Тәрбие сағаты МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ- МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ!»

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, өзін-өзі қорғауға насихаттау

Түрі: сайыс

Өтетін орны: мәжіліс залы, сағат-13.00

Қатысушылар: әр топтан 3 оқушы

Өткізілу шарты:

  1. Таныстыру

  2. ҚР Конститутциясы мен бала құқықтары және тәуелсіздік тарихынан сұрақтар

3.«Құқықтық сауаттылық» (жағдайды талқылау)

4. «Менің құқығым- менің болашағым» (әр топ оқушыларының зиянды әрекетке бармаудың алдын-алу жарнамасы)

5. Құқықтық термин сөздер

6. Марапаттау

Жүргізуші:

Мектебіміздің «Әділет» үйірмесі ұйымдастырып отырған «Менің құқығым- менің болашағым» атты Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған танымдық сайысқа қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

2011жылдың ең басты жаңалығы- Республика тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі. Тәуелсіздік әрбір Қазақстандық азаматтың жүрегінен орын алған сұлу сезім, Отанға деген махаббат, болашағының бағдаршамы, табынатын тұмары, мәңгі жарқырап тұратын шырағы.

Тәуелсіздік- ұлтымыздың ұлылығын айқындайтын ұлы күш, еркін еліміздің көлеңке түспейтін бейнесі, дархан даламыздың саф алтындай самал желі, құдыретті тауларымыздың асқар төсі, таза суларымыздың киелі тамшысы.

Жүргізуші:

Ендеше Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық құрметіне арналған «Менің құқығым- менің болашағым» атты сайысты ашық деп жариялаймын.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік- қасиетті ұғым. Оның мазмұны мен сипаты ешбір өлшеммен сараланбайды, табысына баға беру мүмкін емес, құндылығы өте қымбат. Бірақ бүгінгі сайысқа әділ қазылар шынайы баға береді деп ойлаймын. Сонымен бүгінгі әділ қазылар мүшелерімен таныстырып өтейін.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік деп аталатын теңдесі жоқ жеңісіміздің тамыры тереңге сіңіп, болашағы жарқын, табысы баянды болу үшін қазіргі білімді ұрпақтың мүмкіндігі өте көп. Сонымен бүгінгі сайысқа қатысушы мектебіміздің үйірме топтарын қошеметпен шақырайық.

1.Біз болашақ тірегі еліміздің

Біз болашақ иесі жеріміздің

Ізденуден жалықпас әрқашанда,

Мүшесіміз «Ізденіс» атты үйірменің

2. «Ата көрген- оқ жонар, шеше көрген - тон пішер» дегендей әр ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, еліміздің тәуелсіздігіне қосар үлесі болу керек. Мектебіміздеге «Жанұя» үйірмесіде өз үлестерін қосуда, «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранымен шақырайық.

3. Жастарды ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат етіп тәрбиелеу үшін ең ізгі құндылықтарды, ұлттық дәстүрімізді, тарихымызды олардың бойларына сіңіртіп, қазақ елінің ұлттық болмысына қарай тәрбиеленген жөн. Ендеше «Асау тұлпар желдей ескен арыңды, Оқу меннен еңбекке сая барыңды» ұранымен «Зерде» тобы

4. Жастарды қамқорлыққа, сақтыққа, адаодыққа, бір-біріне көмекке беруге тәрбиелеу мақсатында «Жолы болсын әркімнің, сақта жүру тәртібін» ұранымен ЖЖЕ тобы

5. Тәуелсіздік сарыны бізге Құрманғазы бабамыз бен Дина анамыздың күйлері, Махамбеттің жалынды жырлары, Абайдың терең ойлары арқылы жетті деп айта аламын. Онда ортаға болашақ ақындар «Ұшқыннан жалын қаулайды» ұранымен «Ұшқын» үйірмесін шақырамыз.

6. Тарих қойнауынан бізге асыл мұра болып жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке «Жеті жарғысы» немесе еліміздің Ата Заңы халықты құқықтық бастауларда тәуелсіздікке бастап апаратын тек әділетті жол. Ортада «Әділет»

Заң міндетті бәрімізге халайық, Ата Заңды қасиетке балайық!!!!!

7.ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қло қойды. Азаматтардың басты міндетті, парызы Отан алдындағы борышын өтеу, қорғау. Сонымен болашақ ел қорғаушылар «Батыр» тобын шақырамыз.

8.Елімізде, соның ішінде біздің мектебімізде спортқа ерекше көңіл бөлінген. 2011 жыл ел үшін жетістігі Қысқы Азида, спорт сайыстарының салтанаты да Астананың мәртебесін, қазақстандықтардың рухын көтерді. Сонымен ортаға «Намыс 1-2» топтарын шақырайық.

