Ашық сабақ: «Суретші қыс» өлең

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: «Суретші қыс» өлең Күні: 14.01.2015ж

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Суретші қыс» өлең Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірбесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету. Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия. Сөздік жұмыс: суретші, ақ мамық

Оқу іс-әрекетінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шанамен зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгілі деп ойлайсың?

Шаттық шеңбер.

Сырғанақ.

Жасап қардан үйілген

Дөңге шығып бүгін мен

Маңайыма қарап,

Кеттім төмен сырғанып,

Жерге тимей табаны

Шанам зулап барады,

Қорыққам жоқ сонда да

Сужүрек деп ойлама.

(Қ.Баянбаев)

Қыс.



Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, бұл өлең шумағында не туралы айтылған?

-Қыс несімен қызықты?
-Қандай ойындар ойнаймыз?
-Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізде К.Нүсіповтың «суретші қыс» өленің жаттаймыз.

«Суретші қыс» өленің мәнерлеп оқып беру.

Өленнің мазмұнын ашу.

«Қар жинау» қозғалысты ойыны.

Өлеңді жаттау.

Сұрақтарға жауап береді.





Ойын ойнайды.

Өлеңді жаттайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қорытындылау

-Балалар, біздің жаттаған өлең шумағымызда не туралы айтылған?
3-4 баладан тақпақты жатқа сұрау.

Балалардың

жауабы.

.

Күтілетін нәтиже: Біледі: өлеңді жатқа айтуды. Игереді: ойын арқылы қыс мезгілінің ерекшелігін. Меңгереді: өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстырын.



© 2010-2022