Оқу іс-әрекеті, тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы

Дарынды балаларға арналған

№ 81 «Astana English School» мектебінің

Тәрбиешісі Елмағамбетова Г.И



Оқу іс әрекетінің тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ә дыбысы бар сөздерге мысал келтіріп, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрату арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс- әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер ,текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалардан өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталайды.

  • Балалар,дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар қалай аталады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?



  1. Негізгі бөлім.

Ә дыбысы және әрпімен таныстыру.

  • Балалар, кім ә дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?

  • Суреттен әтешті көріп отырамыз.

Әтешіміз «ақ»қанат

Күзетшідей қырағы.

Таң азаннан қақпада

Айғай салып тұрады.

Тіл ұстарту жаттығулары:

Ән,ән,ән

Қамба толы дән.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үлкен болып өседі

(Қимылмен көрсету).

5. Дәптермен жұмыс.

Ә дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Әтеш, әке, дәрі сөздерінде ә дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ә дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ә әрпінің баспа түрін жазады.

Торкөздегі ә дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастыру. Сөзжумбақ шешкізу.

6. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Ә дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады.

Осы сөздерге балалар сөйлем құрастырады.

  1. Қорытындылау:

-Балалар бізге барлық әріптерді үйрететін кітап «Әліппе» деп аталады.(Таныстыру. )

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.













© 2010-2022