Тіл дамыту. Ертегіде қонақта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Акбатырова Р.Б.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:«Ертегіде қонақта».

Мақсаты:Балаларды ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту. Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттері,слайд.

Сөздік жұмыс: бауырсақ,аю, қоян, түлкі

Билингвальды компонет: бауырсақ-баурсак, қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық

Күннің жылуын салайық

Жүрек жылуын салайық

Жиналған жылы шуақты бір-бірімізге сыйлайық

-Балалар қанеки, бір-бірімізге жылуымызды сыйлайық

Балалар шуақ шеңберін құрады.

Ұйымдастыру-шылық -ізденістік

- Балалар,сендер ертегі жақсы көресіндерме?

- Қандай ертегі білесіңдер?

-Бүгінгі тыңдайтын ертегілеріміздің аты «Бауырсақ»

Тәрбиеші балаларға ертегіні оқып береді.

-Ертеде кімдер өмір сүріпті?

-Шал кемпірге не дейді?

-Пісірген бауырсағы қандай болыпты?

-Бауырсақ не істейді?

-Бауырсақ қайда дөңгеленіп бара жатты?

- Оған кім кездесті?

-Ол қандай ән салды?

-Балалар түлкі қандай екен?

Билингвальды компонет: бауырсақ-баурсак, қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц.

Қимылды ойын « Қасқыр мен қояндар».

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық

Балаларңа ертегіні сахналауға көмек беру

Балалар ертегіні тыңдайды.

Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді?

  • Шал мен кемпір

  • Дәмді, сары болыпты

  • -Орманға дөңгелене кетеді

  • Қоян,қасқыр,түлкі.

  • Қу, арам екен

Жаңа сөздерді қайталайды.

Санамақ арқылы қасқырды таңдап,ойнайды.

Сергіту сәтін бірдей іс-қимылмен жасайды.

Балалар бірге қайталап, сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлексиялқ - түзетушілік

-Балалар біз бүгін қандай ертегіні тыңдадық?

-Ертегіде қандай жануарлар бар екен?

-Түлкң қандай болып шықты?

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды:ертегінің мазмұнын түсініп сахналауға арналған тапсырмаларды;

түсінеді : ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін;

қолданады : «қ» дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіру;




© 2010-2022