Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы баяндама

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама :

«Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы»


Тіл - табиғаттың үлкен сыйы.
Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым - қатынасын біріктіреді, және көзқарастарын қалыптастырады. Дүниенің қыр - сырын танып білуге жол ашады.
Сондықтан, тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.

Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой - өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой - өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықты тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.

Тіл - адамдардың бір - біріне пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше.
Тілдің грамматикалық сөйлеу мәдениетін игеруде баланың сәби шағынан басталып, біртіндеп жетілетін кезең. Сондықтан баланы балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген оқу іс - әрекеттің көп уақыты балалардың тілдерінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалады.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.

Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
- Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
- Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі
- Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:
1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.
Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім. Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін айтқызуға болады.

Ауыл маңы саз, саз - саз,
Жайылады қаз, қаз - қаз.
Тоймай қалса қаз, қаз - қаз,
Шашқан дәнің аз, аз - аз.
Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ - қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш

Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті.


© 2010-2022