Жүргізуші:

Енді сайысымыздың 2 кезеңін бастайық, әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 1 ұпай. 1-топ

  1. Мемлекттік биліктің бірден-бір бастауы

  2. Қазақстан БҰҰ-ң Бала Конвенциясына қашан қосылды?

  3. Н.Ә.Назарбаев дүниеге келген жыл (1940)

2-топ. 1. Президент болып неше жастағы азамат сайлана алды?

2. Ата-аналар бала неше жасқа толғанда аты-тегін өзгерте алады?

3.Ұлттық теңге қашан қабылданды? (1993ж 15 қараша)

3-топ. 1.Заң шығарушы орган

2. Бала құқығы бойынша неше жастағы баланың пікір ескеріледі?

3. Сенат болып қанша жастағы азамат сайлана алады?

4-топ. 1. Үкімет басшысы

2. Бала тәрбиесіне ата-ананың қайысысы міндетті

3. Еліміздің жаңа ән ұраны қашан қабылданды?

5- топ. 1. ҚР мемлекеттік рәміздер туралы Конституцияның нешінші бабында

2. Қорғаншылық деген

3. Ту авторы

6-топ. 1. Парламент қандай палаталардан тұрады?

2. Қамқоршылық деген не?

3. Қазақстан елінің тұңғыш астанасы

7-топ. 1.Атқарушы билікті жүзеге асырушы

2. ҚР Бала құқықтары туралы Заң қашан қабылданды?

3. АЗИАДА да еліміз қанша жүлдеге ие болды?

8-топ. 1. Президент болып бір адам қатарынан екі реттен артық сайланбайды, бірақ бұл шектеу қолданылмайды?

2. Бала құқықтары туралы Конвенция қашан қабылданды?

9- топ. 1. Әр азаматтардың негізгі үш міндеті

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

1.Адам сағат таңертеңгі 9- дан 50 минут кеткенде қылмыс жасайды, егер ол қылмысты кешекі 7- де жасаса, оның қылмыстық жауптылығының ауыр-жеңіл болуына ықпал етер ме еді

2.Оқашев қала сыртындағы қоқыстан аралап жүріп, одан алтын сақина тауып алады. Оны ешкімге көрсетпей үйіне әкеліп қояды. Қылмыс обьектісі барма?

3.Ерғалиев он төрт жасқа толып жатқан күні туған күн рәсімін жасайды. Дәл сол күні, туған күн кешінен соң, отырыстың буымен жолдастарымен бірігіп ұрлық істейді. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылама?

4.Есі дұрыс емес Нұрымовты Саламатова атты әел ұрлық жасауға жұмсайды. Қылмыстың субьектісі болып кім табылды?

5. Битанов он сегіз жасқа толуға бір ай қалғанда қылмыс жасайды да, екі айдан соң ғана ұсталады. Жауапқа қалай тартылады.

6. 9 сынып Айбар өзінің сынптасы Әселдің қоламсабын білдіртпей алып кетті. Айбардың әректі қылмыс болып табыла ма?

7. 14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендап жүріп, бірнеше телефон автоматтардың трубкаларын жұлып алды.Ол тірліктері полиция нарядымен тоқтатылды. Кім және қандай тәртіппен оларды жаупкершілікке тартады.

8. 4 сыныптың оқушысы Асқар автобуста жол ақысын төлеген жоқ. Билет тексеруші билет немесе жол билетін көрсеитуді талап етті. Асқардың қолында біріншісіде, екіншісіде болған жоқ. Билет тексерушісі Асқардан айппұл төлеуін өтінді

9. 10-сынып оқушысы Ордабаев полицейлер қоғамдық жерде мас күйінде тоқтады. Полицейлердің ескертуіне Ордабаев балағаттап жауап береді. Осындай әрекеті үшін Ордабаевты жауапкешліктің қай түріне тартуға болады.

ҚҰЫҚТЫҚ ТЕРМИН СӨЗДЕР

1.Констиуция -заң

2.Айппұл-ақшалай сома

3.Тәркілеу-қосымша жаза түрі

4.Бұзақылық- қорқытумен, бүлдірумен ерекшеленетін әрекет

5.Адвокат-қорғаушы

6.Ұйымдастырушы-қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі

7.Неке

8.Шарт- екі немесе бірнеше адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын құжат

9.Конвенция- бала құқықтары

МАРАПАТТАУ


© 2010-2022