Занятие по ознакомлению с окружающим Қоршаған ортамен танысу (дошкольное образование)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топ балаларына арналған бірлестірілген оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: "Таным" «Шығармашылық» «Денсаулық» Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. Сурет. Дене шынықтыру. Тақырыбы: «Көңілді мысықайлар» Мақсаты: : Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, арт-терапия әдісін қолдану арқылы бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту.Музыка қолдану арқылы балаларды ойын әрекетіне баулу. Дәстүрден тыс сурет салу әдісін қолдана отырып,сурет салуға үйрету . Қиялдарын, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға көңілді күй сыйлау.

Алдын -ала жүргізілген жұмыстар: Үй жануарлары туралы өлең, жұмбақ, ертегілер оқылды.Суреттер көрсету, ойындар арқылы түсініктері кеңейтілді. Көрнекіліктер: мысықтың суреті,әйнек үй салынған сурет, топтағы әйнек үйдегі балықтарға бақылау. Билингвалдық компонент: мысық-кошка,мысықайлар-котята, әйнек үй-аквариум.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ жасыру:

Өзі жап -жас,мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде

Түкті тонын шұп -шұбар.

Балалар жұмбақтың шешуін айтады.

Іздену-ұйымдастырушы:

-Дұрыс бұл мысық.Енді мына суретке қараңдаршы, мынау не? -Сендер мысық туралы не білесіңдер? Өте жақсы,енді мені тыңдаңдар.Мысық үй жануары,өйткені оларды адамдар үйде ұстайды.Ол ақылды, сүйкімді, мейірімді жануар.Сондықтан адамдар оларды жақсы көреді.Сендер білесіңдер ме, оның мұрты не үшін керек екенін? -Олардың мұрты иістерді жақсы сезіну үшін керек.Ал құйрығынан оның көңіл күйінің қандай екенін білуге болады.Егер ол құйрығын тік көтеріп тұрса,ол ашуланып тұр.ал егер құйрығы жайбырақат жатса ,ондай мысықпен ойнауға болады. Мысықтың көздері өте өткір, әсіресе олар түнде жақсы көреді. Кім біледі, мысықтар түнде нені аулайды? Тағы немен қоректенеді?Дұрыс айтасыңдар,ал оларды жуынуға ойнауға,тышқан аулауға кім үйрететінін білесіндер ме? Кішкентай мысықайларға арналған мектеп, балабақша жоқ сондықтан осынын бәрін енесі үйретеді.Олар ауырып қалса не істейтінін білесіңдер ме? Егер ауырып қалса, даладан емдік шөптерді тауып алып, ауырған жерлерін басады. Балалар енесінің қалай үйрететінін білгілерін келе ме? Ендеше біз қазір мысықтардың бейнесіне енеміз, мен сендердің мысық -енелерін боламын, ал сендер менің көңілді, ақылды мысықайларым боласыңдар.( Тәрбиеші мақта таяқшаларымен өзіне мұрт жасайды, балалардан өздеріне жасауларын өтінеді.) -Міне біз көңілді мысықайлармыз. Сендер неғылған әдемі, сүйкімді едіңдер.Қазір мен өзімнің мысықайларымды ойнауға,жуынуға үйретемін: кілем үстіне іштеріңмен жатыңдар, ішімізден арқамызға аунаймыз, қайтадан іштеріңе жатыңдар, алдыға қарай еңбектеп жүріңдер, артқа жүреміз,созыламыз; аяқтарымызды көтеріп жіппен ойнаған сияқты боламыз; енді артқы аяғымызға отырып құлағымызды қасимыз, енді жуынамыз.Шаршадыңдар ма? Ендеше бүктеліп жатыңдар,көздеріңді жұмып жылы пеш, тәтті сүтті, дәмді балықтарды елестетіңдер. Мысықайлар ұйықтап жатып мяу-мяу мяу; мяу-мяу-мяу дейді. - Мысықайларым менің, оянатын уақыт болды, бізді әлі талай қызықтар тосып тұр. Мысықайларым сендер айтыңдар ғой балық жегенді жақсы көреміз деп, ал көп балықтарды қайда кездестіруге болады? Ендеше мен сендерді су патшалығына серуенге апарамын. Серуенге біз сендермен мына денсаулық жолдарымен барамыз.Су патшалығының балықтары өте әдемі, міне қараңдаршы. Түстері де әр түрлі.Айтындаршы, мына балықтар неден жасалған? Тағы балықтарды қайдан көріп тұрсыңдар? Дұрыс бұл әйнек үй, орысша аквариум дейміз.Ішіндегі балықтары қандай? Ал мынау не? Ішінде не салынған? Балықтарды қалай салған? Осындай балық салғыларын келе ме? Ендеше бүгін біз суретті қылқаламмен емес,алақанымызбен салып үйренеміз, сендер мысықайларсыңдар ғой.Тәрбиешінің үлгісін қарастыру. Енді жақсылап тұрып қараңдар. (көрсетемін) Міне керемет,әдемі балықтар дайын не жетіспейді? Дұрыс оны мақта таяқшаларымен жасаймыз. Түсінікті ме? Ендеше сурет салуға кірісіңдер, болғанан кейін қолдарынды жақсылап сүртіңдер. Біз ұқыпты баламыз, Бояуларды аламыз. \ Қолымызды сілкіп-сілкіп, Балықтарды саламыз.

Балалардың өз бетімен жұмысы.

Мысық.

Мысық үйде тұрады.

Иіскеу үшін

Балалар мұқият тыңдайды.

Тышқанды. Сүт, балық.

Балалар қызығушылықпен тыңдап тәрбиешінің айтқанын істейді.

Тәрбиешінің айтқанын орындайды.



Мяу,мяу,мяу.

Көлде, өзенде, суда

Қызығушылықтарын танытады.

Қолдан, қағаздан

Аквариумнен Тірі,біз оларға жем береміз.

Шөптері,тастары,балығы бар.

Көзі,желбезегі

Балалар қайталайды.

Рефлексифті-коррекциялаушы

-Бүгін сендер не болдыңдар? -Сендерге не ұнады? Қандай қиыншылықтар болды? Маған мысықайлардың енесі болған өте ұнады. Ал енді менде мынандай сыйқырлы фотоаппарат бар, мен сендерді естелікке суретке түсіргім келеді. Міне суреттерің де дайын болды,мінекей. Енді бетімізді жуып адамдар қалпына айналайық, келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар сұрақт арға жауап береді.

Суреттерін алып мәз болады.

Күтілетін нәтиже: Білуге тиіс: үй жануары мысық туралы . Талапты болу: Бір-біріне көмектесуге. Қолынан келуі тиіс: мысықтың бейнесіне ене білу,алақанмен сурет салу. Өз ойларын жеткізе алу.

Автор: Жансейтова Клара Апеновна















© 2010-2022