Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін тәрбие сағат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін тәрбие сағатТақырыбы:Бірлігіміз жарасып,ынтымағымыз арта берсін!

Мақсаты:1. Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі жайлы

түсінікті ұғындыру.

2.Дүниетанымын кеңейту,сөздік қорын молайту,достыққа берік

бола білуге дағдыландыру.

3. Тәуелсіз Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттар

арасындағы татулық пен достықты нығайтып, достық қарым-

қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы,гүлдер мен шарлар, нақыл сөздер жазылған мақал- мәтел.

Кіріспе сөз.

Жүргізуші:

Біздің Ақмола облысында жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір- бірімен татулықта өмір сүріп, еңбек етіп жатыр.Барлық халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дамытудың қолайлы жағдайлары жасалған.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің,

Бүгінде бар әлемге даңқы жетті,

Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім!

1-бала. Әр алуан тірлікпен

Әлемде жатыр мыңдап ел.

Айнымас достық, бірліктің

Аймағын көрсең, мұнда кел.

2- бала.Қуат алған өзінен

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.

Ән:,,Біз балдырған баламыз,,.

Ойын:,,Ойлан да, жалғастыр!,,

Шарты: Суреттер бойынша әңгіме құрап, жалғастырады.

-Астана Қазақстанның Елордасы, ал Қима ауылы-.../біз тұратын ауыл/

-Біздің Отанымыз,біздің мемлекетіміз-.../Қазақстан/

Музыка қосылады.Құстардың үндері. Топқа бейбітшілік жаршысы-

ақ көгершін ұшып кіреді.

Көгершін: Мен ақ көгершін,көгершін

Есікті аш,ауланы аш,

Досың бола аламын,

Сендердей жақсы баланың.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!Мен сендерге алыстан ұшып келдім.Сендер бүгін қандай әдемісіңдер,сонымен қатар сендер өнерлі балалар шығарсыңдар?Балалар бір-бірлеріңмен татусыңдар ма?

Барлығы: Ақпыз,қара,сарымыз,

Біздер доспыз бәріміз.

Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайындымыз бәріміз.

3- бала.Дос дегенің асыл зат

Мәңгілікке таусылмас

Доссыз адам болмайды,

Бәрінен де сол қымбат.

4- бала.Достар бірге жүреміз,

Бірге білім аламыз.

Бірге ойнаймыз, күлеміз,

Міне біздер қандаймыз!

5- бала.Қыздырынып күнге біз,

Ән саламыз күнде біз.

Балдай тәтті достармыз,

Біз қашанда біргеміз.

Ән:,,Ағайындымыз бәріміз,,.

Жүргізуші: Мен қашан да жалғыз өмір сүрмеймін,

Жалғыз жүріп, жалғыз өзім күлмеймін.

Жер- жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

Ал, енді балалар достық туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

  1. Күлме досыңа, келер басыңа.

  2. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

  3. Дос сыртыңнан мақтар,дұшпан бетіңе мақтар.

  4. Доссыз адам- қанатсыз құс.

Көгершін:Балалар өте жақсы,тамаша екенсіңдер!Ал мен сендерге басқа ұлттың балаларын қонаққа алып келдім.Ал кәне,сол балаларды қарсы алып өнерлерін тамашалайық.

Олар: 1.Өзбек қызы-

2.Татар қызы-

3. Қазақ қызы-

4. Қазақ баласы-

Әр ұлттың костюмін киген бала сол ұлттың биінен үзінді билейді.

Ойын: ,,Достық неден басталады, достыққа не жатады?,,

Шарты:Жүргізуші төмендегі сөздерді айтады,балалар оған келісіп, ,,иә,, деп жауап беріп, қолдарын шапалақтайды.Келіспесе, ,, жоқ,, деп жауап беріп,қолдарын шапалақтамайды.

Достық танысудан бастала ма? Достық төбелестен бастала ма?

Достыққа қамқорлық жараса ма? Достық мазақтағаннан бастала ма?

Жүргізуші: Әрқашан дос, біргеміз, Достық жырын біліңдер.

Ажырамас іргеміз. Ту ғып ұстап бірлікті,

Ілгері жүріңдер. Еңбекті де сүйіңдер!

Жүргізуші: Елімізде әрқашан береке- бірлік болсын деген ниетпен аспанға балалар қолымыздағы көгершіндерімізді ұшырайық.

/Далаға шығып,шарға байланған көгершіндерді ұшырады/









«Құлыншақ балалар бақшасы»

















(Ертеңгілік)





Жаңа-Қима ауылы

© 2010-2022