Сауат ашу Ж дыбысы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:21.12.2015 ж.

Оқу іс-әрекеті: Сауат ашу.
Білім беру саласы: «Қатынас».

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.

Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға,

сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау

қабілеттерін арттыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ

шешу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа жән

жазба үлгісі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар қонақтармен амандасады.

2.- Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық.

- Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай болып екіге бөлінеді?

- Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетіп, айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл түстеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк түстеріңді көтеріңдер.



Үй тапсырмасын тексеру =Ы= дыбысына сөз ойлап келу.

3. Жаңа сабақ. Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
(суреттер)
- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.

«Ж» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру

Ж/дыбыстарын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады. Үстіңгі, астыңғы тістердің аралығы /с/ дыбыстарын айтқандағыдай тіл ұшы жалпақтанып қысқа тістердің түбіне жуықтайды, бірақ тимейді. Тілдің алдыңғы жағы ойықталады да, екі жағы үстіңгі тіске тиеді. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен /ж/ дыбысы жасалады. Тілімізбен тісімізді айналдыра тазалаймыз. «Ат шауып келеді»- - ауызды кең ашып тілді таңңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу. Жылан қалай дыбыстайды.

Жел қалай соғады.

-Кәне бәріміз тағы да бір рет ж- ж-ж деп айтайықшы.

Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.
- Ж - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?


Жұмбақ жасыру:
Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады.
Түр - түсі сары ала
Бұл не? (Ара)
Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады?- ж - ж - ж - ж - ж - ж
Ара, ара, аралар,
Орманның бәрін аралар.
Гүлдерден сорып бал алар.
Магниттік тақтада гүлдердің суреттері.
Ара қай гүлге қонады, сол гүлде араның тапсырмасы болады.
Араның тапсырмалары:
1. - Ж дыбысынан басталатын суретті сызық арқылы көрсет .
(сурет)
2. "Буындарды оқы" Карточка бойынша буындарды тарату

ЖУ - МА РУ ША ДО
ЖА - РА РО НО Ой
ЖЫ - ТА БА ҚА
ЖО ҒА ЛА ДУ

Сергіту сәті:

Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.

3. Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Жа - ға, жу - ан, жыл - дам, , жы - лан, жас - тық, жа-й, жай-лау, жо-л
- Балалар, біз араның барлық тапсырмаларын орындадық.
.Тіл ұстарту жаттығуы

Жа-жа-жа

Менің атым қожа.

Әліппе дәптермен жұмыс.

1.Әже, жолбарыс,морж сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

2.Жазу жұмысы. Ждыбысының баспа түрін жазады.

3.Сурет бойынша сөйлем құрату,

Қорытындылау.

Бүгінқайдыбыспен таныстық?

- Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Ж - дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.


Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыбастау орта мектебі

КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Нурбекова Асем Жетписовна

Сауат ашу Ж дыбысы

Сауат ашу Ж дыбысы








Сауат ашу Ж дыбысы







Сауат ашу Ж дыбысы







Сауат ашу Ж дыбысы



© 2010-2022