Кім зейінді ойын оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кім зейінді?» ойын оқу іс-әрекеті

Оқу іс-әрекеті мақсаты:1.Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,2.Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау, салыстыру қабілеттерін арттыру.3.Құрастыру арқылы балалардың қиялын шыңдау, есептерді шығару арқылы еске сақтау, ойларын жинақтау, ұқыптылыққа дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдері: санау, құрастыру, сұрақ - жауап, жұмбақ, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: сандар, үлестірмелі құралдар, тақта, геометриялық пішіндер. Оқу іс - әрекет барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Неше жыл мезгілі бар? (төрт жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз)
- Қазір жылдың қай мезгілі, айларын ата? (қыс мезгілі, үш айы бар желтоқсан, қаңтар, ақпан.)
- Жарайсыңдар балалар! Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
1- тапсырма: Геометриялық пішінді ата? Пішіндерді қолданып бейнелерді құрастыр.
2- тапсырма: Көрші санды тап.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық . 2, 3, 4, 5 алақанды соғайық, Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып. Біз шынығып алайық

Математикалық жұмбақ - есептер шешсін
Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді,қасына, Келді тағы бір күшік. Болады сонда қанша күшік?


Ағашқа қонды төрт торғай, Оған келіп қосылды бір торғай . Болды сонда барлығы неше торғай?


Алтыдан бірді алайық. Қанша қалды қарайық . Қарайық та санайық . Санайық та табайық

Табақта үш алма, Қолымда екі алма . Қосқанда барлығын . Болады неше алма?


Ойындар: «Не артық?» ойыны. Мақсаты: Балалар сурет ішіндегі артық затты табу.
«Не өзгерді?» ойыны. Мақсаты: заттардың санын санау арқылы, жоқ, орны ауысқан затты табу.
Логикалық сұрақтар: Үш бұрыштың неше бұрышы бар? Дөңгелекте бұрыш болама? Түлкінің құлағы қысқа, ал қоянның құлағы.... Күшік жүгіреді, ал қарлығаш.... Тасбақа жүреді, ал балық....
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстырады пішіндерді ажырата білді, логикалық сұраққа жауап береді.
Игеру: Неше деген сұраққа толық жауап беруді, сандарды ретімен қоюды үйренді
Меңгеру: Өз бетімен іс - әрекет жасап, математикалық есептерді шығара алады.





© 2010-2022