Осы сәтте есік қағылып,көңілді әунмен залға Карлсон жүгіріп келеді.)

Карлсан: Сәлеметсіңдерме балалар! Мені таныдыңдарма? Мен дұрыс айтасыңдар Карлосынмын! Ең ақылды,ең көңілді ,ең тәрбиелі адаммын, Мен сендердің әжелеріңді,аналар мен қыздарды мерекемен құттықтау үшін әдейі ұшып келдім.

Жүргізуші: Карлсон,бізге сыйлыққа не әкелдің?

Карлсон: (ренжіп)-Мен гүл шоқтарын дайындап едім. Бірақ оларды ұшып келе жатып шашып алдым.

Жүргізуші: Балалар,Карлосонға гүлді жинап көмектесейікші.

Ойын: «Гүл шоғын жинау».

(Балалардың көмегіне риза болып Карлосон билей жөнеледі)

Жүргізуші: Карлсон,сен бізбен бірге балалардың аналарына арнаған өнерлерін тамашала,

Карлсон: Рахмет ,балалардың өнерлерін онда тамашалайық.

Жүргізуші:Кішентай аруларымыз сіздерге өздерінің сән үлгілерін көрсетеді. Қарсы алыңыздар.

Кезекті тақпақтарға береміз.

Камила: Айналайын анашым

Әлемдегі жан асыл

Ет жүрегін елжіреп,

Құшағына аласын.

Санжар: Жүре берсем қасында

Әйбат анам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз боплып қуанам.

Алина: Сенен өскен балалар

Батырлармен даналар

Құттықтаймыз мейрамен,

Құрметті аналар!

Нұрсұлтан : Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңға қысылмай.

Камила: Айтсан болды тіл алам,

Әйбәт наам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Жансері: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.

Бекзат: Бәрімізге анасын

Біз үшін көп жанасын

Құтты болсын мейрамын

Құттықтаймын анашым!

Аружан: Аялы ана,асыл ана

Саған сенем,сені сүйем.

Келесі орындалатын ән:

Ән: «Нұрын төккен маған».

Жүргізуші: Аналардың анасы әжелерге арнаған балаларыңыздың сыйын қабыл алыңыздар.

Алина: Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем,пәк әжем.

Басқалардай емессіз,

Сүйкімдісіз ақ әжем.

Санжар: Әже маған базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін,жақсысын,

Маған таңдап әперді.

Еркежан: Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін.

Бақтияр: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне.

Нұрсұлтан: Ән салғызып үйретіп,

Ылғи бізбен жүреді

Тақпақты да үйретіп

Ойнатады күледі.

Аружан: Еркелесе күнім дейді

Ұрысқаны білінбейді.

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым ,күнім дейді.

Әжелеріміздің құрметіне Алинамен ,Амрханның орындауында ән «Бөбектер әні»!

Жүргізуші: -Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ақ, қар еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде.

Жүргізуші: Иа, балалар, көптен күткен көктем де келіп жетті. (Залға вальс әуенімен қолында сыйлық салынған себеті бар Көктем кіреді

.Көктем: Сәлеметсіздерме, балалар, аналар!

Сағынышпен жеткен

Келді міне көктем

Жайнап нұрлы гүлі

Мерекеніз бүгін

Құтты болсын аналар!

Жүргізуші: Көктем ,біз сенің келгеніне өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын,бұлақтың сылдырын сағынды. Олар қазір саған арнап ән салып береді.

Ән: «Көктем».

КөКтем: Рахмет балалар әндерін қандай тамаша.

Жүргізуші: Қандай ғажап күн бүгін

Күміс-күлкі,жан-жағың

Күлімдеген бар бала

Жігіттер биін билейді.

Ойын: «Анамызды әшекейлейміз».

Ән: « Әрқашан күн сөнбесін!»

Көктем аруы:

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен өрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Көңілді әуенімен балалар дайындаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.

Жүргізуші: Құрметті аналар,осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер!



© 2010-2022